Gt;> ("ввести из") операциясы енгізу оператор ретінде қолданылады; cin стандартты енгізу ағыны.
Мысалы, х- айнымалыға клавиатурадан санды енгізу: cin >> x;
Экранға х-айнымалының мәнін шығару: cout << x;
Меншіктеу операторлары және өрнектер
Бинарлық операторлардың көбісіне, яғни сол және оң жақ операндтары бар операторларға op=, меншіктеу операторы сәйкес келеді, мұндағы ор – + - * / % << >> & ^ ¦ операторларының бірі .
Мысалы, i=i+2 өрнегін қысылған түрде жазуға болады: i+=2.
Қысқартумен қатар меншіктеу операторлары адам қалай ойлайды, соған сәйкес келетін қасиетке ие. Күрделі өрнектерде жазбаны түсіну үшін жеңіл болып келеді. Меншіктеу операторы компиляторға тиімді код құрастыруына көмектеседі.
Меншіктеудің кез-келген өрнегінің мәні мен типі ретінде, оның меншіктеуден кейінгі сол жақ операндасының мәні және типі анықталады.
Бинарлық операциялар.Оған (+),(-),(/),(*), қалдықты табу (%) операциялары жатады. Екі оператор қатысатындықтан бинарлық деп аталады.
Унарлық операциялар.Екі түрі бар: инкрементация (1-ге ұлғайту) және декриментация (1-ге кеміту).
Арифметикалық операциялар:
- азайту немесе унарлық минус;
+ қосу немесе унарлық плюс;
* көбейту;
/ бөлу;
% модуль бойынша бөлу (Паскаьдегі mod);
++ 1-ге ұлғайту унарнлық операция (инкремент);
- - 1-ге кеміту унарнлық операция (декремент).
Операциялардың приоритеттері:
++, --, *, / , %, +, -
Сызықтық программаның мысалы:
#include <iostream.h>
int main ()
{
int a,b,c;
cout <<"\n";
cin >>a >>b;
c=a+b;
cout <<c;
}
Негізгі әдебиет: 6 [15-17], 8 [14-39]
Қосымша әдебиет: 18 [4-10], 17 [13-28], 19 [8-16]
Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 2806;