Дәріс. (2 сағат) Қарттар психологиясы. Қартаюдың биологиялық, әлеуметтік критериялары мен факторлары.

1. Кемелдену жасының периодизациясы. "Акме" және акмеология ұғымы. Қартаюдың биологиялық, әлеуметтік критериялары мен факторлары.

2. Қарт адамның өмірінің әлеуметтік ситуациясы.

3. Қартаю периодизациясы. Қарт адамдардың жаңа психологиялық құрылымдары.

4.Қартаю жасындағы қарым-қатынас.

 

Кемел шақ кезеңін адамның жасы және рухының жай-күйі бойынша ежелгі гректер «акмэ» уақыты деп атаған, бұл қандай да бір нәрсенің шырқау шыңын, ең жоғарғы дәрежесін, адам тұлғасының ең жоғарғы гүлдену, «өзіне теңдестірілу» сәтін білдірген.Отандық психолог Н.Н.Рыбников «акмеология» терминімен жас ерекшеліктері психологиясының кемел жастағы тұлғаны – адамның барлық өмірлік күштерінің гүлдену кезеңін зерттейтін арнайы бөлімін белгілеуді ұсынды.

Кемел шақ кезеңі – тұлға өмір жолының шырқау шыңы,әсіресе, адамның дені сау, күш-қуаты, сергектігі, білімі, тәжірибесі жетілген кезінде. Адам бұл уақытта кәсіби шеберліктің шыңына және қоғамда белгілі бір орынға қол жеткізеді. Оның пікірімен әріптестері де, басшылары да санасады. Қағида бойынша, бұдан бұрынғы жас кезеңдеріне қарағанда, оның күш-қуаты азая түседі, бірақ кәсіби міндеттерін ол мол тәжірибесінің, өз жұмысын ұйымдастыра және айналасына көмекшілер жинай білуінің есебінен табысты шешеді. Бұл жас кезеңінде кәсіби тәжірибе және адамдармен қарым-қатынас тәжірибесі жинақталады. Тәжірибесін ары қарай беру қажеттілігі «шәкірт жасау», ізбасар арқылы іске асырылады.

Қырқыншы жылдардың дағдарысын еңсерген адам үшін көкжиек кеңейіп, өмірдің негіздемелері тереңдей түседі, жаңа және алысқа апаратын мәселелер пайда болады. Өмір қызықтырақ бола түседі, күнделікті проблемалар кейін ығыстырылады. Енді ауқымды іс-әрекеттерді жоспарлау мен ұйымдастырудың жалпы мәселелері көбірек қызықтыратын болады. Жастардың өз өмірлерінің өктем сатысындағы дамуын бақылай отырып, бейтаныс және терең қуаныш сезімін бастан кешіреді. Бұндай жағдайда жастарға кеңесімен не ісімен көмек көрсетіп, олардың ризалықтарын алуға болады. Бұл әсіресе кәсіби тұрғыдан жастарға білім берумен және олардың тәрбиесімен айналысатын адамдар үшін маңызды.

Бұл жаста жаңа шығармашылық қабілеттер пайда болады; мысалы, 35 жаста жақсы прокурор немесе белсенді басшы болуға болады, бірақ қазір көрнекті заңгер және ақылды, жақсы бастық болады. Жүйелі түрде дамитын адам өмірінің елуінші жылдарының ортасында екінші шығармашылық шарықтау шегіне жетеді.Ол өзінің өмірлік тәжірибесін жинақтап қорытып, оны ретке келтіре алады және оны өз жұмысына ендіру үшін оның өмірлік күштері әлі де жеткілікті болады. Бұл жас – барынша көп және ауқымды жетістіктер кезеңі.

Кемел жастағы адам тұлғасына неғұрлым тән белгілер ұмтылыстарының шынайылығы, өндірістік, отбасылық және жеке өмірінде өзін-өзі жүзеге асыру барысына баса көңіл бөлу, өз даму кеңістігі үшін күрес, өз денсаулық жағдайына баса көңіл аудару, эмоционалдық икемділік, тұрмыстағы тұрақтылыққа деген құштарлық болып табылады.

