Аржы менеджментінің базалық тұжырымдамалары және көрсеткіштері
Қаржы менеджментінде қолданылатын экономикалық категориялар бухгалтерлік есеп берудің халықралық стандарттарына сәйкес қаржылық есеп элементтері болып табылады. Қаржылық есеп элементтері екіге бөлінеді:
- Баланстық есептің элементтері
- Қаржылық шаруашылық есептің нәтижесі туралы есептің элементтері.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру заңына сәйкес бес қаржылық есеп нысаны қарастырылады:
· Бухгалтерлік баланс
· Кірістер мен шығыстар туралы есеп
· Ақша қозғалысы туралы есеп
· Меншікті капиталдың өзгерістері туралы есеп
· Есеп саясаты немесе түсініктеме хат.
Баланстық есептің элементтері:
1. Кірістер―ШЖС-нің өткен келісімшарттар нәтижесінде пайда болған және болашақта табыс әкелу мүмкіншілігі бар. ШЖС-нің бақылайтын экономикалық ресурстары. Актив ретінде қарастырылатын ресурстар:
o Болашақта табыс әкелуге міндетті немесе табысты алуға қолданылуы қажет.
o ШЖС-нің меншігінде болуы тиіс.
o ШЖС-нің тікелей бақылауы нәтижесінде қолданылуы тиіс.
2.Міндеттемелер―дегеніміз ШЖС өткен кезеңдердегі операциялар нәтижесінде пайда болған компаниялардың ағымдағы борыштары. Оларды өтеу кезінде компаниялардың ресурстарының шығындалуы экономикалық пайда алуң мақсатында жүзеге асыралады.
Мінездеме. Баланстық есептің міндеттемелері:
o Болашақта экономикалық пайда табу мақсатында активтерге айналуы қажет.
o Оларды міндетті түрде өтеу қажет.
o Олар өткен кезеңдегі операциялардан туындалу қажет.
3.Капитал―дегеніміз ШЖС-нің активтердегі меншіктік үлесі активтердегі міндеттемелерді алып тастағандағы үлесі. Активтерден міндеттемелерді алып тастағанда анықталатын және баланстық есепте көрсетілетін қалдық сомасы. Бұл элемент жарғылық қордан және бөлінбеген табыстан тұрады.
Қаржы шаруашылық нәтижесі туралы есептің элементтері:
1.Табыстар, кірістер―дегеніміз шаруашылық қызметтің нәтижесінде активтердің қосылуы немесе түсуі және міндеттемелердің азаюы нәтижесінде экономикалық ресурстардың өсуі. Шаруашылық қызмет әр түрлі ұйымдастық- құқықтық нысандағы субъектіде қызметтің ерекшеліктеріне байланысты өнім өндіру, өнімді сату, қызмет көрсету, жұмыстарды атқару немесе рента, процент, лицензиялық төлем, дивидендтер ретінде табыс алуды көрсетеді.
Мінездеме:
o Негізгі табыс компанияның жарғысына байланысты алынған табыс болуы тиіс.
o Табыс алу бойынша негізгі қызмет үздіксіз және қайталанатын процесс болуы мүмкін.
2.Шығындар―дегеніміз табысты жоғарлату мақсатында шаруашылық жүргізу процесінде активтердің шығындалу нәтижесінде субъектінің міндеттемелері пайда болу кезінде экономикалық ресурстардың азаюы.
Мінездеме:
o Шығындар табыс алу процесімен бір кезде жүргізілуі, бір уақытта, бір мезгілде жүргізілуі қажет.
o Шығындар ретінде қарастырылатын элементтер актив ретінде немесе табыс алуға қатыссыз болса және құрылтайшыларға таза табыстан үлесін бөліп беру ретінде қарастырылса, бұл шығындар өндіріспен байланыссыз шығындар ретінде қарастырылады және есепті кезеңде табысты алуға байланысты шығындарға жатпайды.
4.Пайда―дегеніміз шаруашылық субъектіге әсер ететін негізгі және негізгі емес қызметтің нәтижесінде капиталдың өсуі. Бұл элементі қарастыру барысында акционерлік капиталға жарна немесе жарғылық капиталға жарна ескерілмейді. Пайданың негізгі мінездемесі шаруашылық операцияларды жүргізу кезінде нақты қызметтен алатын пайда немесе табыстар операциясы және жарғылық капиталға төлем туралы операциялар бөлінуі қажет.
5.Зиян шегу немесе залал―дегеніміз қызметтің жүргізу нәтижесінде капиталдың төмендеуі. Бұл элементі қарастыру барысында капиталды бөлу операциялары қарастырылмауы тиіс. Бұл элементінің негізгі мінездемесі шаруашылық операциялар, шығындалу операциялары және капиталды бөлу операцияларына нақты түрде бөлініп анықталуы қажет.
Қаржылық есеп элементтерін бағалау―дегеніміз ақшалай саладағы элементтің ерекшелігін анықтау процесі. Бағалау нәтижесінде элементтің мөлшері бекітіліп, балансқа және кірістер мен шығындар туралы есепке енгізіледі. Бұл ретте нақты бағалау әдісін таңдап алу қажет. Қаржылық есепті құрастыру процесінде таңдап алған бағалау әдісінің біреуі ғана қолданылуы қажет.
Қаржылық есепте үш бағалау әдісі қолданылады:
1.Тарихи құн әдісі. Бұл әдіс бойынша активтер оларды сатып алу кезіндегі эквивалентте немесе ақша қаражатында көрсетіледі, оларды сатып алу кезіндегі ұсынылған әділеттілік құн негізінде бағаланады. Ал міндеттемелер ұзақ мерзімді міндеттемелерді қабылдау , айырбастау кезінде алынған түсім негізінде бағаланады. Кейбір кездерде міндеттемелер ақша қаражаты немесе эквиваленті негізінде болашақтағы міндеттемелерді есепті кезеңнің нәтижесі жөнінде бағаланады.
2.Қалпына келтіру құны. Бұл әдіс бойынша активтер егер де эквивалент актив есепті кезеңде алынатын болса, олар қаржылық есепте есепті кезеңдегі ақша қаражаты және эквиваленті негізінде бағаланады. Қайта қалпына келтіру бойынша активтерді бағалау кезінде қаржылық есеп пен салықтық есеп арасында нәтижелік көрсеткіш бойынша айырмашылық пайда болады. Қайта қалпына келтіру әдісі бойынша міндеттемелер есепті кезеңде қабылданған және орындалған міндеттемелер бойынша ақша қаражаттары немесе олардың эквиваленттері қарастырылады.
3.Дисконтталған құн әдісі. Бұл әдіс бойынша активтер болашақтағы таза ақша ағымдары негізінде дисконтталған құн бойынша бағаланады. Ал міндеттемелер нақты кезеңдегі міндеттемелерді жабу эквивалентінде қарастырылады.
Әкімшілік жүйеден нарықтық экономикаға өту процесімен орыс экономистер Ресейдің экономикалық ерекшеліктеріне байланысты төрт көрсеткішті қарастырған.
1.Қосылған құн
Дата добавления: 2015-11-20; просмотров: 2541;