Бақылау сұрақтары. 2. РТЖ-ң негізгі сипаттамалары.

1. РТЖ-ң жіктелуі.

2. РТЖ-ң негізгі сипаттамалары.

3. РТЖ-ң негізгі даму бағыттары.

4. РТЖ-ң ақпараттық технологияларына не жатады?

5. Спутниктік және навигациялық жүйелерін бірге қолданылуы қандай артықшылықтарды береді?

Дәріс 6. Телекоммуникациядағы ақпараттық технологиялар.

Үнемі қарқынды өсу үстіндегі және жылдам төзу мүмкіндігіндегі заманауи ақпараттық технологиялар жекелеген корпорациялар, сондай-ақ қоғамдағы еңбекті ұйымдастыру, еңбекпен қамтудың жаңа формалары үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Мұндай мүмкіндіктер көрелгі елеулі өсуде-жаңадан енгізу адам өмірінің барлық салаларына, отбасына, білімге, жұмысқа, адамзат қоғамының географиялық шекараларындағы барлық салаларға әсер етуі.Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар еңбек өнімділігін, өндіріс көлемін, инвестициялар мен еңбекпен қамту арасында өзара байланыстарды беріктендіруде елеулі үлес қоса алады. Желі бойынша таратылып отырған қызметтердің жаңа түрлері көптеген жұмыс орындарын ашуға қабілетті, мұны соңғы кездегі тәжірбиелер растап отыр.

Заманауи ақпараттық технологиялардың негізі болып келесі төрт техникалық жетістіктер табылады:

1) ақпарат тасымалдаушыларының дамуы;

2) байланыс құрлдарының дамуы;

3) дербес ЭЕМ көмегімен ақпаратты автоматты түрде өңдеуге мүмкіндік;

4) қашықтан қатынасқа мүмкіндік және үлестңрңлген қорларда, деректер банкідегі ақпаратты қңдеу.

ЭЕМ-ді желілерге (локальды және жергілікті) біріктіруі қолданушыларға ортақ ақпараттық ресурстарға жылдам қол жеткізу мүмкіндіктерін береді, ақпараттық алмасуға аз уақыт, аз шығын кетеді және есептеу ресурстарын оптимальды пайдалануға мүмкіндік береді.

Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялардың дамуға және оның қарқынына экономикалық жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауым-дастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқу үрдісінде жаңа технологиялық әдістермен қондырғыларды кең көлемді қолдануды қажет етеді.

Оқушы немесе студенттің ақпа-раттық технологияны пайдалану, оның кейбір элементтерінің жеке шығар-машылық байланысымен сипатталады. Олардың бір-біріне деген әсерінде байқауға болады. Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақты электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптасытруға, шығар машы-лықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айландыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі-оны компьютер жа-дында сақтау мүмкіндігі, оны компьютерлік желелер арқылы тарату болып табылады.

Локальды есептеу желі (ЛЕЖ, ағыл. Local Area Network, LAN) – компьютерлік желі, әдетте ол шағын географиялық аумақпен (1 бөлме, бір ғимарат, бір аудан) ерекшеленеді.

Бірақ ЛЕЖ-ң басқа түрлері де бар, олар 12 500 км ден үлкен аралыққа (ғарыштық станциялар мен орбиталық орталықтары) созылуы мүмкін.

Жергілікті желі - өзара кәбілмен байланыстырылған компьютерлердің шет құрылғылардың (принтер және т.б.) және коммутациялық құрылғылардың жиыны. Кәбіл ретінде ―жуан коаксиалды кәбіл, – жіңішке коаксиалды кәбіл талшықты – оптикалық кәбіл және т.б. қолданылады. – жуан кәбіл жоғары өткізу мүмкіндігін талап ететін бөлімшелерде қолданылады. Талшықты – оптикалық кәбіл басқа кәбілдердің жылдамдығы мен сенімділігі төмен жағдайда, осы кемшіліктерді болдырмау үшін ретранслятарсыз бөлімше құру мақсатында қолданылады. Дегенмен кәбілдік желінің құны жоғары, сондықтан бұлар кең қолданысқа ие бола аламай отыр. Негізінен жергілікті компьютерлік желілер – жіңішке кәбіл немесе қосесулі сым негізінде құрылады.

Алғашында желілер – жіңішке Ethernet принципі бойынша құрылды. Оның негізінде – желілік бейімдеуіш, бір бірімен коаксиальды кәбіл арқылы тізбектей байланысқан компьютерлік желі құрылды. Желі көлемінің өсуіне байланысты бір шинада көптеген компьюетлердің параллелді жұмысын ұйымдастыру қиын болды. Коаксиальды кәбілдін жұмыстан шығуы желінің жұмысын тоқтатып тастайды. Ал үзілген жерді немесе программалық ақауды анықтау мүмкін емес еді.