Адамның ересектік шақ дағдарысында табатын құндылықтары – саналы болмыстың құндылықтары. Кемел жастағы адам оларды өзінің өмір туралы түсініктеріне сәйкес деп мойындап, немесе олардың орнын басатын ретінде дамытып қана қоймай, сонымен қатар, осы құндылықтарды сақтап, олардың иеленушісі болып табылады, оларды өзінің жеке өмірінде іске асырады.

 

«Жоғарғы «менді» іздеуде, - деп жазады Б.Ливехуд, - адам барлық психикалық қасиеттер солардың көмегімен осы рухани болмысты жаулап алуға немесе жеңуге болатын күштерге айналатын рухани шындықтар әлеміне тап болады. Әрбір рухани қадам басқан сайын, феноменологиялық тұрғыдан көріне отырып, жаңа кездесулерімен жаңа ландшафт ашылады, алайда, олар даму сатысының басында үнемі жағымды ғана бола бермейді. Өмірдің үшінші үлкен даму сатысы (қытай мәтелі бойынша, даналыққа жету сатысы) қырқыншы жылдарда, дәлірек айтсақ, 42 жаста басталады. Бұл орта мәнде әрбір жеке жағдайда жылдамырақ немесе баяуырақ даму орын алады»[1].

Кемел шақ кезеңінің басталуы – өте қызу уақыт. Биологиялық тұрғыдан өмірлік күштердің сарқылу уақыты басталады. Әйелдерде, бұдан басқа, репродуктивті кезеңнің анық көрінген аяқталуы осы жылдарға дөп келеді. Өмірлік күштердің сарқылуы дене ұлпаларының инволюциясына негізделеді. Адам денесінің әрбір мүшесінің өз өмір қисығы болады. Кемел жастағы әрбір адам сондай-ақ өз тәжірибесінен өкпе ұлпасының икемділігі азая түсетіндігін біледі; бұл кетіп бара жатқан трамвайдың немесе автобустың соңынан қатты жүгіргеннен кейін адамның, бұрынғымен салыстырғанда, ұзағырақ дем алысын қалпына келтіре алмауынан анық көрінеді. Бүкіл бұлшық еттер де икемділігін жоғалтады; бұл кемел жастағы адамның сол бір жұмыстың өзіне жас кезіндегіге қарағанда көбірек күш-қуат жұмсауына алып келеді. Бұл өзгеріс біртіндеп келеді. Көбінесе бұны ол анық көрінетін белгілі бір жағдайда, кенеттен байқайды. Ең маңызды және ең белгілі өзгеріс – эндокринді бездердің өзгеруі. Еркек пен әйелдің жыныс бездері қызметінде инволюция үдерісі басталады.

Кемел шағында адам өзінің барлық дерлік ішкі сезім күштерінің нағыз басқарушысына айналады; олар енді шындық өмірдің кемелдігін оның барлық өлшемдерінде: іс-әрекеттерде, қатынастарда, дүниеге көзқарасында қалыптастыра отырып, саналы түрде іске асырыла алады.Мәселен, кәсіби шеберлікте хабардарлықты үздіксіз дамыту, мамандануды тереңдету, типтік тапсырмалар мен жағдайларды тез тану орын алады, бұл жадындағыны кеңінен іздестіру қажеттілігін, проблемаларды шешуде жалпылама ойлау дағдыларын барынша азайтады. Жұмыс барысында көбінесе тек өздеріне сенулеріне – көп ойлауларына, ынталылық танытуларына, өздігінен шешімдер қабылдауларына тура келетін кемел жастағы адамдар интеллектуалдық икемділіктің жоғары деңгейін көрсетеді.

