Бақылау сұрақтары. 2. Си тіліндегі құрылым қалай баяндалады?

1. Құрылым деген не?

2. Си тіліндегі құрылым қалай баяндалады?

3. Құрылым компоненттеріне қалай қол жеткізуге болады?

4. Біріктіру деген не, Си тілінде біріктірулер қалай сипатталады?

5. Құрылымдармен, біріктірулермен қандай операциялар орындауға болады?

 

Дәріс 14. Функциялар.

 

Функцияның жалпы синтаксисі:

Қайтарылатын мән Функция аты (берілетін параметрлер)

 

мұндағы:

- Қайтарылатын мән функцияның қайтарылатын мәнінің типі көрсетіледі, егер функция ешқандай мән қайтармайтын болса, онда функцияның қайтарылатын мәні ретінде void (бос) типі қолданылады;

- Функция аты – кез келген дұрыс идентификатор, тапсырманың мағынасына байланысты ат болғаны дұрыс;

- Функцияның берілетін параметрлері әрқалай, параметрлерін бермеуге де болады, мысалы, функция қандай да бір хабар шығаратын болса, сондай-ақ қажетті көлемде көп параметрлер беруге де болады.

Функцияға мысал:

#include <conio.h>

#include <stdio.h>

// Символ кодын қайтаратын Функция

int simvol (char ch){

return ch;

}

int main()

{

int player[5];

char ch = 'a';

printf ("%d", simvol(ch));

getch();

return 0;}

Функцияны шақыруға мысал:

simvol(ch); // char типті айнымалы беру
getch(); // ештеңе бермеу

Функцияға берілетін параметрлер осы функция типіне сәйкес болу керек.

Си тілі құрылымдық тіл, оны бірлігі дәл осы функция болып табылады. Бірнеше мәрте қайталанатын ақпараттың көшірмесін жұмысқа қосушы қуатты құрал болып табылады, сондай-ақ программаның өнімділігін арттырады.








Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 2035;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.