ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК

Экология - ағзалардың (организмдердің) тіршілік ету жағдайларын және ағзалардың тіршілік ету ортасы арасын-дағы өзара байланыстарын зерттейтін биологиялық ғылым-ның бөлімІ (биоэкологая).

Биология ғылымы- зерттеу заты өмірдің мөні, пайда болуы, дамуы мен сан алуандығы болып табылатын тіршілік туралы ғылым.

Тіршілік- қоршаған ортамен зат және энергия алмасу негізінде өзіндік жөне реттелген қүрылымдардың қайта есіп-өнуін үнемі қамтамасыз етіп отыратын процесс.Тіршілік - қоршаған табиғи ортамен үнемі зат, энергия алмасу жағдайында болатын белокті денелердің өмір сүруі (Ф.Энгельс).

Ағза(В.И.Вернадский бойынша) - құрылымы түйық, сатылы үйымдасқан, тепе-тең емес, өздігінен қалыптасатын, заттар мен энергия алмасулар бойынша ашық жүйе.

Түр - еркін будандасатын және жемісті үрпақ беретін, морфологаялық, физиологаялық жөне биохимиялық ерек-шеліктерінің түқым қуалаушылық ұқсастығына ие дарақтар-дың жиынтығы.

Дарақ, тұлға- тіршіліктің бөлінбес бірлігі (ағзаны қара).

Популяция- түрдің тіршілік ету формасы, бір түрдің ортақ тектік қоры бар және мекендеу жағдайлары бірыңғай белгілі бір кеңістікке қоныстанатын дарақтарының жиын-тығы.

Тектік қор (популяция)- популяция гендерінің жиын-тыгы, популяция немесе түр топтары.

Қауымдастық- табиғи шектелген тіршілікке жарамды кеңістік шекарасындағы түрлердің өзара байланысы мен өзара төуелділігінің жиынтығы.

Биоценоз- қүрлықтың немесе су қоймаларының бір-ыңғай аймағына қоныстанған микроағзалардың, өсімдіктер-дің, саңырауқүлақтар мен жануарлардың өзара байланысқан жиынтығы (биотоп).

Биотоп (экотоп)- бір биоценоз жайлаған биосфераның сулық, жер бетілік, жер астылық беліктерінің шегіндегі абиотикалық факторлары бойынша біршама біркелкі кеңістік. Биотоп - түрдің мекен ету жерінің синонимі.

Фитоценоз- аймақтың бірыңғай бөлігінде өзара өрекет-тестікке түскен өсімдіктердің үйлесуінің нетижесінде тарихи қалыптасқан өсімдіктердің қауымдастығы. Оны белгілі бір түрлік қүрам, тіршілік қалыптары, жер бетілік жене жер астылық қабаттар, молдығы (түрлерінің кездесу жиілігі), тара-луы, аспектісі (сыртқы түрі), өміршендігі, дамуының мезгілдік өзгерістері (қауымдастықтың ауысуы) сипаттайды.

Зооценоз- жануарлардың қауымдастығы.

Микробоценоз- микроағзалардың топтары.

Микоценоз- саңырауқүлақ топтары.

Биогеоценоз- бұл терминді 1942 жылы В.Н.Сукачев ен-гізді - тұрақты, өзін-өзі реттейтін, кеңістікте шектелген таби-ғи жүйе, онда тірі ағзалар мен оларды қоршаған абиотикалық ррта функционалды өзара байланысқан.

Экологиялық жүйе- қоректік байланыстар мен энер-гияны алу тәсілдерінің негізінде бір түтастықты қүрайтын тіршілік ету орталары мен тірі ағзалардың қауымдастығы. Бұл терминді 1935 жылы Э.Тэнсли енгізді.

Биосфера немесе экосфера- Жердің қабаттарының (сфераларының) бірі, оның қүрамы мен энергетикасы өзінің мөнді белгілерінде тірі заттың жүмьіс істеуімен анықталған. Биосфераға Жер ғаламшарының тек тіршілігі бар аймағы ғана емес (витасфера), қандай да бір деңгейде тіршілікпен өзгер-тілген немесе қалыптастырылған сыртқы аймағы да жатады. Биосферада тропосфера, гидросфера, литосфера бар. Био-сфераның жоғарғы шегі озон қалқасы болып табылады. Био-сфера туралы қазіргі ілімнің негізін салған В.И.Вернадский.