Психолог Г.С.Абрамова кемел шақ кезеңінде адамның алдында тұратын, оларды шешу үшін ерекше қабілеттіліктер талап етілетін ерекше өмірлік міндеттерді бөліп көрсетеді. Әйелдің алдында тұрған міндеттер оның өзіне де, сондай-ақ жақындарына да қатысты алынған өмірлік міндеттемелерінің бағалануымен байланысты. Бұған оны көптеген шынайы және күшті әрекет етуші факторлар – өз физиологиялық жағдайының өзгеруі, отбасы құрамының және отбасындағы өз рөлінің өзгеруі (әже, ене), жоғары кәсіби деңгейге қол жеткізуі итермелейді.

Әйелге күнделікті қам-қарекеттен бас көтеріп, өз өміріне сапалық тұрғыдан басқаша көз салу, өзіне, өзінің қажет екендігіне, өзінің құндылығына деген сенімділігін қайтадан иелену қажет. Осылайша ол өзі үшін өмір сүру өнерін ашып, оған үйрене отырып, үй философына айналады. Кемел шақ кезеңі – әйелдің өз Менінің шекараларын жаңарту есебінен, өз өмірі мағынасының кемелдігіне жету есебінен қоғамда, отбасында, өз көзінде маңызды орынға қол жеткізу үшін өз бойынан күш таба алатын уақыты.

Еркек өз кәсіби саласында бағалы жұмыскер болып қала береді. Алайда ол өзгеше жұмыс істейді – басты мәселені екінші кезектегі мәселеден ажырата біледі, қажетті мәселелерге толығымен ықылас қояды және жоғары нәтижелерге қол жеткізеді. Басты мәселені екінші кезектегі мәселеден ажырата білу сонымен өз жан құбылыстары байланысты болатын өмірдің жалпылама тұжырымдамасының қалыптасу нәтижесі ретінде келеді. Еркек үшін кемел шақ кезеңі – өзінің және жақын адамының қартая бастауының белгілерімен нақты көріністерде үнемі көріне бастайтын өліммен ашық күрес. Кемел шақ кезеңінің ортасына қарай қарапайым еркек, бір күннің ішінде өмір салтын өзгерту туралы шешім қабылдап және оны адам қызығарлық тақуалықпен жүзеге асыра отырып, өзі үшін өмір қуаныштарын ашқандай болады. Егер әйел үшін отбасы мен жұмысы өте маңызды болса, еркек үшін достары мен жалпы алғандағы қоғам одан кем маңызға ие болмайды. Отбасынан тыс байланыстар орнату жөніндегі өмірлік міндеттердің тұтас жиыны пайда болады.Қалыпты психологиялық көңіл-күй үшін еркектің «менің клубым» деген сияқты қарым-қатынас шеңбері болуы қажет[2].

Б.Ливехудтың атап көрсетуінше, кемел жастағы әйел үшін екі мүмкіндік бар. Біріншісі – жағымсыз реакция, ол әйел жаңа өмірлік мақсатын таппай, енді тек: «Мен ешқашан өзім үшін ештеңе жасай алмадым. Бәрі тек отбасы үшін, ертеден қара кешке дейін мен тек жұмыс істеумен болдым, тым болмаса, кітап оқуға да уақытым ешқашан болған емес, көбінесе мен бір нәрсе істеу үшін бәрі бір тым шаршап кететінмін. Енді тым кеш. Балалар үйден кетті. Күйеуім өз мамандығына беріліп жұмыс істейді, ал мен құр алақан қалдым», - деп шағымданатын жағдайда пайда болады. Содан ол долданып үй шаруасына кіріседі, өзі де таза нәрселерді тазалап, қиялдағы шаңды сүртеді, жалғыз өзі бүкіл жұмысты істеуі тиіс екендігіне үздіксіз шағымдана отырып, айналасындағыларды жәбірлейді.

