Бақылау сұрақтары. 1. С/С++ тіліндегі функция деген не, не үшін қолданылады?
1. С/С++ тіліндегі функция деген не, не үшін қолданылады?
2. Функция баяндалуы қандай бөлімдерден тұрады?
3. Қолданушы функция қандай мақсатта құрылады, қандай салада қолданылады?
4. Параметрлі функцияның параметрсізден айырмашылығы қандай?
5. Рекурсивті функция деген не?
Дәріс 15. Файлдармен жұмыс.
Файл дегеніміз – ДК сыртқы жадысының атау берілген аумағы (қатты диск, иілгіш диск, элекетрондық «виртуальды диск»), немесе логикалық құрылғы – ақпаратты берудің потенциалды көзі немесе қабылдаушысы.
Си тілінде файл байттар ағыны ретінде қарастырылады. Файл құрылымына арнайы нұсқағыш арқылы қол жеткізіледі. Файлмен жұмысқа арналған программаны қарастыралық ( аттарын және баллдарын енгізу):
#include <conio.h>
#include <stdio.h>
int main()
{
int bal;
char name[15];
FILE *file;
if ((file = fopen("1.txt","w")) == NULL)
printf("файлды ашу немесе құру мүмкін емес \n");
else{
for(;;){
scanf ("%d%s", &bal, name);
if (bal == 0)
break;
fprintf(file,"%d %s\n", bal, name);
}
}
fclose(file);
return 0;
};
file құрылымы ( файл дескрипторы ) – FILE *file;
File ( файл дескрипторы) құрылымына нұсқағыш баяндалады. Құрылым – ерекше тип.
if ((file = fopen("1.txt","w")) == NULL), fopen екі параметрді қамтиды. Біріншісі – файл аты, екіншісі– ашылатын файлмен жұмыс режимі. Біздің режимімізде, егер файл жоқ болса, онда ол құрылады, ал егер файл бар болған болса, оның құрамындағылар толығымен өшіріледі. Бұл функция нұсқағышты FILE ( дескриптор файла ) құрылымына қайтарады, енді осы нұсқағышпен файлды басқара аламыз. If операторы қолданылады, себебі, нұсқағыш NULL-ге тексеріледі, егер файл ашылмаса NULL болуы мүмкін ғой.
fprintf(file,"%d %s\n", bal, name); – деректерді файлға жазу операторы.
fclose(file); – файлды жабу, осылайша ресурс босайды.
Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 2631;