Мұрагерлеріміздің, қазақ баласын қазақша оқытып, тәрбиелейік.

Тоқырау жылдарындағы қоғамдық дамудың өрескел іркелістері мектеп және халық ағарту саласында кеселді көрініс тапқанын атап көрсету қажет. Қазақ алфавитінің жиі өзгерістерге душар болуы қазақ халқының мол рухани мәдениеті мен баға жетпес халықтық тәлім-тәрбие үлгілерін мансұқ ету, тарихи сабақтастық принциптерінің бұзылуы қазақ халқының рухани мәдениетінің дамуын ғана тежемей,бүкіл ағарту ісімен ұлттық мектептің дамуына да орасан залалын тигізді. Ұзақ жылдар бойы оқушы жастардың санасына жалпы азаматтық абстрактілі мінез-құлық ережелері сіңіріліп, ұлттық моральдың асылы мен халықтың этнопсихологиялық ерекшелектері еленбеді, жеке тұлғаның белгілі бір этносқа қатынасы ауызға алынбады. Біз жас өспірімнің тек мирасқор емес,ол келешек ұлттық мәдениетті жасаушы әрі этнос тілінің иегері екенін сол жылдары ұмытып кеттік. Соның салдарынан олардың көбі ұлттық мақтаныш сезімінен мақрұм қалды. Ұлттық пен интернационалдықтың бірлігі тек сөз жүзінде үйлесіп.тексіз ингилистер қалыптасты.

Ғылыми тәлім-тәрбие бойынша жастарды белгілі бір халықтық дәстүрінде оқыту мен тәрбиелеу – қаллыпты мінез-құлық ережелерін сөз, насихат жүзінде ғана сіңірмей,олардың бүкіл өмір салтының процесіне үзілмес арқау ету арқылы жүзеге асырылатыны мәлім. Осыдан келіп тәлімгер тек оқытумен ғана шектелмей,тәрбиеленуші бойына этностың қалыпты мінез-құлық ережелерімен асыл қазыналарын, сол ұлтқа тән морльдық қасиеттерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.

Біз мектепте де, үйде де шәкірттерге этнос тағдырын өз тағдырындай қабылдауды, тұрмыстағы және қоғамдағы этносқа ортақ өмір заңын әр бір мәдениетті адамның өз тәжірибесі ретінде түсінетіндей етіп керек. Мұндай қасиетті бойына дарытпаған, өз этносына тән психологиялық ерекшеліктерді,мінез-құлық ережелерін сақтай алмайтын тұлғаны кемелденген, өзінше дербестікке жеткен азамат деуге, жалпы толыққанды адам санатына қосуға болмайды.

Этнопсихологиялық фактор әртүрлі әлеуметтік құбылыстарға да ықпал жасап отырады. Мәселен, экологиялық катаклизм зобалаңдары салдарынан Қазақстан – түрлі ауруларға ұшыраған балалар үшін жасалған материялдық базасы тіпті,ана тіліндегі емдеу,оқу-нұсқау құралдарын әзірлейтін бірде-бір медициналық – педагогикалық лабараториясы жоқ Одақтағы жалғыз распубликаға болып отыр.

Негізгі көрсеткіштері жөнінен қазақ мектептері қазірде Одақ бойынша соңғы орында тұр. Қазірде саны мың жарымға жеткен аралас деп аталатын мектептепрдің де келешегі күңгірт.

Оқыту мен тәрбиелеу бір парақтың екі беті тәрізді ажырамас қосарлы процесс ретінде кеңестік тәләм-тәрбиеде дәлелденгені мәлім.Бюрократия қасарыса қорғап отырған мектептердің бірде-бірінде білім берудің психологиялық-педагогикалық принципінің үш тірегі-оқыту, тәрбие және дамыту тұтас сақталмай отыр. Аралас мектептерде балалар ана тілінде оқып,білім алғанымен, бүкіл тәрбие жұмысы мен жеке басты дамыту мәселесі тығырыққа тіреліп тұр. Өйткені, бұларда тәрбие жұмыстары шәкірттердің ана тілінде жүрмейді. Ұлттық өзіндік сана,азаматтық сенім мен тұлғаның қалыптасуындағы аса маңызды халықтық озық тәрбие дәстүрі еленбей, оқушылардың бір бөлігінің этнопсихологиялық атрибуты ескерусіз қалдырылады.

Сөйтіп, қазіргі аралас мектептердегі тәрбие жұмысының мазмұны. Ресейдің өркениет өкілдері бұдан жүз жылдан астам уақыт бұрын айыптаған миссионер Ильминский жүйесінің өзінше бір түрі болып отыр.








Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1460;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.