Гипергликемиялық команың белгілері және

Мейірбикенің дәрігерге дейінгі іс - әрекеттері

Бейнелеме

Әсер ететін мәнбірлер Кома алдындағы жағдайдың белгілері
1. Инсулин мөлшерін жеткіліксіз егу 2. Дәм тәртібін сақтамау 3. Психикалық қозу 4. Жұқпалар, улану 1. Шөлдеу, әлсіздену 2. Қозғалысының шектелуі 3. Құсу, лоқсу 4. Бастың, іштің ауыруы 5. Тәбеттің жоғалуы

МЕЙІРБИКЕНІҢ ТАКТИКАСЫ

 

ТЕЗ АРАДА ДӘРІГЕРДІ ШАҚЫРУ (жедел жәрдем көлігін)

Команың белгілері Іс - әрекеттері
1. Терінің және шырышты қабаттардың құрғауы   2. Аузынан ацетон иісінің шығуы   3. Тахикардия   4. Шулы дем алу (Куссмауль демі)   5. Артериялық қан қысымының төмендеуі   6. Көз алмасының тонусының төмендеуі   7. Гипергликемия (қандағы қант мөлшерінің көбеюі)   8. Глюкозурия (зәрдегі қант мөлшерінің көбеюі) 1. Дәрігер келгенше пациентпен сөйлесіп, сана сезімін сақтауға тырысу.   2.Тез әсер ететін (қарапайым, мөлдір) инсулинді әзірлеп қою.   3.Пациенттің функ-ционалды жағдайын бақылау: қан қысымын өлшеу, тамыр соғысын анықтау, демін санау.  

түрінде жиі кома байқалуы мүмкін. Ішкі ағзалардың зақымдану дәрежесіне байланысты теңгеру, компенсациялық (ағзалар өз қызметін атқара алады) және декомпенсациялық (ағзалар өз қызметін атқарудан айырылады) түрлері болады. Кәзіргі уақытта қант сусамырының айқын бейнелі түрі инсулинге тәуелді (инсулинді қажет ететін) және инсулинге тәуелсіз (инсулинді қажет етпейтін) деп бөлінеді. Сырқаттың инсулинге тәуелді түрі диабеттің І - түрі деп, ал инсулинге тәуелсіз түрі диабеттің ІІ - түрі деп аталады. Қант сусамырының І – түріне көбіне жас адамдар шалдығады. Әдетте ол ұйқы безінің жұқпа мен зақымданып, инсулин тым аз түзілгендіктен дамиды. Бұл түрі ауыр түрде өтеді, асқынулар ерте білінеді. Сырқаттың ІІ – түрімен жасы ұлғайған адамдар жиі ауырады. Инсулиннің мөлшері онша өзгермейді. Кейінгі кезде диабеталдылық хал деген де ұғым бар. Бұл жағдай аурудың белгілерін бермесе де, көмірсу алмасуының өзгерістері байқалады. Қант сусамырының жасырын түріде кездеседі. Бұл түрінде аурудың клиникалық белгілері байқалмайды, қандағы глюкозаның мөлшері өзгермейді, зәрде глюкоза болмайды.

