СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҰМЫСЫ

Студенттердің өз бетінше жұмысы – көп күш жігер жұмсауды қажет ететін жұмыстың түрі. СӨЖ – арнаны уақыт ішінде оқытушының тапсыруымен, бірақ тікелей көмегінсіз орындайтын жұмыстары. СӨЖ үшін белгілі дәрежеде студенттің ақыл-ойы, күш-жігері, білімі мен қабілеті жұмсалады. СӨЖ-ның түрлері мен типтері, классификациясы педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде бұрыннана қалыптасқан. Жоғары мектептің қазіргі дидактикасы СӨЖ-ның төмендегідей классификациясын тиімді деп есептейді

Ø Үлгі бойынша өз бетінше жұмыс;

Ø Сындарлы-вариативті (конструктивно-вариативный) өз бетінше жұмыс;

Ø Эвристикалық өз бетінше жұмыс;

Ø Ізденушілік өз бетінше жұмыс;

өз бетінше іздену студентке ғылыми көзқарасының қалыптасуына және шығармашылық кәсіптік қабілеттің дамуына негіз салады.

Студенттердің өз бетінше жұмысының түрлеріне:

Ø Оқулық және қосымша әдебиеттермен жұмыс;

Ø Сөздіктермен, энциклопедиялармен жұмыс жасай білу

Ø Коллоквиумда, семинарда өз көзқарастарын ауызша айта білу;

Ø әр пәннің ерекшелігіне сай негізгі ұғымдарды таба білу және қорытынды жасай білу

Ø конспект, шығарма, мәнжазба, баяндама,аннотация жазу;

Ø жаттығулар орындау, кестені толтыру, сызбалар сызу

Ø тезис, жоспар құру, ауызша пікір айту жатады.

 








Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1768;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.