Дәріс 9. Тармақталған құрылымды программалау.
If шартты операторы. Оператордың форматы :
if (шарт) {Оператор1}
[else {Оператор2} ]
If шартты оператордың толық және толық емес формалары төменде келтірілген (1 сурет):
а) |
б)
|
1 сурет. а) шартты оператордың толық формасы;
б) шартты оператордың толық емес формасы
Шартты өрнектер
if(a>b) z=a;
else z=b;
ұсыныслары екі а және b мәндерінің ең үлкенінің бірін z-ке жібереді.
Си-де тернарлық оператор “?” бар, ол осы және оған ұқсас конструкцияларға жазбаның басқа тәсілін көрсетеді.
z=(a>b) ? a:b; // z=max(a,b)
Шартты өрнек шынымен де өрнек болып табылады және оны өрнек жұмысқа жіберілетін кез-келген жерде қолдануға болады.
Тармақталған құрылым толық және толық емес болып көрсетілуі мүмкін. Оған мысал көрсете отырып, нақты түсінік беруге болады.
Мысалы,толық салымды тармақталу (2 сурет), толық емес тармақты алгоритм (3 сурет).
if (x<=0)
if (x==0) y=0;
else y=-1;
else y=1;
2 сурет. Толық салымды тармақталу
|
3 сурет. Толық емес тармақты алгоритм
Мысалы, a,b айнымалыларының мәндерін өсу ретімен реттеу.
if (a>b)
{c=a; a=b; b=c;}
cout <<”a=”<<а <<”b=”<<b;
4 сурет.Екі санды өсу ретімен реттеу алгортимі |
Бұл мысалда құрамдас оператор қолданылған, ол фигуралық жақшаға алынған операторлар тізбегі.
Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 3163;