Клиникалық бейнесі. Қант сусамырының негізгі белгісі науқастың аузы құрғап, шөлдеуі. Науқас сұйықты көп ішуге мәжбүр болады. Бірақ қанша су ішсе де шөлі қанбайды. Суды көп ішкендіктен кіші дәреті жиілейді, мөлшері көбейеді (полиурия). Тамаққа тәбеті артып, жиі тамақтанады (полифагия). Науқас әлсірегенін сезеді, жұмысқа деген қабілеті төмендейді, дене терісі қышиды, теріге іріңді жаралар жиі шығады. Терісі құрғап, қабыршақтанғаны байқалады. Бет терісі қызарады. Қасынған жерлерде із қалады. Ұзақ ауырғандардың терісінің шелді қабаты семеді, аяқтарындағы жаралардың жазылуы қиындайды. Зат алмасу дәрісі өзгергендіктен бүкіл жүйелер зақымданады. Қан тамырларының зақымдануынан ірі қан тамырларында атеросклероз дамып, ұсақ тамырларында қан ағысы бәсеңдейді, тіндерге оттегі мен басқа қоректік заттар аз жеткізіледі. Жүректің бұлшық еті зақымдалып, оның жұмысы әлсірейді. Қан айналысы бұзылғандықтан науқастың аяғы жансызданады, онда трофикалық жаралар пайда болады. Тыныс жолдарының шырышты қабықтары құрғап, трахеит, бронхит, өкпе қабынуы дамуы мүмкін. Қант сусамырына өкпе туберкулезі жиі қосарланады. Ас қорыту жүйесіне келер болсақ, науқастың ауыз қуысымен тілдің шырышты қабығы құрғап, тістері түсіп қалады. Май алмасу дәрісі бұзылып, бауыр зақымданып, циррозға ұшырауы мүмкін. Асқазан мен ішектің шырышты қабаттарындағы бездер семіп, сөл бөлу және асты сіңіру дәрістері нашарлайды. Қант сусамырында бүйректің зақымдануы нақты түрде білінеді. Бүйректің қан тамырлары зақымдалғандықтан зәрмен ақуыздар көп шығады (протеинурия). Сырқат асқына келе бүйректің ұсақ тамырларының қабырғалары шорланып, саңылауы бітеліп, улы заттарды бөліп шығару қызметі нашарлайды. Қан қысымы жоғарылайды. Көз тамырларының зақымданғынынан көз көру қабілеті төмендейді (диабеттік ретинопатия – көздің қанталауы). Қант сусамырындағы жүйке жүйесінің зақымдануына ерекше көңіл бөлу керек. Науқастың басы ауырып, ұмытшақтанып, ұйқысы бұзылады. Науқастардың аяқ – қолы ауырып, саусақтарының жаны кетіп, күші азаяды. Осының салдарынан жылу сезімі бұзылып, ыстықты қолданғанда күйік зардабына ұшырауы мүмкін. Бұл түрі диабеттік нейропатия деп аталады. Ал диабеттік ангиопатияда ұсақ тамырларының қабырғалары шорланып, саңылауы бітеліп, қан айналымы бұзылып, науқастың аяғында трофикалық бұзылыстар байқалады.

Сырқаттың асқыну зардаптары. Жиі кездесетін асқынуларға көздің көрмей қалуы, аяқтағы жаралардың өлі еттеніп гангренаға ұшырауы, васкулиттер жатады. Иммун жүйесінің әлсіздігінен әр түрлі жұқпалар дамиды (стоматит, пиелонефрит, кандидоздар). Ең қауіпті асқыну – команың дамуы. Қандағы қанттың мөлшеріне байланысты 2 түрі болады: кетон қышқылды кома (гипергликемиялық) және гипогликемиялық кома.

Кетон қышқылды кома (гипергликемиялық). Команың бұл түрі ағзаға инсулиннің жетіспеуінен, көмірсудың, майлардың алмасу дәрісінің бұзылуынан дамиды. Қант сусамырынан емделмеген науқастарда, инсулинді жеткілікті екпегенде, тамақты тым көп ішкенде, ауыр жұқпалы аурулармен ауырғанда, шаршап шалдыққанда және психикалық жарақат алғанда пайда болуы мүмкін.

Команың бұл түрі біртіндеп дамиды. Естен танарда оған кома алдындағы жағдай тән болады. Алдын ала сездірушілер мыналар: тамаққа тәбеті шаппайды, басы ауырады, босаңсиды, әлсізденеді, шөлдейді, зәрі көбейеді, іші ауырады. Содан кейін науқас адам есінен танады.

Аузынан ацетон иісі шығады, терісі құрғайды, көз алмасының бұлшық еттері босаңсиды, рефлекстері төмендейді. Дем алуы қатты, шулы, сирек (Куссмауль демі). Жүректің жұмысы нашарлайды, қанның қысымы төмендейді, тамыр соғуы жиілейді, әлсізденеді. Қанда қанттың және кетон заттардың мөлшері көбейеді, науқастың қаны қоюланады. Зәрдің мөлшері азаяды, тіпті анурия да байқалуы мүмкін.








Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 3853;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.