Және мейірбикенің дәрігерге дейінгі іс- әрекеттері 19 бейнелеме
Себептері | Кома алдындағы жағдайдың белгілері |
1. Инсулин егіп, уақытында тамақтанбау 2. Инсулинді керекті мөлшерден асырып алу 3. Ауыр физикалық күш түсу | 1.Ашығу 2.Бозару 3.Бұлшық еттің қатаюы 4.Тершеңдік 5.Қозу, дененің дірілдеуі |
Команың белгілері | Іс-әрекеттері |
1. Тез арада білінуі 2. Көз қарашығы кеңейген 3. Тершеңдік 4. Брадикардия 5. Қан қысымының төмендеуі 6. Гипогликемия 7. Тырысы, құрысу | 1.Дәрігер келгенше тәтті шәй, қант беру. 2. Дәрігердің нұсқауы бойынша көк тамырға 40%, содан кейін 5% глюкоза ерітіндісін егу. |
Гипогликемиялық кома - қантты сусамырда байқалатын команың екінші түрі. Бұл жағдай қандағы қанттың мөлшері тез төмендеп кеткенде пайда болады. Ол науқас адам мезгілінде тамақтанбаса, ауыр физикалық күш түссе немесе қант мөлшерін азайтатын дәрілердің мөлшері асып кеткенде байқалады. Бұл жағдайда қанда глюкоза күрт азайып, ми торшаларының көректену дәрісі бұзылады. Күтпеген жерден науқас әлсіреп, қол мен аяқтары дірілдеп, тілі байланып қалуы мүмкін. Тамаққа тәбеті ашылып, терлегіш келеді. Жүйкесі қатты қозып, есіріп, дер кезінде есінен танады. Бұлшық еттердің тонусы жоғарылап тырысып қалады. Көз жанары қимылсыз, жағы қарысып, сіңірі тартылады. Қанда глюкозаның мөлшері 3,3 ммол/л төмендейді. Зәрде глюкоза және ацетон байқалмайды.
Диабеттік ретинопатия – көздің қанталауы.Көз тамырларының зақымдануынан науқастың көз көру қабілеті төмендейді. Кейбір жағдайларда мүлдем соқырлыққа әкеліп соғады.
Диабеттік нейропатия. Бүйрек ұсақ тамырларының зақымдануынан бүйрек сүзбе жұмысы нашарлап, қан қысымы көтеріліп, науқас ісініп, бара-бара созылмалы бүйрек шамасыздығына әкеліп соғуы мүмкін.
«Диабеттік табан» - аяқ тамырларының зақымдануынан трофикалық өзгерістер дамиды. Екі түрде байқалады: ишемиялық – гангреноздық және нейропатиялық. Ишемиялық – гангреноздық түрінде аяқ мұздайды, цианоз білінеді, ауырсыну қатты сезіледі. Неше түрлі трофикалық жаралар байқалады.
33 сурет. «Диабеттік табан»
Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 1379;