Дәріс (2 сағат). Тұлғааралық қарым-қатынастың жастық ерекшеліктері.

Жоспары:

1. Нәрестелік шақ пен ерте балалық шақтағы балалардың айналадағы адамдармен қарым-қатынасы.

2. Балалар мен ересектердің алғашқы эмоциялық қарым-қатынастары, оның механизмдері.

3. Топтық тәрбиелеудің қарым-қатынасты дамыту үшін дұрыс жақтары.

Ана мен бала қарым-қатынас идентификациясы.Қазіргітаңдағы жаңа туған бала бет әлпет этологиялық белгілерін сақтайды, этологиялық белгі – ата-ананың мінез-құлық формасын сақтап қалуды қамтамасыз етеді. Бұдан басқа сәби пралингвистикалық белгілер жүйесіне (мимка, әсіресе күлу, жест және т. б.) өте жылдам дағдыланады.

Мұндай білім қарым-қатынас үшін өөте маңызды және сәбидің табиғи негізіне үлкендердің мінез-құлқын ұқсатып иеленуі арқылы қалыптастырады. Сәби 1-аптада оған көрсететін мимикалық іс-әрекеттерге еліктеуге қабілетті болады. Бұл жайында анасы өзі сәбиінің бет-әлпетіне үңіле қарайды,сәбиінен өзіне ұқсайтын мүмкіндіктерін табуға тырысады, кейін айқын іс-әрекет пен эмоционалды түрде мадақтау мүмкіндігін қайталап, жүзеге аспаған мимикалық және ішкі сезім потенциясын ары қарай жалғастырады.

Сәбидің паралингвистикалық белгілер жүйесі элементтеріне тек анасын емес, сонымен бірге ересектерді де елжіретеді. Мұндай сәбилік мимиканың ерекшелігі ересек адамдарды, әсіресе әйелдерді жігерлендіруге әсер етеді. Олар мұндай уақыттарда сәбиге сый беруге талпынады және күлімсіреп жауап беруін күтеді. Сәби өмірге келе салысымен, 1-аптадан бастап басқа адамдармен эмоционалды ұқсасуды үйренеді.

Өз кезегінде, сәбидің меңгерген қарапайым белгілер жүйесі анасындағы белгілі бір реакцияларға ынталандырады. Анасы үнемі сәбиімен қарым-қатынас үшін балалық мимика мен жестті қолдануды бастайды. Бұл деңгейде олар қарым-қатынас тәсілін теңдестіреді және идентификацияның белгілі бір дәрежесіне жетеді. Сәби анасының күлімсіреуіне түрткі болуын және жесттерін еске түсіруін өзі бастайды. Анамен қарым-қатынаста сәбидің күлімсіреуі анасына қуанышты көңіл-күй сыйлайды және осындай сүйіспеншілік үшін барлығын үйіп-төгіп бере салады. Біз мұнда идентификацияның дамыған өзара қарым-қатынасын байқадық. Бұл қарым-қатынас сәбидің ата-анасына, уақыт өте келе барлық адамдарға деген сенімділік сезімінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Ересектердің идентификациялық қарым-қатынасы 2 түрде болады: тікелей және арнайы пайдаланатын- балалармен қарым-қатынаста тәрбиелеу мақсатымен ықпал ету техникасы ретінде қарастырады және сәбидің ересектермен, ересектердің сәбимен идентификациялық қарым-қатынасы сәбидің адамзаттық текке эмоционалды қатыстылығына мүмкіндік туғызады. Сонымен, идентификацияның нақты механизмі әлеуметтік деңгейде сәби басқа адамның ұқсатқан мінез-құлқын еліктеу жолымен иелену арқылы әдетке айналдыруды бастайды.

Жеткеншектің ер жеткендермен қарым-қатнасы. Жеткеншек шақтағы жастардың ата-анасымен, мұғаліммен және үлкендермен қарым-қатнасы ержеткеннін сезіну арқасында құралады. Есейгендікті өз ойынша түсіне , жеткеншек үлкендермен қарым-қатнаста үлкендердің талабына алғашқы қарсылығын білдіріп белсенді өзінің құқығы мен тәуелсіздігін талап етеді. Жеткеншек көбіне өз құқығын тапталған деп сезінеді, үлкендердің оны елемейтінін көтере алмайды, орталықта болғысы келеді.

Жеткіншек сыртқы дүниесінде үлкендерге тікелей қарсы әрекеттерді жасағанымен шын мәнінде олардың қолдауын қажетсінеді. Көбіне ситуацияларда үлкендер еткіншектің досы ретінде болғаны пайдалы. Осы жағдайда үлкендер жеткіншекке жаңа өмірде өз орнын табуға , жаңа қатнастарды түзеле өз қабілетін бағалай білуге және өзін-өзі таный білуге көмек беруі мүмкін . Бірігіп жүргізілген іс-әрекет, біріге өткізген уақыт жеткіншекке үлкендердің онымен санасуы жайы жаңа түсінік қалыптасуына мүмкіндік береді. Осындай қарым-қатнас нәтижесінде терең рухани және эмоционалдық түйісу , бірігісу жеткіншектің өмірге қызығушылығын артырады.

