Бақылау сұрақтары. 1. Уытты жемсау ауруына жалпы түсінік беріңіз.

1. Уытты жемсау ауруына жалпы түсінік беріңіз.

2. Сырқатқа әкеліп соқтыратын себептерді атап шығыңыз.

3. Сырқаттың ағымы неше кезеңмен өтеді?

4. Уытты жемсаудың әр кезеңіне клиникалық сипаттама беріңіз.

5. Тиреотоксикоздық кризге мінездеме беріңіз.

6. Қалқанша бездің қызметін анықтау үшін қандай зертханалық және құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістерін қолданылады?

7. Уытты жемсаудың негізгі емдік қағидасын айтыңыз.

Гипотиреоз

 

Гипотиреоз – қалқанша бездің сөл бөлу қызметінің нашарлауымен сипатталатын ауру. Гипотиреозбен жас шамасы әртүрлі адамдар ауырады, сонымен қатар оның тума түрі де кездеседі. Жиірек жасы ұлғайған әйелдерде кездеседі. Бұл сырқат миседема деп те аталады. Кәзіргі ұғым бойынша, микседема деп гипотиреоздың ең ауыр түрі ғана аталуға тиісті.

Этиологиясы мен патогенезі. Сырқатқа әкеліп соқтыратын себептің бірі бездің өзіндік торшаларының зақымдануы. Көбінесе без қабыну дәрісі мен зақымдалады. кейде ағзада қалқанша безді зақымдайтын антиденелер түзіледі де, соның салдарынан без торшалары семіп қалып, олардың арасын дәнекер тін басып кетеді. Сонымен қатар гипотиреоз ағзаға йод жеткіліксіз болғандықтан және қалқанша безінің гормон бөлу қабілеті жоғары болған науқастан дұрыс емделмегендіктен дамиды. Кейде гипотиреоз бездің дұрыс дамып жетілмеуімен де байланысты болады. Бұл гипотиреоздың бірінші түрі. Гипотиреоздың екініші түрі гипофиз зақымдалып, тиреотропин гормоны аз бөлінгендіктен дамиды. Әдетте бұл гормон қалқанша безде үш – йод – тиронин және тироксин түзілу дәрісін реттеп отырады. Тиреотропин аз бөлінсе, қалқанша бездің қызметі нашарлап, біртіндеп семіп қалады. Ал аурудың үшінші түрі гипоталамус зақымдалып, тиролибериннің аз бөлінуімен байланысты. Тиролибирин аз болса, гипофиз тиреотропинді аз бөледі. Қалқанша бездің өзінің зақымдануынан оның гормон бөлу қабілеті төмендейді. Қанда осы бездің гормондарының мөлшері (үш – йод – тиронин, тироксин) азаяды. Бұл гормондардың жеткіліксіздігінен зат алмасу дәрісі төмендейді, яғни, ақуыздың түзілуі бәсеңдейді, қанда глюкоза азаяды, ал майлы затты, холестерин көбейеді. Денеге су мен тұздар жиналып, лимфа тамырларының өткізгіштігі артып, терінің шырышты қабықтарының асты сусінділеніп ісік пайда болады.