Ноосфера- ақыл-ой сферасы - биосфераның дамуында адамзат қоғамының ойлы жөне саналы өрекеттілігінің басты ролімен сипатталатын биосфераның даму кезеңі. Экологияда зерттелетін тірі заттардың дене құрылысының деңгейіне сөйкес аутэкология, синэкология, популя-циялар экологиясы сияқты тараулар бөлінеді.

Популяциялар экологаясы -бір тектес дарақтардың табиғи топтамаларын, яғни популяцияларды зертгейтін экология бөлімі (популяциялар, ішкі популяциялық топтар мен олардың өзара қатынасы қалыптасатын жағдайларды, попу-ляция санының динамикасын, дене қүрылысын).

Синэкология - өсімдіктердің, жануарлардың, микро-ағзалардың қауымдастықтарын және олардың мекендеу ортасымен қатынасын зерттейтін экология.

Экологияның негізгі зандары:Кез келген ғылым сияқты экология да зерттелетін процесстердің жүру заңдылықтарын айқындап, оларды шағын логикалық (қисынды) және практикамен тексерілген ережелер-заңдар түрінде қалыптастырады.Экологияның бірқатар негізгі заңдарын қарастырайық, олардың барлығы - заңцар, зандьшықтар, ережелер, принциптер, шамамен 250-дей (Реймерс, 1994).

Биосфераның ауысымсыздық заңы:биосфера - бұл тіршілік ету ортасының тұрақтылығын кез келген ауытқуларға Қарамастан қамтамасыз ететін жалғыз жүйе. Қоршаған ортаның тұрақтылығын табиғи топтар сияқты қамтамасыз ететін жасанды топтар жасау арқылы қамтамасыз етуге болады деп үміттенуге ешбір негіз жоқ.

Атомдардың биогенді миграциясы заңы (В.И.Вернадскийдің):жер бетінде жене жалпы биосферада химиялық элементтердің миграциясы тірі заттың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады - бұл биогенді миграция.

Тірі заттардың физикалық-химиялық бірлігінің заңы:жалпы биосфералық заң - тірі зат физикалық-химиялық түрғыдан біртүтас; тірі ағзалардың өр түрлілігіне қарамастан олардың физикалық-химиялық ұқсастығы соншалық, біріне зиян заттың екіншісіне да қатысы бар (мысалы, ластағыштар).

Реди ұстанымы:тірі зат тек тірі заттан ғана пайда бола-ды, тірі жөне өлі заттың арасында тұрақты өзара өрекеттестік болса да, оларды бөліп түрған берік шекара бар.

"Ағза-орта" бірлігінің заңы:тіршілік өмір орта мен оны мекендеген ағзалардың біріккен жиынтығывдағы энергия тасқынының негізінде тұрақты зат жөне ақпарат алмасудың нетижесінде дамиды.

Энергия ағымының бір бағыттылығы заңы:қауымдастық алатын жөне продуценттер сіңіретін энергия ьщырайды неме-се олардың биомассасымен бірге консументтерге, сосын өрбір нөрлену деңгейінде ағымдардың түсуімен редуценттерге бері-леді; кері бағьптағы үрдістерге (редуценттерден продуцент-терге) басында алынған энергияның аз ғана бөлігі ғана (көп дегенде 0,35%) түсетіндіктен, "энергая айналымы" туралы айтудың қажеті шамалы; энергия тасқынымен сүйемелденіп отыратын заттар айналымы ғана бар.

Л.Долло эволюциясының кері айналмайтын заңы:ағза (популяция, түр) тіпті ата-бабаларының тіршілік еткен орта-сына қайтып оралса да, өзінің ата-бабалары іске асырған бүрынғы күйіне қайтып келе алмайды.

