Дәріс 8. Символдармен және қатарлармен жұмыс.

С/С++ тіліндегі қатар – бұл символдар массиві. Баяндалу форматы:

 

Char аты [ ] = {“Хабар1”,”Хабар2”, … ,”ХабарN”};

 

Мысалы,

char str[] = "Бұл жәй қатар ";

Осы жолды былай жазуға болады:

char str[]={'Б','ұ','л','ж','ә','й','қ','а','т','а','р'};

 

Массив ретінде қатармен әрі қарай жұмыс жасауға болады
Мысалы: енгізілген сөзді жоғарғы регистрге аудару:

#include <conio.h>

#include <stdio.h>

int main()

{ char str[] = "sergey";

for (int i=0; str[i] != '\0';i++){

str[i] -= 32; }

for (int i=0; str[i] != '\0';i++){

printf ("%c", str[i]); }

getch();

return 0;}

Сан кодын алу үшін printf функциясында %d спецификаторы қолданылады. Кез келген қатардың аяғы ноль –терминатор болып табылады, ол - '\0' арнайы сиволдарымен белгіленеді.

Қатарды көрсетудің тағы бір тәсілі, оны char* арқылы белгілеу. Мысалы:

char *str = "provod";

Яғни, қатарға жадының бір жерінде орналасқан нұсқағыш құрылады.
scanf операторы арқылы қатар былай енгізіледі:

char str[16]; scanf("%s", str);

Адресті алу белгісінің бұл жерде қажеті жоқ, себебі массив аты адрес болып табылады. Енгізілетін қатар ұзындығы 15 символдан аспау керек, себебі соңғысы ноль-терминатор болуы міндетті. Компилятор бұл символды сіз енгізген соңғы символдан кейін өзі қояды.

Си тілінде қатарлармен және символдармен жұмысқа арналған тіркелген функциялар бар. Қатарды өңдеу үшін ctype.h файлы қосылу керек. Бұл файл регистрді анықтау, символдар форматын анықтау функцияларын қамтиды.

Қатарды басқа типтерге аудару үшін stdlib.h кітапханасы қолданылады. Оның функциясы:

 

int atoi (char *str)

long atol (char *str)

double atof (char *str)

Қатардан жылды немесе цифрлық мәнді алу керек болғанда осы функцияларды қолдануға болады.








Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 3836;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.