Бақылау сұрақтары. 1. Қант сусамыр ауруына жалпы түсінік беріңіз.
1. Қант сусамыр ауруына жалпы түсінік беріңіз.
2. Сырқатқа әкеліп соқтыратын себептерді атаңыз.
3. Сырқаттың жіктелу тәртібінің тізімін беріңіз.
4. Қант сусамыры ауруының негізгі клиникалық көрінісі немен сипатталады?
5. Сырқаттың ағымында қандай асқынулар кездеседі?
6. Диабеттік команың даму себептеріне не жатады?
7. Қант сусамырының негізгі емдік қағидасын айтыңыз.
8. “Инсулинге тәуелді”, “инсулинге тәуелсіз” терминдерін қалай түсінесіз?
9. Гипергликемиялық және гипогликемиялық комаларда шұғыл жәрдем қағидасы немен сипатталады?
10. Қандағы қанттың мөлшерін азайтатын дәрілерді атап шығыңыз.
Семіздік
Семіздік дегеніміз тері асты май қабатында, көбінесе іш аймағында, шүйдеде, жамбаста, төсте, мойында, сонымен қатар шажырқайда, эпикардта (жүректің семіздігі), бүйрек маңында майдың мөлшерден тыс жиналуы.
Этиологиясы мен патогенезі. Семіздік мөлшерден тыс тамақты көп жеуден (ішімдікті көп мөлшерде ішумен бірге), аз қимылдап өмір сүру салдарынан болады. Семіздіктің дамуында ерекше орында нейроэндокринді бұзылыстар жатыр, атап айтқанда гонада қызметінің бұзылысында (климакс кезінде), қалқанша бездің (гипотериоз), гипофизалық бұзылыстарда май көп мөлшерде жиналатыны байқалады. Тұқым қуалау мәнбірі де ерекше роль атқарады. Сырқаттың дерт анықтамасын жүргізгенде келесі сипатмежелер қолданылады: І дәрежедегі семіздікте дене салмағы қалыпты дене салмағынан 10 – 20 % артық, ІІ дәрежеде 20 - 30%; ІІІ дәрежеде 30 - 50% және одан да артық. Бойының ұзындығына сәйкес сантиметрмен алынған саннан 100 санын алғанға тең санға жуық дене салмағы қалыпты деп саналады: бойының ұзындығы 170 см болатын адамның салмағы 70 кг – ға жуық болуы керек. Құрлысына байланысты аздаған ауытқулар болуы мүмкін.
Клиникалық көрінісі. Семіздігі бар науқастар ентігетініне, мөлшерден тыс көп терлейтініне, жұмыс істеу қабілетінің төмендегеніне, жүрек тұсының ауыратынына шағымданады. Жиі терінің созылмалы ауруы, терінің іріңді аурулары, шиқан басу байқалады. Семіздікте атеросклероз тез дамиды. Тәж тамырлардың атеросклерозынан жүрек ишемия аурулары дамиды: жүрек қыспасы, кардиосклероз, миокард инфарктісі. Кейде бұл жағдайлар қан айналысының жеткіліксіздігіне әкеп соғады. Ішек жұмысының бұзылыстары (метеоризм, нәжістің тұрып қалуы), жыныстық белсенділігінің төмендеуі болады. Қанда холестериннің мөлшері көбейеді, көмірсу алмасу дәрісі бұзылады.
Емі. Тамақтың энергетикалық құндылығы шектелген дұрыс, тамақтану тәртібін сақтау маңызды роль атқарады, бөлшектеп тамақтану жеміс – жидекті күн, физикалық күш түсірмеу, қозғалыс көлемін арттыру өте маңызды. Тамақтың энергетикалық құндылығы келесі түрде есептеледі: жеңіл физикалық жұмыс істейтін дені сау адам 1 кг дене салмағына 146,4 – 167,4 кДж, ал ауыр жұмыста 209,2 – 2301 кДж алу керек. Сөлдену жүйелерінің бұзылыстарында тиісті ем алу керек. Семіздікте қалқанша безі қызметінің төмендеуінде тиреоидин (0,05 г тәулігіне 2 – 3 рет), ал гонада қызметі төмендегенде жыныс гормондары: әйелдерге эстерон (фолликулин), ал ер адамдарға – метилтестостерон тағайындау керек. Семіздікте суға жүзу, ұзақ уақыт жүру, емдік дене шынықтыру, сумен емдеу шараларын, жалпы және жергілікті уқалау жүргізген жөн. Сонымен қатар физиоемін жүргізетін санаторлы – курорттық ем қолданған абзал. Болжамы. Ерте басталған емде болжамы жағымды. Семіздіктің І – ІІ дәрежесінде науқас жұмысқа деген қабілетінен айырылмайды, ал семіздіктің ІІІ дәрежесінде ІІІ топтық мүгедектік тағайындалады. Жүрек – тамыр аурулары (миокард инфарктісі, миға қан құйылу және т.б.) жиі өлімнің себебі болып табылады.
Алдын алуы. Біріншіден тамақтың энергетикалық құндылығын шектеп дұрыс тамақтану. Адамның қимыл – қозғалыс тәртібі белсенді болып, тамақтың энергетикалық құндылығына сәйкес болу керек. Тамақтануда көмірсуларды, майларды, ақуызды шектеу керек. Дене шынықтырумен айналасу керек (жүзу, жүгіру т.б.Алдын алу шаралары міндетті түрде жастан асқан адамдарға және аз қозғалатын адамдарға жүргізіледі.
Сурет
Алиментарлық семіздік
Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 1366;