Р.Линдеманның 10 пайыз заңы (ережесі):экологиялық пирамиданың бір нерлену деңгейінен екіншісіне орташа қарқындылықпен 10% энергияның (немесе энергетикалық түрдегі заттар) өтуі өдетте, экожүйе мен энергаясын жоғалтатын нәрлену деңгейі үшін жағымсыз салдарларға апармайды.

Төзімділік заңы(В.Шелфордтың); агзаның (түрдің) өр-кендеп өсуінің тежеуші факторы болып ең аз немесе ең көп түрде өсер еткен экологиялық фактор болуы мүмкін, бұл екеуінің арақашықтығы организмнің осы өсерге төзімділігінін, шамасын көрсетеді.

Оптимум заңы:кез қелген экологиялық фактордың тірі агзаларга жағымды әсер етуінің белгілі бір шектік мәні бар.

Шектеуші фактор заңы(Ю.Либихтың минимум заңы): ағза үшін өзінің қолайлы мөнінен басқаларға қарағанда көбірек ауытқитын факторлар маңызды келеді; осы фактор-ларға дарақтардың осы жағдайда тірі қалуы байланысты болады, ағзаның өсуін сол ағзаның ішіндегі ең аз (минимум) мөлшердегі зат бағыттап отырады (мысалы, Д витамині жетіспесе, адамның рахит ауруына үшырайтынын білесіз).

Гаузенің ерекше заңы (ұстанымы):егер екі түрдің эколо-гиялық қажеттіліктері ұқсас (бірдей) болса, яғни олар бір ғана экологиялық қуыстан орын алса, олар бір мекенде емір сүре алмайды.

Б.Комменер экологиясының "заңдары":1) бәрі бір-бірі-мен байланысты; 2) бөрі бір жаққа жоғалуы керек; 3) табиғат бәрінен де жақсы "біледі"; 4) ештеңе де текке берілмейді.

Ағза және орта:Тіршілік ету ортасы - бұл тірі ағзаның айналасындағы жөне ол онымен тікелей өзара ерекеттестікке түсетін табиғаттың бір бөлігі. Қоршаған ортаның хұрамы мен қа-сиеттері өр түрлі жөне үнемі өзгерісте түрады. Кез келген тірі зат осы күрделі, әрі, өзгермелі дүниеде тіршілік етеді: үнемі оған бейімделіп, өзінің тіршілік әрекеттілігін оның өзгерістеріне сәйкес келтіреді.

Абиотикалық факторлар- бұл өлі табиғаггың тірі ағза-ларға тікелей немесе жанама түрде өсер ететш барлық қасиетгері: оларға физикалық жене химиялық факторлар жатады.

Өлі табиғатгың физикалық факторлары -ғарыштық, климаттық, топырақтық, орографиялық, геологиялық.

Өлі табиғаттың химиялық факторларынаауаның, судын, қүрамдас бөліктері, қышқылдық (рН) жөне өнеркәсіптік басқа да қоспалар жатады.

Өлі табиғаттың ғарыштықфакторларында ғарыш тозаңы, метеориттік заттар, астероидтар, галактика кеңістігінің зат-тары мен толқындары, күн белсенділігінің циклдік өзгерістері бар.

Күн белсенділігі- бұл Күннің үстіңгі қабатынан плаз-маның алынып тасталуы, қысқа толқынды және радиосөуле-ленудің күшеюі, оны гелиобиология зерттейді.

Гелиобиология- (грекше хелиос - Күн) - күн белсен-ділігінің Жердегі тіршілік үрдістеріне әсерін зерттейді: туудың таралуы мен үшқындарынан бастап ірі климаттық өзгеріс-терге дейін. Бұл ғылымның негізін қалаушы орыс ғалымы А.Л.Чижевский (1897-1964) болып табылады.

Климаттық факторларғакүн сөулесінің энергиясы, күн энергиясының жер шарының түрлі аудандарына түсуі, тең бөлінуі, сіңірілуі, шағылуы (альбедо), атмосфераның таза-лыгы, жер бетіне жарықтың түсуі, күннің ұзақтығы, ауаның ылғалдылығы, атмосфералық жауын-шашындар, ауа масса-ларының қозғалысы (жел) жатады.