Жеткіншек шақтағы балалар өте сезімтал болғаны себепті ,үлкендер жеткіншекке қолдау жасай , онымен ыңғайлы формадағы қатынаста ұстануы керек. Жеткіншек өзінің қыйындықтарымен , уайымдарымен , қызық оқиғаларымен бөлісуді қалайды, бірақ жеткіншек үшін тығыз жатқан қатнастарды бастау қиынға соғады .

Осы кезеңде жеткеншек үшін отбасының біркелкі талабы үлкен мәнге ие. Ол бұл кезде өзіне жауап кершілікті алу орны, өзінің құқығы жайлы көп орнайды. Егер жеткеншек оннан көп нәрсені күтіп жатқанын сезсе, ол жауапкершіліктен қашу мақсатында “ жақсы” көленкесіне тығылады, сондықтан жеткінше жаңа жүйені меңгеруі бейімденуі үшін үлкендер тарапынан талаптардың болуы қажет. Онай талаптар ереже бойынша жасалмайды.

Үлкендер жеткіншектерге кішкентай бала ретінде қараса олар мұндайда көбіне әр түрлі формада қарсылық, бағынбаушылықты көрсетіп, ертеде қалыптасқан қатнастарды озгіртуге тырысады. Сонда қарсылықтын әсерінен үлкендер жай саттылап жеткіншектермен жаңа формадағы қатнасты түзеуге міндетті болады. Бұл процесс барлық кезде де аурытпалықсыз отпейді, себебі үлкендерге бағынышты және тәуелді болған жеткіншектерге үлкендер тарапынан бірнеше факторлар әсеретеді. Олардың ішінде бөлік көрсететініміз экономикалық фактор (жеткіншек материалдық жағынан ата-анасына тәуелді) және әлеуметтіқ фактор (жеткіншек оқушының әлеуметтіқ орның сақтайды) осы факторлардың нәтіжесінде үлкендер және жеткіншектер арасында кикілжіңдер тууы мүмкін.

Жеткіншектің қарым-қатынасы оның көніл-күйне тікелей байланыста. Бір неше ауқыт аралығында ол түзуден қарама-қарсы өзгеру мүмкін. Қөніл-күйнің тез өзгеруі жеткіншекті қалпсыз реакцияға әкеледі. Сөйтіп бұл реакциялардың жүзеге асуы, үлкендердің қамқорлығының мақсатында болады. Бұл реакцияны шектелтіс формада үйден қашумен көрсетеді.

Жеткіншектің төзімсіздігі үлкендер тарапынан қысымды көтере алмауы, көбіне ситуациядан жәй “кете” салуға әкеледі. Жеткіншек әрекетін кейбір деңгейлері балалық кездің реакцияларымен сипатталады. Үлкендердің жеткіншектің қолынан келмейтін нәтіжені немесе жеткіншекке үлкендер тарапынан аз көніл бөлінуі, жеткіншекті оппазиция жасауна себеп болады. Ол мынадай сипатта болады: жеткіншек әртүрлі амалмен барлығының көнілін өзіне аударғысы келуі, басқа береуден көнілдерін өзіне аударуы.

Жеткіншек жасты сипаттауды олардың белгілі біреудің әрекетіне еліктеунен көруінізге болады. Жеткіншек көбіне, әлеуметтік өз орның тапқан. Мамандығын жақсы меңгерген, сыртқы бейнесі не көніл бөле еліктейді. Жеткіншектергі кейбір үлгідегі еліктеулер негативті әсерлер тігізеді. Мысалы: үлгідегі адамның тәуелсізх болмауы. Салыстырмалы түрде жеткіншектерге қарама-қатысы еліктеулер жиі кездеседі. Көбіне мүндай еліктеулер жеткіншекке қиыншылық пен қасиет әкеген әке-шешесіне еліктеу болады.

Жеткіншектін белгілі бір бағыттағы жұмысының әлсіз болуы екінші бағытта жұмысының женісті болуына тырысуын тоғызады. Өзін дамытуда іс әрекет тандалынғанда өте көп қыйыншыктар кездеседі.

Үлкендердің позициясының ұстануы, жеткіншектін дамыуна кері әсер тигізуі мүмкін. Авторитарлық позициядағы жеткіншекпен қатынас, оның психикалық және әлеуметтік дамыуына шектеу жасау мүмкін.

Авторитарлық тәрбие стилінің қыйындығы – бұл ата-ананың баламен байланысының кикілжендері ғана емес, осы себепті жеткіншектердің адамдармен достарымен қатнасуының стилі қалыптасады. Авторитарлы стилде тәрбилеуге балалар көбіне достарымен қатал, сүйіспеншіліксіз қатнаста болады: өзінің тәуелсіз екенің көрсетеді, үлкендерді сыйламау, өзін әлеуметтік ортада дүрыс ұстамау байқалады. Мүндай балалар өзі танымайтын ортаға түскенде өз ойы толық айталмайтың, көп сөйлейтің, өзін дүрыс ұстамайтың болады. Ал қалыпты дүрыс отбасындағы жеткіншек бұл уақытта қоғам талабына сай өзін ұстайтың, әрекетін алдын-ала болжауға болатың қарым-қатынасқа бейімді бала болады.








Дата добавления: 2015-10-26; просмотров: 4475;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.