Бақылау сұрақтары. 1. Сізге таныс ішкі сөлденіс бездерін атап шығыңыз.

1. Сізге таныс ішкі сөлденіс бездерін атап шығыңыз.

2. Ішкі сөлденіс бездері қандай қызмет атқарады?

3. Ішкі сөлденіс бездері ауруларының негізгі клиникалық белгілері немен сипатталады?

4. Сырқаттарға дерт анықтама жүргізгенде қандай зертханалық және құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері қолданылады?

 

Уытты жемсау

Уытты жемсау (тиреотоксикоз, Базед ауруы) – қалқанша без бір келкі ұлғайып, гормондарды тым көп бөлуімен сипатталатын ауру. Қалқанша без түзетін үш – йод – тиронин мен тироксин атты гормондар тым көп болса, дененің бір қатар ағзалары мен жүйелері зақымдалады. Алғаш рет 1849 жылы жемсау ауруында көздің бадыраюы (экзофтальм), қалқанша бездің үлкеюі (жемсау) және жүректің жиі соғуы (тахикардия) белгілерінің ауруға тән екендігін дәлелдеп берген көз дәрігері Базедов болатын. Соған орай бұл ауру Базед ауруы деп те аталады. Уытты жемсау барлық аймақтарда кездесіу ықтимал. Көбіне оған жасы 20 – 50 жас шамасындағылар шалдығады. Ерлерге қарағанда әйелдер 10 есе жиі сырқаттанады. Өйткені, етеккір келу, жүктілік, босану, климакс сияқты әйел ағзасының аумалы – төкпелі кезеңдерінде сыртқы мәнбірлердің кері әсерлері қосарланады, сол себептен ішкі сөлденіс бездерінің төзімделегі кемиді.

Этиологиясы мен патогенезі. Бұрынғы ұйым бойынша, уытты жемсау қатты қайғылы жағдайдан кейін дамиды деп есептелінетін. Күйзеліс мидық гипоталямус бөлігін қоздырады, оның әсерінен гипофиздің алдыңғы бөлігінен тиреотропин тым көп бөлінеді. Тиреотропин қалқанша бездің жұмысын жандандырып, ондағы без торшаларын көбейте түседі де, бездің жалпы көлемінің ұлғаюына себеп болады. Соңғы кезде уытты жемсау мен ауырғандардың қанындағы тиреотропиннің мөлшері өзгермейтіні, тіпті кейде қалыпты шамадан аз болатыны анықталады. Бұл сырқаттың себептері жайлы басқа көз қарас туындауына түрткі болды. Соңғы 10 – 15 жылда жемсау ауруының тұқым қуалайтындығы дәлелденеді. Бұл ауруға бейім адамдардың иммундық жүйесінде тума дәрменсіздік байқалады. Соған орай осы жүйенің негізгі өкілдері дамып, жетілу дәрісі бұзылады. Нәтижесінде қанда антиденелердің түзілуі үдейді. Осы антиденелер қан айналыммен лимфа жүйелеріне өтіп, мүшелерді зақымдайды. Қалқанша безге де өтіп оның қызметін жандандырады. Соның салдарынан бездің көлемі ұлғаяды. Кейбір антиденелер қалқанша бездегі торшаларды зақымдап, жойып та жібереді. Әйткенмен, аурудың алғашқы белгілері көбіне психикалық зақымдардан кейін, не әйел адам жүктілік кезінде немесе босанған соң білінеді. Бұл мәнбірлер адамның жүке жүйесін, ішкі сөлденіс және иммундық жүйелерін әлсіретіп, ағзаға елеусіз жатқан себептерге түрткі болатын сияқты. Демек, жоғарыда айтылған себептердің әсерінен қанда тироксин, әсіресе зат алмасуына ықпалды үш – йод – тиронин көбейеді. Сөйтіп, зат алмасу дәрісі ұлғаяды. Тиреоидтық гормондар ақуыздың ыдырауын жылдамдататындықтан, қанда азот пен амин қышқылдары көбейіп, зәрмен амиак, фосфар, несеп қышқылы сыртқа тым көп шығарылады. Тироксин мен үш – йод – тиронин көмірсулардың майға айналуын тежейді. Майлар шапшаң ыдырап, олардың денедегі қоры азаяды, науқас тез жүдеп кетеді. Уытты жемсауда гормондардың әсерінен тотығу дәрісі тежеліп, ағзада энергия қоры азаяды. Ыдыраудан пайда болған энергия ағзаларының қызметіне жұмсалады, соның салдарынан негізгі зат алмасу дәрісінің деңгейі жоғарылап, дененің қызуы көтерілуі мүмкін.

Клиникалық бейнесі. Науқас адам соңғы кездерде әлсіздік пайда болып, орынсыз кейіп, жылап, жылдам ашуланатынына, ұйқысы бұзылып, қолы қалтырайтынына шағымданады. Физикалық күш түскенде алқынып, жүрегі жиі қағып, ентігіп, ағыл – тегіл терлейді. Оларда жиі тәбеті артып, тамақты жиі көп мөлшерде ішсе де, жүдеп кетеді. Өз - өзінен абыржып, көңіл күйі жылдам өзгеріп тұрады. Біраз уақыттан кейін науқастың көзі бадырайып, алқымы ісінеді.