Орографиялық (геоморфологиялық) факторлар.Геомор-фология рельеф туралы ғылым. Жердің рельефі микроклимат жөне топырақ факторларына (мысалы, тау, шатқаддар, ар-налар, ойпаттар жөне т.б.) айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Су ортасының абиотикалық факторларынатығыздық, түтқырлық, жылу сыйымдылығы, ащылығы, мөлдірлігі, қыш-қылдығы, ерітілген газдар, қозғалмалылық, температуралық стратификация (градиент), температуралық режим жатады.

Антропогендік факторлар- бұл басқа түрлердің тіршілік ету ортасы ретіндегі табиғаттың өзгеруіне өкелетін немесе олардың тіршілігінен тікелей көрінетін адамзат қоғамының өрекеттілігінің түрлері.

Тежеуші фактор (шарты)- бұл төзіңділік шегіне жакын келетін немесе одан жогары болатын кез келгең фаісгор

Экологиялық төзімділік (толеранттылық) -ағзаның өзіне қолайлы экологиялық факторлардан ауытқуларға төзу кабілеті, түрдің тұрақты тіршілік етуінің жөне/немесе онын қандай да бір функциясының ортаның нақты фактооьтня немесе олардың үйлесімділігіне қатысты іске асыоылүытгмн аймағы.

Түрдің тұрақтылығы- түрдің өз әрекеттілігін оның параметрлерінің табиғи ауытқулар шегінде сақтауға қабілеггі

Гомеостаз- табиғи жүйенің (ағзаның, түрдің) оның негізгі құрылымдарының жүйелі жаңаруымен жүретін ішкі динамикалық тепе-теңдігінің, оның құрауыштарының тұракты функционалды өзін-өзі реттеуінің және затгык энергетикалық құрамының күйі.

г қа~

Өздігінен реттелу- жүйенің қызмет ету үрдісінде белгіяі бір деңгейде көдшп күйін, режимдерін, оңың тарының арасындағы байланыстардың сипатьщ сиеті.

Табиғи жүйенің құрауыштары- оның негізгі өзара тығыч байланысқан қүрамдас бөлікгері; бір құрауыш өзгепгеняе басқалары да өзгеріп, "тізбеетік реакциялар" пайда болады.

Гидробионттардың экологияльщ жіктелуі. Гидробионттар — су ортасын мекендейтін ағзалар. Суда тіршілік ететін ағзалар нектон, планктон және бентос болып бөлінеді.

Нектон(грек тілінен аударғанда пеісіоз жузетін) су түбімен тікелей байланысы жоқ еркін орын ауыстыратын, жүзіп жүретін ағзалардың жиынтығы. Бұл жануарлар өте үлкен арақашықтыққа орын ауыстыруга қабілетті және қатты ағыстарға төзімді болып келеді. Олардың дене пішіні сүйірленіп келген және ңозгалу мүшелері жаңсы дамыган. Нектонды ағзаларға балықтар, кальмарлар, ескек-аяқтылар, киттер жатады. Түщы суларда балықтардан баска, нектонға қосмекенділер мен белсенді орын ауыстыратын бунақденелілер жатады.

Планктон(грек тілінен аударғанда қалықтаушы) — негізінен су ағысының көмегімен қозгалатын, жүзетін ағзалардың жиынтығы. Олар жылдам және белсенді орын ауыстыруға қабілетсіз. Негізінен бұлар ұсақ жануарлар — зоопланктон және өсімдіктер — фитопланктон. Планктонды ағзалар су бетінде, терең жерлерде, тіпті су түбінде де таралады. Плейстон(грек тілінен аударғанда кемеде жүзу) — денесінің бір бөлігі суда, екінші бөлігі судың бетінде жүретін ағзалар (фезалия, сифонофора). Нейстон (грек тілінен аударғанда жүзуге қабілетті) су бетінде жүзіп жүретін ағзалар (бактериялар, қарапайымдылар, су қандаласы, балдырлар).

Фитопланктонсу қабатында тіршілік ететін және су агыстарының әсерімен қозғалатын негізінен балдырлардан қүралған микроскоптың өсімдіктердің жиынтығы (диатомды және жасыл балдырлар, өсімдіктекті талшықтылар және т.б.).

