Эндемиялық жемсау
Эндемиялық жемсау дегеніміз – арнайы жерлердің тұрғындарында, топырақ пен суда йод жеткіліксіз болғандықтан дамитын қалқанша бездің ұлғаюы. Негізінде таулы жерлерде көп кездеседі: Кавказда, Уралда, Орта Азияда, Алтайда. Көбінесе әйелдер ауырады.
Патогенезі. Ағзаға сумен, тағамдармен, өсімдіктермен йодтың жеткілікті мөлшерде түспеуінен қалқанша бездің тиреоидты гормонының шығарылуы азаяды. Осы себептен қалқанша бездің көлемі үлкейеді. Бездің салмағы 40 – 60г дейін өседі (қалыпты салмағы 35 г). Бірақ осы өзгерістерге қарамастан қалқанша бездің қызметі бұзылмайды. Негізгі зат алмасу дәрісі қалыпты түрде жүреді.
Клиникалық бейнесі. Эндемиялық жемсаудың клиникалық көрінісі жемсаудың пайда болуымен, оның көлемімен және орналасуымен сипатталады. Көлемінің өзгеруіне байланысты түйінді, диффузды және аралас түрлері болады. Эндемиялық аудандарда тұратын кейбір тұрғындарда бездің біртіндеп сәл ұлғаюы жиі кездеседі, бірақ ауытқулар болмауы мүмкін. Ал кейбір тұрғындарда бездің мөлшері қатты ұлғайып, ауруға әкеп соғуы мүмкін. Көлемі үлкейген жемсау жан – жағында жатқан мүшелерді (кеңірдек пен жұтқыншақ) қысып, олардың қызметін бұзады. Бұл кезде науқастың дауысы қырылдап, жөтел білінеді, дем алу дәрісі бұзылады, тұншығу ұстамасы пайда болады. Өңеш қысылған жағдайда жұтудың бұзылуы байқалады. Мойын көк тамырлары қысылса қан айналымы бұзылады: тері асты көк тамырлары кеңейеді, науқас басын еңкейткенде кернеген сезім пайда болады, беті домбығады. Тамырлар механикалық түрде қысылғаннан дем алу дәрісі бұзылып, кіші қан айналым шеңберінде қан тұрып қалады. Осы себептен “жемсаулық жүрек” белгілері дамиды, яғни жүректің оң жақ бөлігінің гипертрофиясы байқалады. Жемсау жүйке бағандарын қысса, науқастың дауысы қарлығып шығып, көз саңылаулары өзгеріп, көз қарашығы кеңейеді. Қалқанша бездің қызметінің жағдайына байланысты эутиреоидты, гипертиреоидты және гипотиреоидты жемсау болып бөлінеді. Жиі кездесетін эутиреоидты жемсау қалқанша бездің қызметі қалыпты түрде болуымен өтеді. Бірақ эутиреоидты жемсауы бар адамдарды толық дендері сау деп санауға болмайды. Өйткені олардың жүрек – тамыр, жүйке және тағыда басқа жүйелерінің қызметтері аздап болса да қалыпты түрден ауытқуы байқалады. Таулы аймақтың тұрғындарында гипотиреоидты жемсау жиі байқалады. Көбінесе түйнекті түрінде болады. Далалы аймақтың тұрғындарында диффузды жемсау жиі кездесіп, гипертиреоз белгілерімен сипатталады. Гипертиреоз дәрежелері әдетте аса көп емес және аздаған жүректің жиі қағуымен, көз алмасының сәл шығып тұруымен, арықтаумен, саусақтардың аздаған дірілдеуімен өтеді.
Дерт анықтамасы. Эндемиялық аудандарда тұратын тұрғындарда қалқанша безінің ұлғаюы негізінде эндемиялық жемсау диагнозы қойылады. Эндемиялық пен диффуздық уытты жемсауды салыстырғанда гипертиреоздың аздап дамуы мен науқастың эндемиялық ауданнан екендігі есепке алынады. Тиреоидитпен салыстырғанда эндемиялық жемсауда қабыну белгілері байқалмайды. Зертханалық тексерісте қанда йодтың мөлшері төмен болады. Ультра дыбыс арқылы тексеріс қалқанша безде коллоид тінінің көбейгенін анықтайды.
Емі. Эндемиялық жемсаудың алғашқы кезеңдерінде емдік шаралар 0,25% калий йодидінің ерітіндісін енгізумен немесе антиструмин таблеткасын ішумен жүргізіледі. Гипотиреоздың дамуы қалқанша безінің гормон дәрілерін қолдануға мәжбүрлейді. Бұл гормондар қалқанша безінің жеткіліксіздігі белгілерін жойып қана қоймай, сонымен қатар оның гиперплазиясын азайтады. Үлкен жемсау мойындағы мүшелерді қысқанда, түйнекті жемсаудың қатерлі ісікке ауысқанында хирургиялық емді қажет етеді.
Алдын алуы. Біріншіден кешенді ем жүргізеді – тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеру керек. Йоды аз жерлерде йодталған тұзды (1г тұзға 10 г калий йодиді) кең түрде қолдануға кеңес беріледі. Сонымен қатар осы жерлерге балықтар және құрамында йоды көп теңіз тағамдарын жіберіп отырады. Тағамдардың құрамында организмде йодты ұстап қалатын микроэлементтер жеткілікті болуына тырысу керек. Қалқанша безінің көлемі қалпына келгенде, калий йод препаратын алдын алу мөлшерде тағайындайды. Науқастар диспансерлік тізімге алынып, нұсқау бойынша қаралып отырады.
Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 1067;