Аржы менеджментінің мазмұны

ЫСҚАША ЛЕКЦИЯ КОНСПЕКТІСІ

Тақырып 1.

аржы менеджментінің мазмұны

1 Қаржы менеджменті мәні және қызметі

2 Басқару объектісі және субъектісі

3 Табыс және шығын

Қаржы менеджменті― дегеніміз кәсіпкерлік қызметті қаржыландыдыруды ұтымды немесе тиімді басқару жүйесі. Қаржы менеджменті компаниялардың қаржы ресурстарын басқару немесе компаниялардың қаржы ресурстарын қалыптастыру, пайдалану, тарату және айналымдағы ақша қаражаттарын ұйымдастыруды басқару үшін қолданылатын әдістермен басқару шешімдерін іске асыру принцип терінің жүйесі.
Қаржы менеджментінің негізгі мақсаты салықты оптимизациялау болып табылады. Компаниялардың қаржысын басқару үшін екі қосалды жүйеден құрылады:

1. Басқару объектісі

2. Басқару субъектісі

Басқару объектісіне жататындар: қаржылық есеп, талдау, жоспарлау, болжау, бақылау, реттеу, салық салу, несиелеу, сақтандыру, лизинг, жалдау, факторинг, хеджерлеу және есептесу әдістері.

Басқару объектінің элементтері

  • Қаржы қатынастары
  • Қаржы ресурстары
  • Ақша айналылымы және қаржыландыру көзддері.

Барқару субъектісі әр шаруашылық жүргізін субъектісінің қаржы қызметі және оның бөлімшелері. Басқару субъектісі шаруашылық жүргізу субъектісінің көлеміне байланысты әр түрлі бөлімдердерден тұрады:

  • Қаржы бөлімі
  • Жоспарлау бөлімі
  • Маркетингтік бөлімдер
  • Есеп бөлімі
  • Бухгалтерия
  • Салықтық есеп бөлімі.

Қаржы менеджменттің түпкі мақсаты ШЖС-нің нарықтық құнын барынша көбейтуді қамтамасыз ету. Қаржы ресурстарын қалыптастыру және тиімді пайдалану табысты көбейту тетігін қолдана отырып, ШЖС-нің бәсекелестік деңгейін көтеру.

Қаржы менеджментінің орындау процесінде үш бағыт анықталған:

1. Табысты максимизациялау

2. Шығындардарды минимизациялау

3. Салықтарды оптимизациялау.

Қаржы менеджменті өзінің басты мақсатын орындау процесінде төмендегі міндеттерді атқаруы тиіс:

· Алдағы кезеңде компанияның даму саясатына сай келетін қажетті қаржы ресурстарының көлемін қалыптастыруды қамтамасыз ету;

· Компанияның ақша айналымын тиімді басқаруды қамтамасыз ету;

· Компаниялардың айналым активтердің қажетті өтімділік деңгейін қамтамасыз ету;

· Компаниялардың барлық даму кезеңдерінде қаржы тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету;

· Банкрот болудан қашу және ірі қаржы сәтсіздігін болдырмау;

· Бәсекелестік күрес жағдайында кәсіпорынның немесе компаниялардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

· Компаниялардың нарықтық құнын барынша молайту;

· Компаниялардың экономикалық потенциалын даму қарқының қамтамасыз ету;

· Компаниялардың қызметіне байланысты қажетті рентабелділік деңгейін қамтамасыз ету.

Әр экономикалық категориялардың мәні оның функциялары арқылы анықталады. Менеджменттің төрт функциясы бар:

1. Жоспарлау

2. Ұйымдастыру

3. Мотивация

4. Бақылау

Қаржы категориялардың экономикалық мәнін зерттеу барысында екі көзқарас қалыптасқан:

1. Бақылау

2. Бөлу.

Екінші көзқарас бойынша:

1. Қалыптастыру

2. Шығындалу (бөлу, тарату)

3. Бақылау.

Осы екі категориялардың функцияларын талдау нәтижесінде қаржы менеджментінің негізгі функциялары анықталған:

1. Қаржыны жоспарлау функциясы. Бұл функцияның атқарылуы қаржы менеджментінің қойылған мақсаттары мен міндеттеріне байланысты қаржы ресурстарын болжамдау және жоспарлау нәтижесінде анықталады.

2. Қаржыны бақылау. Бұл функцияның атқарылымы қаржы менеджментінің қойылған мақсаттары мен міндеттеріне байланысты жоспардың орындалу ерекшеліктерін анықтау мақсатында жүргізіледі.

 

Тақырып 2.








Дата добавления: 2015-11-20; просмотров: 2318;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.