Буын аурулары туралы түсінік
Буын аурулары өте көп, бірақ осы көптеген ауруларды қарастыратын болсақ, бір өте маңызды жағдайды есте ұстаған жөн: аурулардың бір бөлігі өз бетіеше ауру болып табылса, басқа бір бөлігі қандай да бір аурудың белгісі болып табылады. Бірінші жағдайда буын аурулары бүкіл симптоматиканы білдіреді: буынның ағымы мен болжамы, буынның зақымдануларының мінездемесімен байқалуына байланысты, ал барлық емдік шаралар бірінші орында буындардағы патологиялық дәрісті басуға бағытталған. Екінші жағдайда буынның зақымданулары қандайда бір аурудың тек қана белгілері болып табылады. Бірақта аурудың ағымы, оның болжамы сияқты буын зақымдануымен емес негізні ауруы бойынша анықталады және барлық емдік шаралар осы ауруды емдеуге бағытталады. Осы тарауда жеке ауру болып табылатын буын аурулары қарастырылады. Барлық буын аурулары буындарда болатын патологиялық дәрістің сипаттамасы бойынша екі үлкен топқа бөлінеді: артриттер мен артроздарға. Артрит – бұл сырқат негізінен буынның синовиалды қабатында дамитын, буын шеміршегінде және буын айналасындағы тіндерде болатын қабыну дәрісі. Кейде буынның қуысында қабынудан пайда болған сұйықтықтар болады. Мұндай аурудың мысалы ретінде ревматоидты артритті айтуға болады. Артроз – бұл сырқаттың негізінде алмасу – дистрофиялық дәрістер және де шеміршектің семуі, сүйек тінінің сиреуі (остеопороз), сүйек тініндегі жаңадан пайда болған түзілістер, тінніңбуынның, буын қабыршағының айналасына кальций тұздарының жиналуы жатыр. Оның мысалы ретінде деформациялағыш остеоартрозды айтуға болады.
Негізгі клиникалық белгілері
Әрбір аурудың клиникалық көрінісі патологиялық дәрістің сипаттамасымен және қандай да бір буындарға оның таралуымен анықталады. Бірақта әртүрлі буын зақымдануларының жалпы бірнеше белгілері бар.
Буынның ауырсынуы–буын ауруларының негізінен басты белгісі деп айтуға болады. Ауырсыну буындардағы патологиялық дәріспен (шеміршек, синовалды қабат, буын қалтасы), сонымен қатар буын айналасындағы тіндердің, сіңірлердің, сіңір ылғалдаушылардың зақымданулары мен шақырылады. Ауырсынудың пайда болуына механикалық мәнбірлерде нақты әсер етуі мүмкін, яғни буындарға физикалық күштің түсуі, сіңір байламдарының созылуы, синовиалды қабаттың сүйектегі өсінділер - остеофидтер мен тітіркенуі және буынның өзінде немесе буын айналасындағы тіндерде қабыну дәрісінің дамуы. Ауырсыну уақытына және пайда болу жағдайына, ұзақтығы мен интенсивтігіне байланысты бөлінеді.
Тірек-қимыл аппаратының ауруларындағы
Тексеру әдістері
Бейнелеме
Науқастың шағымдары |
1.буындардың ауырсынуы 2.буын қозғалысының шектелуі 3.буындардың ісінуі, қызаруы 4.дене қызуының көтерілуі 5.буын аймақтарында түйіндердің білінуі 6.буындардың деформацияға ұшырауы |
Ауыру сыртартқысы |
1. Әсер ететін мәнбірлер, ауруға әкеліп соққан себептер 2. Аурудың басталуы, дамуы, ағым ерекшеліктері 3. Өткізілген тексерістердің көрсеткіш нәтижелері 4. Қолданған емнің түрі және ағзаға әсері |
Өмір – баян сыртартқысы |
1. Тұқым қуалаушылық 2. Анамнезіндегі басқа аурулар 3. Жағымсыз қылықтары 4. Мамандығының негізгі ерекшеліктері 5. Тамақтану сипаттамасы, тұрмыс жағдайы |
Науқасты тікелей тексеру |
Қарау | Сипалау |
1.буынның түсі, пішіні 2.буынның қозғалысы 3.бұлшық еттің дамуы 4.тері, тырнақ өзгерістері | 1.ауырсынуды анықтау 2.буын сықырын анықтау 3.буынның жергілікті ысуы 4.лимфа бездерінің үлкеюі |
Зертханалық тексеру | Құрал – жабдық арқылы тексеру |
1. Жалпы қан анализі 2. Биохимиялық қан анализі 3. Буыннан сары су алу (биоптат) | 1.Рентгенография 2.Радибелсенді тексерістер |
Буынның ісінуі буын зақымданғанның екінші маңызды белгісі болып табылады. Ол буынды қоршап тұрған синовиалдық қабатпен жұмсақ тіндерде қабыну ісігі пайда болуымен түсіндіріледі, ал кейбір жағдайларда буынның қуысында сары судың пайда болуына байланысты. Буынның ісінуі және де синовиалды қабаттың гипертрофиясы мен буын маңындағы тіндердің фиброзды – қатаюы буын пішінінің өзгеруіне әкеп соғады. Буынның қисаюын, пішінінің өзгеруін сүйектердің өсулері, буын шетіндегі сүйектердің деструциясы, бұлшық ет байлам аппараттарының зақымданулары және шығып кетулермен түсіндіруге болады. Оған тән мысал ретінде ревматоидты артриттегі саусақтардың қисаюы және де қолдың дисталдық фаланга аралық буын маңайында сүйек өсінділерінің пайда болуын айтуға болады (Бушар түйіндері). Зақымданған буынның үстіндегі теріде қабыну дәрісі дамығанда дене қызуы көтеріледі. Тері түсінің өзгеруіне (қызаруына) де көңіл бөлу керек. Буындардағы қозғалыстың шектелуі – ондағы патологиялық өзгерістің дамуының ең маңызды белгісі. Буындардың ішінде фиброзды және сүйек өсінділерінің пайда болуы буындардағы қозғалыстың толық шектелуіне әкеледі (шорбуын). Буындардағы сіңір байлам аппаратының зақымдалуы, буын қапшықтарының, кілегей қалталардың бұлшық ет шандырларының зақымданулары да буын ауруларының белгілеріне жатады. Бұндай зақымданулар буынды сипағанда ісінумен, ауырсыну мен байқалады. Буындардың патологиялық өзгерістерінде бұлшық еттің семуі және әлсіздігі білінеді. Кейбір жағдайларда бұлшық еттердің семуі ауырған буындағы қозғалыстың шектелгенінде пайда болады (мысалы жамбас сан буынның зақымдануында санның бұлшық етінің семуі). Кейбір жағдайларда буында дамитын қабыну дәрісі буынның жанында жатқан бұлшық еттерді де зақымдайды, қабыну дәрісі ұзаққа созылғанда бұлшық еттердің сему дәрісінеұшыратады. Қабынуы бар буын ауруларында науқастардың дене қызуы көтеріледі, ал буындардағы алмасу – дистрофиялық өзгерістерде дене қызуы қалыпта. Буындардың қабыну сырқаттарының қозу кезеңінде қанда нейтрофильді лейкоцитоз байқалады, сонымен қатар фибриноген деңгейі жоғарылайды, ақуыз фракциясы өзгереді, ЭТЖ артады.
Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 1464;