Дәріс 11. Массивтер.

Массив – деректер құрылымы, бір типті компоненттердің тиянақталған санынан тұрады. Массив компоненттеріне оның тұрған орнының нөмірі бойынша қол жеткізуге болады, бұл нөмірлер – массив копоненттерінің индекстері болып табылады.

Бір өлшемді массив.Бірөлшемді массивті баяндау:

Типі Аты [Элементтер саны];

Сипаттау форматы:

int a[5] = {1,2,3,4,5}; double b[3] = {2.2, 3.3, 4.4};

Квадрат жақшалар көмегімен массив өлшемі көрсетіледі, яғни ондағы элементтер саны көрсетіледі. Бұл параметр міндетті емес, яғни біз массивті баяндау кезінде оны бірден инициализациялап кетсек, онда жақшаға мәнді көрсетпеуге де болады, себебі компилятор массив элементтерін өзі санайды.:

int a[] = {1,2,3,4,5}; double b[] = {2.2, 3.3, 4.4};

Мысалы:

int a[5];

for (int i =0; i < 5;i++)

scanf ("%d", &a[i]);

Массивке қатынас оның индексі арқылы құрылады.

С/C++ тілдерінде барлық индекстер 0-ден басталады. Бұл міндетті процесс.

Көп өлшемді массивтер,бірөлшемді массивтерге ұқсас қолданылады. Көпөлшемді массивтер – массивтердің массиві.

Екіөлшемді массивті баяндау:

Типі Аты[Элементтер саны1][Элементтер саны2];

Мысалы:

int i[2][4] = {{1,2,3,4}, {5,6,7,8}};

Өлшемі 2х4 екіөлшемді массив құрылады. Көпөлшемді массивте элементтерді енгізу/шығаруға мысал:

#include <conio.h>

#include <stdio.h>

int main(){

int arr[2][4];

for (int i = 0; i < 2; i++){

for (int j = 0; j < 4;j++ ){

scanf ("%d", &arr[i][j]); } }

for (int i = 0; i < 2; i++){

for (int j = 0; j < 4;j++ ){

printf ("%d ", arr[i][j]); }

printf ("\n"); }

getch();

return 0;}

С/C++ тілінде define препроцессоры көмегімен массив элементтерінің санын тұрақты түрінде алдын ала беріп кетуге болады. Мысалы:

#include <conio.h>

#include <stdio.h>

#define SIZE_A 2

#define SIZE_B 2

main(){

int arr[SIZE_A][SIZE_B];

for (int i = 0; i < SIZE_A; i++){

for (int j = 0; j < SIZE_B;j++ ){

scanf ("%d", &arr[i][j]); }}

for (int i = 0; i < SIZE_A; i++){

for (int j = 0; j < SIZE_B;j++ ){

printf ("%d ", arr[i][j]); }

printf ("\n"); }

getch();

return 0;}

Яғни, мәнді бір ғана жерде алмастыра аламыз, және олар қалған жерлерде автоматты түрде алмастырылады. Бұл процесс компиляция кезеңінде орындалады.








Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 5803;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.