Көшу операторы.
Басқа операторларға басқаруды беру үшін қолданылатын оператор
goto идентификатор1
Идентификатор берілген функциядағы жергілікті метка болу керек.
Таңдау операторы (switch)шартты оператордың бір түрі. Таңдау шарты бірнеше болған жағдайда қолданылады. Оның синтаксисі:
switch( анықталған мән)
{
case мән1: //денесі
break;
...
...
case мәнN: //денесі
break;
default: // денесі
}
Мұндағы анықталған мән – метка, switch таңдау операторы денесінде біздің программамыз осыны табатын болады.
Case – таңдау операторы.
Default –default таңдау операторы case таңдау операторларының бірі қажетті санды қамтымаған жағдайда орындалатын болады. Яғни «анықталған мәнмен» ештеңе сәйкес келмесе, онда жасырын түрде – default орындалатын болады. Case мәні мен default соңына міндетті түрде қос нүкте қойылады.
Логикалық операциялар. Логикалық операцияларға мыналар жатады:
ЖӘНЕ (&&)- логикалық көбейту, оны конъюнкция деп те атайды.
НЕМЕСЕ (| |) – логикалық қосу, дизъюнкция деп аталады.
ЕМЕС (!) – логикалық терістеу, инверсия.
Логикалық операциялардың операндалары бүтін типті, жылжымалы үтірлі типті немесе нұсқағыш типті болуы мүмкін, және де әрбір операцияда түрлі типті операндалар қатыса алады.
Логикалық өрнек операндалары солдан оңға қарайғы бағытта орындалады. Егер бірінші операнданың мәні нәтиже алуға жеткілікті болса, онда екінші операнда есептелмейді.
Логикалық операциялар стандартты арифметикалық түрлендірулерді қажет етпейді. Олар әрбір операнданы нольге эквиваленттік көзқарасы тұрғысынан бағалайтын болады. Логикалық операцияның нәтижесі 0 немесе 1 болып табылады, нәтиже типі – int.
ЖӘНЕ (&&) логикалық операциясының мәні «ақиқат» болады, екі операнда да ақиқат болса, қарсы жағдайда «жалған».
НЕМЕСЕ (| |) логикалық операциясының мәні «ақиқат» болады, егер екі операнданың бірінің мәні «ақиқат» болса, қарсы жағдайда «жалған».
ЕМЕС (!) – логикалық терістеу операциясында «ақиқат» мәннен «жалған», «жалған» мәннен «ақиқат» нәтиже шығады. Яғни келген мәнді терістеп отырады.
Кесте.
Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 3378;