Дәріс. Мақсаты:қозушы құрылым ерекшеліктері туралы білім беру, ағзаның интегративті бірлігі ретінде нейронның ролін

 

Тақырыбы:Қозу. Қозғыш тіндердің тітіркендіру заңдары.

 

Мақсаты:қозушы құрылым ерекшеліктері туралы білім беру, ағзаның интегративті бірлігі ретінде нейронның ролін түсіну, бұлшықет жиырылу механизмін түсіндіру, негізгі бұлшықет жиырылу түрлерін және синапстың жұмыс механизмін сала білу.

 

Дәріс тезистері:

Қозғыш ұлпалар дегеніміз- қозуға қабілеті бар тіндерді атаймыз. Оның түрлері 3-еу: жүйкелік, бұлшықеттік және бездік. Ұлпада қозу туу үшін, оған тітіркендіргіштер әсер етуі қажет. Барлық тітіркендіргіштер 4 негізгі топқа бөлінеді: физикалық, химиялық, физико-химиялық және биологиялық. Физиологиялық тұрғыдан тітіркендіргіштердің екі түрі болады: үйреншікті жә Кез келген тітіркендіргіштің әсерімен ӘП тууы үшін қозғыш ұлпаның мембранасы иондарды өте жоғарғы түрде өткізуі қажет. Ол үшін мембранаға әсер ететін тітіркендіргіштің табалдырық күші төмен болуы тиіс немесе басқаша айтқанда тітіркендіргіштің күші тітіркендіру табанына сәйкес болуы керек.

v Табалдырық – қозуды тудыра алатын тітіркендіргіштің ең төменгі күші. Егер тітіркендіргіш күші қозу табалдырықтан төмен болса, табалдырықасты деп, ал табалдырықтан асса ол табалдырықтан жоғары.деп аталады.

v Тітіркендіргіш қозуды тудыру үшін:

1. Жеткілікті түрде күшті ( күшке байланысты заң).

2. Жеткілікті түрде ұзақ (уақытқа байланысты заң).

3. Жеткілікті түрде жылдам (айырмашылыққа байланысты заң).

Бұл қозғыш ұлпаның үш тітіркендіру заңы болып табылады.

2. Күшке байланысты заң.

Тітіркендіргіштің күшінің қозу табалдырығына тәуелділігі. Түгелдей немесе түк емес заңымен айқындалады.

v Осы заңға сәйкес, табалдырық асты тітіркену қозуды тудырмайды, ал табалдырықты тітіркендіргіш қозудың тууын жылдамдатады.

v Егер де тіт-ш күші өсетін болса, онда қайтаратын жауап та өседі.

v Тітіркендіргіш күші өскен сайын, аксонның белсендірілу саны да яғни жауапты реакция да өсе береді.

v Тітіркендіргіш белгілі бір шамаға дейін қаншалықты күшті болса, соншалықты ұлпа, жасуша, ағзаның жауапты реакциясы жоғары болады.

 

3. Уақытқа байланысты заң.

Уақытқа немесе тіт-ң табалдырық күшінің уақыт әсеріне байланыстылығы. Қозуды тудыратын тітіркендіргіш, ұлпада қозуды тудыру үшін, ұлпаға бірер уақыт, яғни жеткілікті түрде ұзақ әсер етуі қажет. Мұны Гоорьег-Вейс – Лапик зеттеген. Ұлпаға тітір-ш қаншалықты аз уақыт әсер етсе, соншалықты тіт-ш күші жоғары б.қ. Мұны Гоорьег-Вейс – Лапик қисығымен түсіндіруге болады.

v Реобаза – қозуды тудыратын ток немесе кернеуліктің ең төменгі күші.

v Пайдалы уақыт – қозуды тудыру үшін тіт-ш ұлпаға берілген күшпен әсер еткенде кететін уақыт.

Егер тітіркендіргіш күші екі реобазаға тең болса, мұндай тіт-ң пайдалы уақыт хронаксия болып табылады.

v Хронаксия – екі реобазаға тең тітіркендіргіштің пайдалы қысқа уақыт. Жүйке жарақаттанса хронаксия ұлғаяды.

1. Физиология және клиникада көз торшасы тепе-теңдік аппараты, сезімтал жүйке талшығы, бұлшықеттің хронаксия мен реобазаның анықтайтын арнайы құрал-хронаксимометр қолданады.

 

2. Қысқа уақыттың серпіністер, қаншалықты күшті болса да, қозу тудырмайды.

v Тітіркендіргіш қаншалықты ұзақ әсер етсе, соншалықты жауапты реакция күші болады.

 

4. Айырмашылық заңы.

 

Тітіркендіргіш қозуды тудыру үшін, жеткілікті түрде жылдам әсер етуі қажет. Тітіркендіргіш тек қана күш және әсер ету уақытымен, емес әсер ету күшінің жылдамдығымен, яғни градиент сипатталады. Егер де тканьде тітіркендіргіштің әсер ету күшін бірден өсірсек, онда оған кететін уақыт аз, ал біртіндеп өсірсек онда бұл әсер ету күшке ткань бейімделеді де бұл аккомадация деп аталады.

v Аккомадация - қозғыш ұлпалардың тіт-ш күшінің өсуіне бейімделуі.

v Егер де тітіркендіргіш күшін бірден өсірсек, оған кететін уақыт аз болады да, ұлпаның жауапты реакциясы жылдам туады. Ал жүйкені жай ғана қолмен басса жауапты реакция болмайды. Автоматиямен қабілетті талшықтардың (жүрек, ішек, асқазан) бейімделуі жылдамдығы төмендейді.

 

 








Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 4376;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.