Клиникалық бейнесі. Науқас адам соңғы кезде ұмытшақтық, селқостық пайда болғанын, жұмысқа қабілеті төмендегенін айтып, ұйқышыл және тоңғақ болып кеткеніне шағымданады. Ол тез шаршайды, тамаққа тәбеті төмендейді, науқастардың кейбіреуінде дауысы өзгереді. Олар толық, баяу қимылды, селқос келеді. Беті ісініп, домбығады, көзінің шарасы кішірейеді. Кейде аяқ – қол сусінділеніп, ісінеді. Терісі боз, сипағанда құрғақ, қалың және салқын екендігі сезіледі. Шынтақ пен тізе тұсінің терісі ерекше қабыршақтанып тұрады. Шашы, қасы түсіп, тырнақтары жұқарып, сынғыш келеді. Орталық жүйке жүйесінің қызметінің зақымдануына байланысты науқаста ұмытшақтық, ұйқышылдық, селқостық білінеді. Шетті жүйке жүйесінің өзгеруінен аяқ – қолы сырқырайды, бұлшық еттері ісінеді, аяғы ауырлап, жүруі қиындайды. Тыныс алу жолдарының шырышты қабаты сусінділене ісініп, науқастың дауысы өзгереді. Гипотиреозға тән белгілердің бірі – жүректің жиырылу қабілеті нашарлағандықтан жүрек соғуының сиреуі. Нәтижесінде тамырларға айдалатын қанның көлемі кеміп, бүкіл ағзада қан ағысы баяулайды. Жүрек ұлғайып, соғу дыбысы бәсеңдейді. Тамырдың соғуы әлсізденеді. Гипотиреозбен ауыратын науқастардың ас қорыту мүшелеріде зақымдалады. Науқастың тілі ісініп, ұлғаяды, оның жиегінде тістердің ізі болуы мүмкін. Науқастың тістері үгіліп, сынғыш келеді. Ас қорыту жолының шырышты қабықтары ісініп, сөл бөлу қабілеті төмендейді, ішкен ас баяу қорытылып, нашар сіңіріледі. Аспен сіңірілетін темір мөлшері азайып, қан аздық дамиды. Бүйректе қан айналымы нашарлап, зәрдің сүзілуі бұзылады. Әйел адамдардың етеккірі азайып, сирейді. Сырқат асқынған кезде етеккірі мүлде тоқтап, бедеу болып қалады. Ер адамдар белсіздікке ұшырайды.

Аурудың дамуы. Сырқаттың барысы мен айқындығы қалқанша без гормондарының қандағы мөлшеріне байланысты. Гипотиреоздың жеңіл, орташа және ауыр түрлері болады. Гипотиреоздың ең ауыр асқыну зардабы – гипотиреоидтық команың дамуы. Комаға ұшырағандар есінен танады, дене қызуы 24 – 250 төмендейді, брадикардия, гипотония дамиды, уақытында көмек көрсетілмесе өлімге әкеп соғады.

Зертханалық және құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері. Жалпы қан анализінде қан аздық байқалып, ЭТЖ баяулайды. Жалпы зат алмасу дәрісінің көрсеткіші төмендейді. Сырқатты айқындау үшін қандағы үш – йод – тиронин мен тироксиннің, тиреотропиннің мөлшерін анықтайды ( айтылған гормондардың мөлшері азаяды). Сканирлау әдісінде қанда ақуызбен байланысқан йод азайып, қалқанша без таңбалы атомды нашар сіңіреді. Ультрадыбыспен зерттегенде қалқанша бездің көлемінің кішірейгені анықталады.

Дерт анықтамасы. Науқастың шалдыққан шағымдарын ескере отырып, қандағы гормондардың мөлшерінің азаюына және сканирлау, ультрадыбыс тексерістерінің нәтижесіне сүйене отырып, диагноз қойылады.

Емі. Гипотиреоздың емдеу қағидасы - алмастыру емін жүргізу. Сол себептен аурудың түріне байланысты тиреоидтық дәрілерін қабылдайды. Сырқаттың асқынбаған түрінде тиреоидтық дәрілерді аз мөлшерден бастап біртіндеп көбейтуге болады. Емнің мақсаты – науқасты эутиреоидтық жағдайға жеткізу. Бұл мақсат орындалғанның өзінде де, науқас дәрінің аз мөлшерін үзбей ішіп жүргені жөн. Қазір көбіне гормондардан тиреоидин, тиреокомб, үш – йод – тиронин, L – тироксин қолданылады. Науқаста эутиреоидтық жағдай қалыптаса келе дәрі осы жағдайға сәйкес мөлшерде ғана берілуге тиісті. Бұл кезде берілетін дәрінің тәуліктік мөлшері науқастың жағдайына байланысты әр адамда әртүрлі болуы мүмкін. Бұл дәрілерді науқас өмір бойы үзбей ішіп жүруге мәжбүр болады, өйткені дәріні қабылдамаса, ауру қайта асқынады. Бұл дәрілерді таңертең немесе түске дейін ішкен тиімді.

 








Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 1125;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.