Сондықтан компьютерлік желінің алдағы дамуы құрылымдау принципімен жүзеге асырылып отыр. Бұл жағдайда әр желі өзара байланысқан бөлімшелерден – құрылымдар жиынынан жинақталады. әр жеке құрылым желілік бейімдеуішті бір неше компьютерлерден тұрады. Әрқайсысы жеке есулі қоссыммен – коммутатормен байланыстырылған. Қажет болған жағдайда желіге жаңа құрылым қосылады. Қосесулі сым принципі бойынша желі құру кезінде көпрек кәбіл қолдануға болады. Кәбіл тек әрбір жұмыс орынына таратылып ғана қоймай, алдағы уақытта қажет болады деген жерлерге де тартылады. Жаңа қолдаушыны қосуда тек бір немесе бірнеше панельдерге коммутацияны өзгертсе жетііп жатыр. Құрылымдалған желі дәстүрлі желіге қарағанда қымбатырақ бірақ көптеген жылдарға дейін қолданысты қамтамасыз етед. Осы принцип бойынша құрылған желілер үшін арнайы электронды жабдықтар қажет. Соның бірі – хаб – желінің коммутациялық элементі болып табылады.

Батыс әлемінің көпшілігі желімен байланысты жұмыс істейді. Желіні экплатациялау тәжірибесі мынаны көрсетеді: желі бойынша жіберілетін ақпараттың 80% бір офистің ішінде жүзеге асады екен. Сондықтан желі мамандарының назары жергілікті есептеу желісіне (LAN) ауып отыр.

Ауқымды компьютерлі желі(ағыл. Wide Area Network, WAN).Жырақтағы компьютерлік желіге қосылу үшін телефон желісі керек. Телефон желісі арқылы деректерді бері процессі электронды тербелістер формасында – дыбыстық сигнал түрінде жүреді, компьютерден код түрінде сақталады. Компьютерден ақпаратты телефон желісі арқылы беру үшін кодтар электрлі – тербелістерге түрлендірлу керек. Бұл процесс модуляция деп аталады. Адресат өзіне жіберілгенді өз компьютерінде оқу үшін электрлі тербелістерді қайтадан машиналық кодқа түрлендіріледі, бұл – демодуляция деп аталады. Цифрлық формадан аналогты формаға ақпаратты түрлендіру құрылғысы (және кері түрлендіру) модем деп аталады.

Интернет (ағыл. Internet) – Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрылқтарды біріктіріп отыр.

Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.Yйден шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын aлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымықызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз .

Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаңалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге aзiр. Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.

Қазақстан республика бойынша 118-140 мың адам шамасында Интернеттiң тұрақты қолда-нушылары бар. Ақпараттық технологиялардың жылдам дамуының арқасында бұл мөлшер жылдан-жылға артуы сөзсiз.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етеді. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, теле-конференция, видео-конфе-ренция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда.

IP-телефония – интернет желісі немесе басқа да IP желісі бойынша дыбыстық сигналды жіберетін байланыс жүйесі. Сигнал байланыс каналы бойымен сандық түрде жіберіледі, және де жіберілер алдында шығынды жою үшін сығылады. Бұл технологиясы үйде немесе офистегі телефон желісін қосудың қарапайым әдісі ретінде қолданылады.

Қасиеттері: конференция, қоңырау шалуды қайта адрестеу, автоматты түрде нөмірді қайта теру, қоңырау шалушының нөмңрін анықтау.

Дәстүрлі телекоммуникациялық компанияларға қарағанда ақысыз беріледі.

Стандартталған протоколмен қорғалған қоңырау шалулар (мысалы СРТП). Қорғалған телефон шалулар мәселесінде туындаған қиындықтар, мысалға сигналды цифрлендіру шешілген. Қолданылатын протоколда тек сигналды шифрлеуді және оны идентификациялауды орындау керек.

Орналасу жеріне тәуелсіздігі. Мысалға, қоңырау шалу орталығының операторлары тұрақты интернет желісі арқылы кез келген офистен жұмыс істей алады.

Басқа адамдармен интернет арқылы интеграция сонымен қоса видео-қоңырау шалу, сөйлесу кезінде мәліметтер және хабарламалармен алмасу, аудио конференциялар, адрестік кітапшаны басқару және де басқа абоненттерге қоңырау шалу туралы мәліметтер алу мүмкіндігі бар.

Қосымша телефон қасиеттері, соның ішінде қоңырау шалуды маршрутизациялау , ағып шығатын терезелер, алтернативті ЦСМ роуминг және ЫВР – оңай және арзан кіріктіру мен инеграциялау. Телефон қоңырауы дербес компьютермен бір жерде орналасу фактісі көптеген мүмкіндіктерге жол ашады.

 

Негізгі әдебиет: 2[5-117]

Қосымша әдебиет: 14[23-50]

 








Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 2448;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.