Зоопланктонмен бактериялар барлық тереңдіктерде кездеседі. Теңіз зоопланктонында ұсақ шаянтәрізділер, қарапайымдылар, медузалар, жүзетін гребневиктер, сальнылар, кейбір қүрттар басым. Тұщы суларда ірі шаянтәрізділер, коловраткалар мен карапайымдылар таралған.

Бентос(грек тілінен аударғанда тереңдік) су қоймаларының түбінде (грунтта) мекендейтін ағзалардың жиынтығы. Ол фитобентос, зообентос және бактериобентосқа бөлінеді. Теңіздердің фитобентосы негізінен бактериялар мен балдырлардан (диатомды, жасыл, қоңыр, қызыл) құралған. Әсіресе су түбінің жартасты, тасты бөліктері фитобентосқа бай. Тұщы сулардың фитобентосы бактериялардан, диатомды және жасыл балдырлардан тұрады. Зоо­бентос негізінен бекінген немесе баяу қозғалатын грунтты қазып тіршілік ететін жануарлардан тұрады.

Күннің ультракүлгін сәулелері —бұл күн сөулелері тол-қынының үзыңцығы 400 нм-ден кем электромагниттік тол-қындары, ал хүн спектрінің көрінетін бөлігін толқынының үзындығы 400-760 нм болатын сәулелер қүрайды.

Атмосфера - бұл қабатталған қүрылысы бар жөне бірне-ше сфералардан (тропосфера, стратосфера, мезссфера т.б.) түратын, жердің әзімен бірге айналатын газды қабыш, био-сфераның маңызды бөлігі. Атмосфера қүрамын азот (78.08%), оттегі (20.95%), көмірқышқылы газы (0.03%) жөне аз мөл-шерде (0.01%) басқа газдар қүрайды.

Тропосфера - атмосфераның Жер бетінен 9 (полюсте)-15 км (экватордгі) қашықтықта орналасқан аумағы. Тролос-ферада атмосфера массасының 80% жөне бүкіл су булары жинақтшіған.

Стратосфера- тропосфераның жоғары шегінен жоғары қарай 50 км дейінгі орналасқан атмосфера аймағы. Бұл аймақта озон қабаты бар. Озон қабаты барлық тіршілік иелеріне әте қауіітгі күннің ультрафиолетті сөулелерін Жерге қарай өткізбейді. Міне сондықтан да озон қабатын Жердегі өмірді қорғап тұратын қалқан ретінде қарастырамыз.

Ауа немесе атмосфералық ауа- біздің ғалам-шарымыз-дың түрлі газдардың қоспасынан (азоттың, оттегінің, аргон-ның, көміртегі диоксидінщ, гелийдің жөне т.б.), су булары мей тозаңцардан түратын газды қабығы.

Эдафиттік факторлар(грек. эдафос - топырақ) — топы-рақтың физикалық жөне химиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Қарашірік (гумус)— бұл өсімдіктер мен жануарлардың органикалық қалдықтарының микроорганиздердің көмегі арқылы ыдырауы жолымен пайда болған органикалық-минералды қосылыстардың күрделі кешені.

Эдафиттік факторлар(грек. эдафос - топырақ) — топы-рақтың физикалық жөне химиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Қарашірік (гумус)— бұл өсімдіктер мен жануарлардың органикалық қалдықтарының микроорганиздердің көмегі арқылы ыдырауы жолымен пайда болған органикалық-минералды қосылыстардың күрделі кешені.

Қазба байлықтар – жер қойнауындағы минералды шикізат қорының жиынтығы. Бұлар табиғаттың жаратылыс байлығының ішінде ерекше орын алады, сонымен қатар халық шаруашылығының 90% құрайтын ауыр өнеркәсіптің барлық табиғи көзі болып есептеледі.

