Бақылау сұрақтары. 1. Ақ ноғана ауруларына жалпы түсінік беріңіз.

1. Ақ ноғана ауруларына жалпы түсінік беріңіз.

2. Сырқаттың жіктелу тәртібінің тізімін беріңіз.

3. Этиопатогенезі не болып табылады?

4. Әсер ететін мәмбірлерге не жатады?

5. Сырқаттың әр түрі қандай ерекше клиникалық көріністермен сипатталады?

6. Ақ ноғана ауруында жиі кездесетін асқынуларды атаңыз.

7. Сырқаттың әр клиникалық түрінде қанда қандай айқын өзгерістербайқалады?

8. Дерт анықтамасын жүргізгенде қандай зертханалық тексерістерді қолданады?

9. Ақ ноғана ауруының негізгі емдік қағидасын айтыңыз.

10. Сырқаттың болжамын айтып шығыңыз.

11. Мейірбикенің педагогикалық аспектідегі жұмысына сипаттама беріңіз.

 

 

Лимфогранулематоз

Бұл лимфоидтық тіннің ісік ауруы. Біріншіден өзгеріс лимфоидтық жүйеге жататын мүшеде пайда болады, кейіннен ісік торшалары басқа лимфа түйіндеріне және ішкі ағзаларға тарайды.

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың жалпы белгілеріне әлсіздену, тез шаршағыштық, терлегіштік жатады. Науқастың дене қызуы көтеріліп, терісі қышынып, арықтайды. Сырқат 4 кезеңмен сипатталады. Бірінші кезеңінде аурудың белгілері аса білінбейді. Мойын және бұғана үсті бездері үлкейеді. Ұстағанда олар серпімді, тығыз болып келеді, ауырсынған белгі бермейді. Науқастың жалпы жағдайы онша өзгермейді. Сырқаттың екінші кезеңінде үлкейген лимфа түйіндерінің саны көбейеді. Олар тығыздала түседі, көрші тіндермен жабысып, шоғырланады. Науқастың жалпы жағдайы нашарлайды: әлсізденеді, тершеңдік байқалады, дене қызуы көтеріледі, терісі қышиды. Ұстағанда лимфа түйіндерінің ауырсынуы сезіледі. Сырқаттың үшінші кезеңінде айтылып кеткен клиникалық белгілер айқындала түседі, улану белгілері өрши түседі. Сырқаттың төртінші кезеңінде ағза түгелімен зақымдалады: ішек, бауыр, бүйрек, өкпе және басқа мүшелердің қызметі бұзылады. Бұл кезеңде жұқпа асқынулары жиі кездеседі.

Дерт анықтамасы. Клиникалық белгілеріне және қан анализінің көрсеткішіне, лимфа түйіндерін биопсия жолымен тексеріп, нәтижесіне сүйене отырып диагноз қойылады.

Емі. Сырқаттың емі кезеңіне байланысты. Бірінші - үшінші кезеңінде науқасты жазып шығару, ал төртінші кезеңінде аурудың ремиссиясын ұзарту мүмнкіндігі бар. Негізгі емі – сәуле емі болып табылады. Сәулеге зақымданған лимфа түйіндерімен қоса зақымдануы мүмкін лимфа түйіндері де түсіріледі. Сәулеге түсірілетін аймақтың көлемі зақымданған лимфа түйіндерінің орналасуына байланысты. Көп аймақты сәулелендіру тәсілінде алдымен зақымданған аймақ, содан кейін арнаулы үзілістен кейін көрші аймақтар емделінеді. Сәуле емімен қоса цитостатик дәрілеріде әртүрлі комбинациямен беріледі. Сырқаттың ауыр түрінде осы емдерді жүргізе отырып, көк бауырды алып тастайды.

Болжамы. Сырқаттың болжамы кезеңіне байланысты. Емделген жағдайда науқастың еңбекке деген қабілеті сақталады, аурудың қайталануы сирек байқалады.

Алдын алуы. Нақты алдын алу жоқ. Екіншілік алдын алуы аурудың қозуын тоқтату (күннің көзіне түспеу, суық тигізбеу, күнделікті емін қабылдау). Диспансерлік нұсқау бойынша гематолог пен, терапевт пен қаралып тұрады. Қаралған сайын зертханалық тексерістен өтеді (қан құрамын кең көлемде тексереді, қанның ақ түйіршіктерінің саны мен сапасы анықталынады). Емдік-салауатты шараларына йондайтын радиация, химиялық заттармен жұғыспауға тырысу жатады. Реабилитация шараларында (үшіншілік алдын алу) физиологиялық жағдайды күшейту көрсетілген.

 








Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 1283;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.