Психологиялық оқыту.
Біздің қоғамда психологиялық білімді меңгергенадам сирек кездесіп, психологиялық мәдениеті төмен басқа адамның жеке тұлғалық ерекшеліктерін, қызығушылықтарын қарым қатынаста ескермейтін адамдар тізімі біршама көп кездеседі.
Педагогика ұжымында отбасындағы сияқты көптеген тәрбиеші бала арасында конфликтілер болып тұрады. Бұл конфликтілер негізінен психологиялық мәңгүрттіктен тәрбиелеуші бала тұлғасын тыңдай, түсіне кешіре тани білмегендіктен болады.
Сонықтан да практик психолог маманы үшін балалар мен жұмыс істейтін кәсіби мамандардың психологиялық мәдениет деңгейін көтеру өте маңызды.
Психологиялық оқыту үлкендерді (тәбиешілер, мұғалімдер, ата аналар) және балаларды психологиялық біліммен қаруландыру.
Психологиялық оқытудың негізгі мәні мынада:
1. Тәрбиешілерді, мұғалімдерді және ата аналарды қалыпты балалардың психикалық дамуының негізгі жағдайы және заңдылықтарымен таныстыру.
2. Жаңашыл психологиялық зерттеулердің нәтижесін талдау және түсіндіру.
3. Психологиялық білімге қажеттілікті қалыптастыру, оны баламен жұмыс істегенде немесе өзінің жеке қызығушылығында қолдануға итермелеу.
4. Оқушыларды негізгі өзін тану және өзін тәрбиеле ұғымдарымен таныстыру.
5. Баланы тәрбиелеу білім беру мекемелерінде психолог жұмысының және практик псиологтың қажеттілігін түсіндіру.
Психологиялық оқыту әртүрлі формада болуы мүкін: лекция, семинар, әңгіме, көрме әне т.б.
Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 3727;