Психологиялық профилактикалық жұмыстың мазмұны

Психолог әр жастық кезеңді есепке ала отырып, әр түрлі жастағы балаларға арналған дамытушы бағдарламаларды жасап, жүзеге асырады. Бағдарламалар білім беру мен тәрбие жұмыстарында барлық жастағы топтың балаларымен, сол сияқты тәрбиешілер, мұғалімдер, ата-аналармен де жүргізіледі. Ең бастысы – оқушылардың барлығына практикалық іс-әрекетті өздерінің қызығушылығын, қабілеттерін анықтауға, дамытуға және өзін білімнің барлық саласында байқап көруге мүмкіндік беру. Сондықтан да әрбір баланың танымдық сферасы мен іс-әрекетінің кеңейіп, өзіне «осы уақыттағы мәдіниеттің әсерін» сезінуге мүмкіндік туғызу керек. Дамытушы бағдарламалардың да негізгі мәне осында.

Психолог жасайтын дамытушы бағдарламалардың қамту аймағы өте кең, күрделі. Мұнда психолог баланың қоршаған ортасын, оған әсер ететін барлық жағдайларды; ойынды, оқу процесін, тәрбиелік іс-шараларды, қарым-қатынасты, театрға, табиғатқа баруды, спорттық секцияларды талдайды. Мұнда бұның бәрі баланы психикалық, тұлғалық дамуына қаншалықты әсер ететіндігін анықтайды.

Психолог баланың болашақтағы интеллектуалды және тұлғалық дамуында белгілі бір пайда болатын қиындықтарды ескеріп отыра алатын психологиялық ерекшеліктерін анықтайды.

 

Білім берудегі практик психологтың негізгі іс әрекеттерінің түрлері.

Бала психологының негізгі іс әрекеттерінің бағыттары: психологиялық оқыту, психологиялық профилактика, психологиялық кеңес беру, психологиялық диагностика, психологиялық коррекция жатады. ңң

Кез келген шынайы ситуацияда психологтың кез келген жұмыс түрі мәселеге, жұмыс жүріп жатқан орынға байланысты негізгісі бола алады.








Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 4311;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.002 сек.