Табиғи қорлар – адам еңбегінсіз табиғатта түзілген тіршілікке қажетті байлықтар. Оларға: су, топырақ, өсімдіктер, жануарлар, минералдар т.б. жатады. Табиғи ресурстар адам өмір сүру үшін қажетті қорек, киім, отын энергия, өнеркәсіп үшін шикізат болып табылады. Пайдалану мақсаттарына қарай табиғи ресурстар: өндірістік, денсаулық қорғау, эстетикалық, ғылыми т.б.; табиғаттың белгілі бір компонеттеріне байланысты: жер, су, орман, минералдық, энергетикалық т.б. болып және сарқылатын, салқылмайтын табиғи ресурстар болып бөлінеді. Сарқылатын ресурстар: қалпына келтірілетін, салыстырмалы қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін болып бөлінеді.

Қалпына келтірілмейтін қорлар – Жер қойнауының қазба байлықтары. Бұл ресурстарды үздіксіз пайдалану олардың таусылуына әкеліп соғады. Сондықтан, қалпына келтірілмейтін ресурстарды қорғай үшін оларды комплекті түрде пайдалану немесе олардың орнын баса алатын басқа ресурстарды іздестіру қажет.

Салыстырмалы қалпына келтірілетін қорлар – топырақ, құрлықтың өсімдік өнімін бере алатын борпылдақ қабаты және орман ресурстары.

Топырақ – ең маңызды және бағалы ресурстардың бірі. Ол тірі организмдер мен климат әсерінен біртіндеп қалыптасады. Топырақтың құнарлы қабатының 1 см бірнеше ғасырлар бойы түзіледі, ал бұзылуы, не жойылуы үшін бірнеше жыл, не тіпті күн жетіп жатыр.

Қалпына келтірілетін қорлар - өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және кейбір минералды ресурстар, мысалы, теңіздер мен көлдер түбіне шөгетін тұздар. Бұндай реурстардың қайта қалпына келуі үшін әр түрлі уақыт қажет болады, ол үшін ресурстарды пайдалану қарқыны қалпына келу қарқынымен келтірілетін табиғи ресурстар қалпына келтірілмейтін ресурстарға айналады.

Сарқылмайтын қорларға – космостық, климаттық және су ресурстары жатады. Космостық ресурстар күн радиациясы, теңіз ағысы энергиясы. Жер бетіне күн энергиясы түсуі (келіп жетуі) атмосфераның жағдайына, оның ластану дәрежесіне байланысты.

Климаттық қорларға – атмосфералық ауа, жел энергиясы, атмосфералық жауын-шашын жатады.

Су қорлары – Жер бетіндегі барлық су қорлары.

Гидросфера —бiздiң планетамыздың аса маңызды құрам бөліктерiнiң бiрi. Гидросфераға күн энергиясы мен гравитациялық күштер əсерiнен қозғалысқа түсетiн жəне бiр күйден екiншi күйге өте алатын барлық су түрлерi жатады. Гидросфера Жердiң басқа элементтерi атмосфера мен литосферамен тығыз байланысты. Жердегi су үнемi қозғалыста болады. Табиғаттағы су айналымы гидросфераның барлық бөліктерiн бiр-бiрiмен байланыстырып, бiртұтас жабық жүйе: мұхит — атмосфера — құрлықты түзедi. Ол гидросфераны түрлi бөліктерiнiң əртектiлiгiне байланысты өзгеретiн су алмасу процесiнiң белсендiлiгiн қамтамасыз етедi.

Тікелей байланыстар- бір түрдің екіншісіне тікелей өсер байқалады (мысалы, жыртқыштың жемтігіне, қорек-байланыстар). Жанама байланыстар сыртқы ортаға ықпал арқылы жүзеге асырылады.

Топтардағы популяцияаралық өзара әрекеттестіктер (биологиялық өзара әрекеттестіктер типі)- бұл әр түрлі популяциялардың топтың шегіндегі байланысы; мынадай қатынастарды бөледі: бейтарап, бөсекелес, паразиттік, жыртқыштық, бірігушілік (симбиотикалық), мутуализм, комменсализм, антагонизм.

Бәсекелестік- табиғи топтардың қүрамын анықтайтын қатынастардың басты типтерінің бірі, бөсекелес түрлер бірге тіршілік ете алмайды.

 








Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 3365;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.023 сек.