Даму мәселесі анализінде басқа тәсіл аз емес тарихы бар, бихевиоризмен байланысты. Бұл бағыт эмпирикалық философияда терең тамыр жайған және адам жайында ағылшынның таныстыруында айтып кеткен. Адам бұл - оны қоршаған орта қалай жасайды, солай қалыптасады. Америкадағы психология бағыты, даму-түсінігі ғылымнан алыстатылды. Бұл концепцияға Павловтың идеялары әсер етті. Ағылшын психологтары Павловтың идеясын істей алатын қимыл қозғалыс барлық өмірде мінезделеді. Ең негізгі, ағылшын психологтары Павловтық принцип шарттырефлекс, Уотсонның жаңа концепцияға қайта жұмыс істеу. Ағылшын психологиясына ғылыми эксперимент кірді, ал Павловтың тамақтандыру ғылымымен байланысты. Павловтың бұл эксперименттік түсіндіруі 1897 жылы шықты, ал Дж. Уотсондікі 1913жылы шықты.

Зерттеулерде стимул және реакция, шартты және шартсыз стимулдарды зерттеу басталды. Осындай ассоциянистік концепция шықты. Зейінді зерттейтін ғылымдар шартсыз стимул жаңа ассоциятивті стимулға байланысты, негізгі акциент қатайтумен байланысты. Сұраққа жауап, ғылым байланыс бағдар байланыс және реакция арасындағы байланыс қарастырылады, бұл жағдайда зерттелуші аш,ауру.

Кейінірек американдық психологтар: бағдар рефлекциясына көңіл бөле бастады. 50-60жылдары кеңес психологтары Е.Н.Сокалов және А.В.Запорожей қарады. Ал Берлайк стимулдар, интенсивті, қимылдық түс, анық еместік және т.б. қарады. Алайда Берлайн т.б. ғалымдар сияқты, рефлексивті нейрофизиологиялық мидың мәселесін қарады.

Еуропалық елдерде даму процестерінің серекшеліктеріне көп көңіл бөлді. Оларды философия және онтогенездегі даму деңгейі нгемесе этапы қызықтырады. Павловтың жұмысынан кейін Э.Торндайктың, В.Келлердің жұмыстарынан кейін К.Бюлер бұл деңгейдегі, олардың пайда болуымен миының жетілуімен және қоршаған ортамен қарым-қатынас кезіндегі қиыншылықтармен байланысты, сонымен қоса аффективті процестердің дамуымен байланысты, рахаттанудың, уайымдаудың дамуымен және де іс-әрекетпен де байланысты.

Эволюция кезінде мінез-құлықтың рахаттануды сезінуінен бөлінеді «басынан аяғына дейін». Оның ойынша, институттың бірінші деңгейі-рахаттану қажеттіліктері қанағаттандырған кезде болады деген, яғни іс-әрекеттен кейін. Дағды деңгейінде рахаттану іс-әрекеттің процеске жетеді.

Осыдан кейін «функционалды рахаттану» пайда болады, алдын ала рахаттану, бұл интелектуалды жауапты шешу деңгейінде болады. Осылайша рахаттану өтуі «басынан аяғына дейін»,Б.Колер бойынша бұл схеманы онтогенез ауыстырады. Балаларға эксперимент жасай отырып, бұл экспериментті В.Келер шимпонзеге жасаған.Бала психикасының дамуынан зерттеуге жануар психологиясына жасаған эксперименттер басты қадам болды. В.Вундтың айтуынша:бала психологиясы болмайды, өйткені онда өзін-өзі бақылау болмағандықтан.

К.Бюлер өзін ешқашан биогенетис деп санамады. Оның жұмыстарында биогенетикалық концепциасына сын айтқан. Алайда оның көзқарастары- реакнтуляция концепция терең пайда болуын көбірек қарағанғ баланың дамуы жануардың даму сатысынан алыстатылады.

Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша: К.Бюлер бір танымалыға факті жасауға тырысты, биологиялық және әлеуметтік-мәдениеттің дамуы және баланың дамуына әсер еткенін айтып кетті.

 


[1] Ливехуд Б. Кризисы жизни – шансы жизни. Калуга, 1994. С.77.

[2] Абрамова Г.С. Возрастная психология. М., 1997. С.641-650.








Дата добавления: 2015-10-26; просмотров: 7415;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.