Азіргі шетел этнопсихологиясының дамуы. Психоаналитикалық антропология. Кросс-мәдениет
Ежелгі ғылым психологтарға этникалық топ өкілдерінің ұлттық-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасу негізі мен әсер ету факторларын нақты әрі дұрыс интерпретациялауға, адамдардың әр түрлі даму деңгейіндегі психиканың қалыптасуының, жұмыс жасауының, трасформация көріністерінің ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік береді.
Сөйтіп, этносоциология-гректің тайпа, халық және латынның қоғам, гректің ғылым деген сөздерінен тұрады. Этносоциология- этнография мен социология ғылымдарының түйісу негізінде пайда болған, әр түрлі этностық жиындарда болатын қоғамдық құбылыстарды зерттеумен айналысатын ғылыми пән. Бұл бағыт құбылыстардың заңдылықтарын психологиялық немесе әлеуметтік деп жіктеп түсіндірмейді, керісінше оларды араластырып түсіндіреді.
Этномәдениеттану-гркетің тайпа, халық және латынның даму, гректің ғылым деген сөздерінен тұрады. Бұл мәдениет туралы ғылымның бір саласы, ол ұлттардың этнопсихологиялық мінездемесін анықтайтын факторға мәдениеттік ортаны жатқызады. Бұл бағыт бойынша, мәдениет деген қоғамдық ортаға шек қоюдан басталады. Ежелгі даму жолында әрбір ұлтта мәдени құндылықтардың біржақты жүйесі қалыптасып, оны ұлт өкілдері этникалық сананы көрсету үшін пайдаланады.
Мәдени антропология-латынның даму, гректің адам туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Мәдени антропология-этнография мен мәдениет ғылымдарының түйісуінің негізінде пайда болған, адамдарды әр түрлі ұлттың өкілдері, мәдениеттің өкілдері ретінде қарастырып, зерттейтін ғылым болып табылады.
Этнопедагогика-грек тілінен аударғанда тайпа, халық туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Оның зерттейтін мәселелері:
- нақты ұлт өкілдеріне тән мақсат-міндеттерін, амал-тәсілдерін, тәрбиелеу мен оқытудың тәсілдерін;
- әр түрлі ұлт өкілдерінің тәрбиелеу мен оқытудың салыстымалы спецификасын;
- белгілі бір ұлт өкілдерін тәрбиелеу мен оқытуға ұлттық психологияның әсерін;
- педагогикалық және үйретушілік процесс әсерінің заңдылықтарын;
Этнопедагогика этникалық психологиямен тығыз байланысты, бірақ оларды біріктіруге болмайды.
Этнопсихолингвистика-гректің тайпа, халық, жан, латынның тіл деген сөздерінің жиынынан тұрады. Этнопсихолингвистика-лингвистикалық ғылымның бір саласы, этностық психиканың қалыптасуының негізгі факторына этностық тәжірибені көрсететін, оның тілді, ойлауды жатқызады. Осы ғылым өкілдерінің ойларынша, тілдің құрамы ойлаудың құрамын анықтайды, ал тілдің спецификалық функциясы психикалық процесстердің дамуының ерекшелігіне әсер етеді.
Этнопсихология -адамдар психикасының этностық ерекшеліктерін зерттейтін психологияның саласы, түрлі нақты этностық бірлестіктерге жататын адамдардың психологиялық өзіндігі туралы ғылым.
Өткен ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап әлемдік масштабта ұлттардың өз тұрмысын сақтауы, тұрмыстық мәдениеттің қайталанбастығының және психологиялық құрылымның ерекшеленуіне, адамның белгілі бір этникалыққа жататындығы – ұлттық ана-сезім немесе этникалық иденттілікке ұмтылыс үрдісі басталды. Барлық континенттердегі көптеген елдердің тұрғындарына әсер ететін бұл құбылыс басында қазіргі күндегі этникалық парадокс атауына ие болды, себебі ол өсе келе жатқан рухани және материалдық мәдениеттің унификациясымен бірге жүреді. Бірақ қазіргі күндегі этникалық қайта тірілу XX ғасырдың екінші жартысындағы адамзат дамуының негізгі белгілерінің біреуі деп қарастырылады. Өз тамырларына деген қызығушылық бөлек адамдар мен бүкіл халықтарда сан алуан формада көрініс табады: байырғы заманғы дәстүрі қайта тірілту тәсілінен бастап, кәсіби мәдениетті фольклоризациялау, «құпия ұлттық жанның» ізденісі мен өз ұлт мемлекеттілігін құру және қайта құруға дейін. Өкінішке орай, бұл заңдық мүдделер басқа ұлттық мүдделермен кездескенде, біз этноаралық конфликтілер жағдайына куә боламыз. Бірақ та егер бүкіл әлемде әр түрлі ғылымдардың өкілдері 30 жылдан аса этникалық қайта тірілуді зерттесе, бұрынғы КСРО-да процесс қарама-қарсы бағытта өтті: ұлттар, қоғамдастықтар керісінше бір-біріне жақындаған, ал ұлттық сұрақ толығымен шешілді деген. Шын мәнінде біздің еліміздегі жағдай әлемдегіден ерекшеленген жоқ, мысалы:
4. империялық колониалды мұра;
5. адамзатқа қарсы зорлық көрсету;
6. мемлекетті этно-территориялық түрде бөлу.
Алайда қазіргі кездегі адам өмірінде белгілі бір ұлтқа жататындығын түсіну, оның ерекшелігін іздестіру – соның ішінде психикалық ерекшелігін – онда этникалық фактордың психологиялық аспектісін зерттеу қажет. Этнопсихологияның басқа ғылымдар сияқты (этноәлеуметтану, этносаясаттану) дамуы қажет. Этнопсихологтар түрлі ұлттардың өкілдерінің байланыс орнатуы кезінде бірін-бірі түсінбеу себептерін қайдан табу керек екендігін, мәдениетпен шарталған психикалық ерекшеліктер бар ма, этноаралық конфликтілер өсуін қамтамасыз ететін психологиялық құбылыстар бар ма екендігін анықтайды. Көптеген осы сұрақтардың ішінде этникалық иденттіліктің өсуінің психологиялық себептері туралы сұрақ та бар.
Әлеуметтік ғылымдарда XX ғасырдың екінші жартысындағы этникалық қайта тірілудің бірнеше түсіндірмелік концепциялары бар. Түрлі әлеуметтік мектептер этникалық иденттіліктің өсуін: а) дамыған халықтың экономикалық және техникалық экспансиясына халықтың дамуы арттта қалғандарының реакциясы; б) бүкіл әлемдік әлеуметтік бәсеке; в) үлкен әлеуметтік топтың экономикасында және саясатта әрекет-қылықтың жоғарылауы. Бұнда дәл сол этникалық қоғамдар басқа топтар не кластарға қарағанда неғұрлым тиімді жағдайларда болатыны анықталды.
Ол жеке ғылым ретінде 19 ғасырдың орта кезінде көріне бастады.Ал, қазақ топырағындағы іргетасы Ш.Уалиханов еңбектерінде қаланды.Оның халық рухы дегені осы ғылымның басты категорияларының бірі болатын.Өйткені бұл өзінің қолдануы мен мағынасы жағынан этнопсихология үғымына жақындайды.
Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 2891;