 

31 сурет Пациенттің мойын пішіні

өзгерген (авт.сурет)

 

Қарағанда науқастың тынышсыздығы, сөзшеңдігі, көңіл күйінің жылдам өзгеретіні аңғарылады. Науқас жүдеу, жастау көрінеді. Терісі дымқыл, жұмсақ, дене қызуы сәл көтеріңкі. Қалқанша безі ұлғайып, алқымы іседі, мойынының пішіні өзгереді. БДҰ-дың жіктелуіне байланысты (1994ж) уытты жемсаудың келесі дәрежелері бар: 0 дәрежесі – жемсау білінбейді; І дәрежесі – жемсау пальпацияда анықталынады; ІІ дәрежесі – жемсау пальпацияда анықталынып, көзге көрінеді. Уытты жемсаудың басты белгілерінің бірі – науқастың көзі бадырайып, үнемі таңырқаған кейіпте болады (экзофтальм). Сонымен қатар көз белгілеріне келесі симптомдар да жатады: Греф симптомы – адам төмен қараған кезде үстіңгі қабақ пен көздің қасаң қабығының арасында ақ жолақ пайда болады; Штельваг симптомы – сырқат адам кірпігін сирек қағады; Мобиус симптомы – қадалдыра қаратқан затты көзінің алдына біртіндеп жақындатқанда, қарашықтар бір нүктеге түйісе алмай, көбіне жалт етіп, ауытқып кетеді; Жоффруа симптомы – науқас жоғары қарағанда маңдай терісі қыртыстанбайды. Науқас көзін жұмып, қолын созса, онда саусақтарының дірілдегені байқалады (Ромберг симптомы). Уытты жемсауда зақымданбайтын ағза қалмайды. Әсіресе жүрек – тамыр жүйесінің жұмысының бұзылуы нағыз айқын орын алады. Науқас жүрегі лүпілдеп, шаншып ауыратынына шағымданады. Ауа жетпей алқынады. Науқастың денесін сипағанда, терісі дымқыл болады. Мойынның күре тамыры қатты соғады. Жүрек соғуы жиілеп, тахикардия білінеді, жүрек соғуы минутына 120 – 140 қа дейін болады. Уытты әсер үдеп, уақытында ем қолданылмаса жүректің жұмыс ырғағы бұзылып, миокардтың жиырылу қабілеті нашарлайды. Дем алу дәрісі де бұзылады. Науқас ауа жетпейтіндігіне шағымданады, дем алуы жылдамдайды. Ас қорыту мүшелерінің қызметінің бұзылуы да айқын көрінеді. Науқастың тамаққа тәбеті артады, бірақ қанша тамақ ішсе де арықтайды. Диспепсия белгілері байқалуы мүмкін. Уытты жемсау ауыр ағымды болған жағдайда бауыр ісініп, үлкейеді, көздің ақ қабығы мен тері сарғаяды. Осы аурумен сырқаттанатын науқастардың барлығында орталық және шеттік жүйке жүйесінің бұзылыстары байқалады. науқастың жүйкесі қозғыш болып, беймаза, өкпешіл келеді. Жанұямен жұмыста сиымсыз, жанжалшыл болып кетеді. Денесі, кірпігі қалтырайды, жылдам шаршайды. Жүйке талшықтарының сезімталдығы мен қозғыштығы артады. Бұлшық еттерінің күші кетіп, әлсірейді. Уытты жемсау жыныс бездеріне әсер етеді. Ауыр ағымды түрінде әйелдердің жыныс мүшелері семіп, етеккір азаяды. Ер адамдарда белсіздік байқалады.

Ағымы. Сырқаттың бейнесінің айқындығына қарай оның ағзаға уытты әсері үш түрге бөлінеді. Уыттты жемсаудың жеңіл әсерлі түрінің белгілері айқын болмайды, науқастың орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы күшейеді. Жүрек соғуы минутына 100 – ге дейін болады. Зат алмасу дәрісінің жалпы көлемі 30% - тен артады, дене салмағы 10% дейін азаяды. Орташа әсерлі тиреотоксикоз көптеген мүшелерді зақымдайды, клиникасы айқын көрініс береді. Науқастың тыныштығы кетіп, беймазаланады, ұйқысы қашады. Жүрегі минутына 120 – ға дейін соғып, зат алмасу дәрісінің жалпы мөлшері 60% - тен артады. Дене салмағы 20% дейін азаяды. Жүректің жиырылу қабілеті төмендеп, қан айналымы өзгереді, бауыры ұлғаяды. Науқастың аяқтары сусінділеніп, ісінуі мүмкін. Уытты жемсаудың ауыр түрінде науқастың жағдайы нашар: дененің қызуы қатты көтеріледі. Сырқат адам әлсіреп, дене қозғалысы ауырлап, төсекте қимылдауы қиындайды. Жүрегі минутына 120 реттен жиі соғады, аритмия байқалады, ентігеді, систолдық қан қысымы 150-160с.б.б жоғарылайды. Орталық жүйке жүйесінің қатты қозғандығынан науқас уақыт пен қоршаған ортасын ажырата алмй қалуы да мүмкін. Аурудың ағымында қанға гормондардың көп шығуымен байланысты тиреотоксикалық криздер байқалуы мүмкін. Бұл жағдайда аурудың барлық белгілері айқын білініп, мүшелердің қызметтері күрделі түрде бұзылады. Егер көмек дер кезінде көрсетілмесе, жүректің жұмысы нашарлап, науқас есінен танады, тіпті өліп кетуі де мүмкін.

