Алгоритмдердің базалық канондық құрылымдары

Алгоритмдерді компьютерде жүзеге асыру үшін алгоритмдік тіл қолданылады, кез келген программаны үш базалық құрылымдар комбинациясын қолданып жазуға болады:

- бірінен соң бірі орналасу немесе операторлардың тізбегі;

- тармақталу немесе шартты оператор;

- қайталау немесе цикл операторы.

Канондық құрылымдардан құрылған программа регулярлық программа деп аталады, яғни бір кірісі және бір шығысы болады.

Бірінен соң бірі орналасу – стрелкмен байланысқан, функционалдық блоктар тізбегі.

Тармақталу – логикалық шартты тексеру.

Ауыстырып-қосқыш– көптеген альтернативадан біреуін таңдау.

Қайталау – алгоритм (программа) фрагментін көп мәрте орындау.

Си тілін 1972 жылы Д. Ритчи Bell Laboratories (АҚШ) фирмасында жасап шығарды, ол UNIX ОЖ-ң құрылуымен байланысты пайда болған жүйелік программалау тілі болып табылады.

Си тілі –заманауи тіл, мынадай басқарушы конструкцияларды қамтиды: бірінен соң бірі кезектесіп орындалу, тармақталу, циклдар, модульдер, функциялар. С++ тілі Си тілінің дамыған түрі, объектілі-бағытталған программалау жабдықтарын қамтиды.

С/С++- тіліндегі айнымалылар – белгілі бір мән сақталатын, жадының атау берілген аймағы, синтаксисі:

тип айнымалы аты [= мәні];

мұндағы: тип: бөлінетін жады өлшемі; айнымалы аты: кез келген ағылшын тілінде жазылған атау; мәні: (міндетті емес параметр) бірден айнымалы мәнін беруге болады;

int a,b,c;
float d = 2.01, f;

С/С++ тілінің алфавиті

С/С++ тілінде символдар жиынын бес топқа жіктеуге болады.

1. Кілттік сөздер мен идентификаторларды баяндау үшін қолданылатын символдар. Оған A-дан Z-ке дейінгі бас әріптер, a-дан z-ке дейінгі кіші әріптер, астын сызу белгісі кіреді. Бас әріп және кіші әріпте ерекшелік бар, себебі олардың коды әртүрлі;

2. Орысша бас әріптер және кіші әріптер; 0-ден 9-ға дейінгі араб цирларлы;

3. Нөмірлеу белгілері және арнайы символдар (+, - , *, %, ?, ^, /, ~, !, &, “,|, = , ‘, ., :, ;, <, >, ( ), [ ], { }, #). Бұл символдар есептеу процесін ұйымдастыруда, сондай-ақ компиляторға белгілі бір ұсыныслар жиынын беру үшін де қолданылады;

4. Басқару және бөлгіш символдар. Оған: пробел, табуляция символдары, қатарды көшіру, каретканы айналдыру, жаңа бет, жаңа қатар кіреді.

Басқарушы тізбек, яғни енгізу-шығару функцияларында қолданылатын арнайы символдар комбинациясы.

Символдардан лексемдер құрылады өзіндік маңызы бар тілдің минимальды бірлігі. Оған: атаулар (идентификаторлар), тұрақтылар, кілттік сөздер, операция белгілері, бөлгіштер (жақша, нүкте, үтір және т.б.) кіреді.

Идентификатор – бұл латын әріптері мен цифрларының тізбегі, әріптен (бас, кіші әріп ерекшеленбейді) басталады, айнымалыны, типтерді, тұрақтыларды, ішкі программа, программа және т.б. белгілейді, тілдің кілттік сөздерімен сәйкес болмау керек.

Кілттік (қордағы) сөздер– лексемдер, компилятор үшін ерекше маңызы бар.

Тұрақты – программа жұмысы кезінде өз мәнін өзгертпейтін шама. Си-де тұрақтылардың төрт түрі бар: бүтін тұрақтылар (10, 8, 16-лық сан, осы формаларды береді), жылжымалы үтірлі тұрақтылар (бір немесе бірнеше ондық цифрдан тұрады, біріншісі 0 болмау керек), символдық тұрақтылар, қатарлық литерлер.

Өрнек –бұл мәнді есептеу ережесі. Өрнекте операндалар бар, олар операция белгілерімен біріктірілген. Өрнек операндалары мыналар болуы мүмкін: тұрақтылар, айнымалылар, функция шақырулары. Операция белгілі бір тәртіп бойынша, приоритетпен орындалады Операцияның орындалу тәртібін өзгерту үшін дөңгелек жақшалар қолданылады.

 

Негізгі әдебиет: 5[14-37], 6 [15-17, 93-96], 10 [4-10], 12[9-24]

Қосымша әдебиет:16[11-33], 17[33-98], 19[8-16]








Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 4329;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.