Зертханалық және құрал – жабдық арқылы тексеру әдістері. Бұл ауруға тән белгілердің бірі қанның құрамында үш – йод – тиронинмен тироксин, ақуызбен байланысқан йод көбейеді. Негізгі зат алмасу дәрісі жандана түседі. Сырқаттың ауыр түрі асқынған кезде қанда ақ түйіршіктердің саны кеміп, кейде эритроциттер азаяды. Қандағы жалпы ақуыздың, холестериннің мөлшері артады. Сканирлау өткізгенде қалқанша без таңбаланған атомды әдетегіден көп сіңіреді. Ультрадыбыспен, белсеңді радиоизотоппен және рентген сәулесімен тексергенде қалқанша бездің ұлғайып, кейде өңешті, кеңірдекті шаншып тұрғанын анықтауға болады.

Дерт анықтамасы. Науқастың шағымдарына, клиникалық тән белгілеріне сүйене отырып диагноз қойылады. Тұқым қуалаушылық мәнбірінде ұмытпау керек. Нақты диагнозды қоюға зертханалық және құрал – жабдық аппараты арқылы тексеріс әдістері көмектеседі. Зертханалық тексерісте қанда қалқанша без гормондарының мөлшерлерінің көбейгені анықталынады

 

 

 

32 суретРадий белсенді иодты еңгізгеннен кейінгі

қалқанша бездің сканограммасы

 

А - қалқанша бездің қалыпты түрі

Б - қалқанша без көлемінің үлкейіп белсенді йодты артық сіңіруі

 

Емі. Уытты жемсауға шалдыққандардың емдеу тәсілдері бірнеше топқа бөлінеді. Ең кең қолданылатын тәсіл – дәрі – дәрмек пен емдеу. Емнің негізгі қағидасы – қалқанша безінің гормондарының бөлінуін азайту. Осы себеппен қалқанша безге әсер ететін имидазол туындылары қолданылады (мерказолил, тиамазол). Бұл препараттар қалқанша безде гормондардың түзілуін бәсеңдеті, олардың қандағы мөлшерін азайтады. Науқас бұл дәрілерді эутиреоидтық жағдайға жеткенше ішуге тиісті. Аталған дәрілер ұзақ уақыт қолданылғанда ғана нәтиже беретінін ескерген жөн. Антиденелерді азайту үшін уытты жемсауды ұзақ уақыт қолданылғанда ғана нәтиже беретінін ескерген жөн. Көбіне преднизолон қолданылады. Емдеу курсы 6 – 8 апта. Бұл дәрілердің қанның құрамына, ас қорыту жүйесіне, жүрек – тамыр жүйесіне кері әсері болатынын есте ұстаған жөн. Ондай әсер байқалса, емдеуді тоқтату керек. Уытты жемсауға қарсы йодты дәрілерде қолданылады. Олар аурудың жеңіл түріне, науқасты операцияға дайындау кезеңінде және тиреотоксикоз кризіне шипалы. Бірақ йодты препараттармен (Люголь тамшысы, ди – йод - тирозин) ұзақ уақыт емдеуге болмайды. Сонымен қатар радиобелсенді йодпен емдеуді де

қолданады. Бірақ радиобелсенді йод қалқанша безді, басқа да ағзаларды ауыр зақымдайтындықтан өте сирек пайдаланылады. Жүрек – тамыр жүйесінің қызметі бұзылғанда емге анаприлин, обзидан, индерал дәрілері қолданылады. Олар жүректің тиреодтық гормондарға сезімталдығын төмендетеді де жұмысын жақсартады (жүректің қағуын бәсеңдетеді, артериялдық қан қысымды төмендетеді).

Алдын алуы. Жағдайына байланысты диспансерлік тобына бөлініп, эндокринологта «Д» тізімінде тұрады. Көрсеткіштеріне байланысты офтальмолог және хирургте қаралады. Диспансерлік нұсқай бойынша қандағы Т3, Т4, ТТГ гормондары және жалпы қан анализі тексеріліп отырады. Бұл науқастар жеке басқа арналған жұмыс істеу және демалу тәртібін сақтау керек.

 








Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 1272;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.012 сек.