Тақырып. Биосфераның тұрақсыздануына әсер ететін антропогендік факторлар.
Жоспар:
1. Биосфераның тұрақсыздануы.
2. Әсер ететін антропогендік факторлар.
Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар:
Республика аумағында өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың мониторингін жүргізіп, оларды сақтауды, ұқсатуды және кәдеге жаратуды қамтитын қалдықтарды басқарудың мемлекеттік жүйесі қалыптасқан жоқ.
Қазақстан аумағында өндіріс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд. тоннадан астамы, оның ішінде 6,7 млрд. тонна улы заттар жинақталған, әрі олардың көлемі одан әрі ұлғаю үрдісі байқалуда.
Бұл кемшілік қолданыстағы технологиялардың ескіргендігімен, шикізат пен отынның сапасыздығымен, кәсіпорындардың өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға және қайта құнарландыруға қаражат жұмсауға құлықсыздығымен түсіндіріледі.
Өндіріс қалдықтары уытты қалдықтармен қоса әлі күнге дейін көбінесе тиісті экологиялық нормалар мен талаптарды орындамастан түрлі жинақтағыштарға қойылып сақталады. Осының кесірінен көптеген өңірлердің топырағы, жер асты және жер үсті сулары қарқынды түрде ластануға ұшырап жатыр. Жиналған қалдықтардың үнемі ұлғайып отыратын көлемі жаңа техногендік ландшафтар қалыптастырады. Yйінділер мен террикондар биіктігі өскен сайын олар желмен ұшып, зиянды шаң туғызатын нағыз қарқынды көздерге айналады.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың негізгі бөлігі құрамы жағынан бөлшектенбестен шығарылып, ашық алқаптарға тасымалданып төгіледі. Оның 97%-ы Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасы талаптарына сай емес. Оларды орналастыру және шоғырландыру еш жобасыз жүргізілген және қоршаған ортаға келтіретін әсері де бағаланбаған. Республикадағы қатты тұрмыстық қалдықтардың шамамен тек 5%-ы ғана кәдеге жаратылады, немесе отқа жағылады.
Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарға байланысты проблемаларды шешу үшін оларды басқаруды жетілдіру жөніндегі салалық және өңірлік бағдарламаларды әзірлеу қажет. Осы бағдарламалар шеңберінде қатты қалдықтарды басқару жүйесінің әзірленуі, қалдықтарды басқару құрылымын реформалау, қалдықтардың жинақталуын кемітуге бағытталған нормативтік құжаттарды әзірлеу және енгізу, қалдықтарды басқарудың есебін жүргізу және бақылау жүйесін ұйымдастыру, қалдықтарды ұқсату және қайталап пайдалану жөніндегі үлгілік бағдарламаны әзірлеу қажет болады. Неғұрлым таза өндірісті енгізу жөніндегі ғылыми зерттеулерді жүргізу, қалдықтарды ұқсату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерге ақпараттық қолдау көрсету, қалдықтарды басқарудың ілкімді жүйелеріне мамандар оқытуды ұйымдастыру, өндірістік қалдықтарды көму мен өнеркәсіптік және басқа да ағынды суларды жерге төкпес бұрын залалсыздандыру шарттары бойынша республика аумағын аудандарға бөлу көзделуі тиіс.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар:
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы елдің экологиялық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіреді. Апатты зілзала, жер сілкінісі, көшкін, сел, сырғыма, су тасқыны, өрт, өндірістік объектілердегі қауіпті жұмыс орны және басқа да авариялардың кесірінен ондағы адамдардың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келуі сөзсіз.
1994 жылдан бері туындаған төтенше жағдайлар салдарынан Қазақстанда шамамен 40 мың адам қайтыс болыпты және 250 мыңнан астам адам зардап шеккен. Сараптамалық бағалау бойынша төтенше жағдайлардан (жаһандық дүлей апаттарды есепке алмағанда) келетін тікелей және жанама зиян жыл сайын шамамен 25 миллиард теңгені құрайды екен.
Орман өрттерінің экожүйелерге тигізетін елеулі зияны жалғасып келеді. Бұл орайда оларды уақытылы анықтау проблемасы әлі шешілмеген. Орман өрттерімен күресуге арналған сенімді, әрі экономикалық жағынан тиімді авиациялық құралдар жоқ.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын азайту үшін келесі келтірілген іс-шаралар ұйымдастырылуы қажет:
· өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесін, болжау қызметтерінің жұмысын жетілдіруге бағытталған мемлекеттік материалдық резервті, елдің авариялық-құтқару күштерін және жедел әрекет ету күштерін қалыптастырудың негіздерін қайта қарауға арналған Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2010 жылдарға дейінгі бағдарламасын әзірлеу;
· көмірсутегі кен орындарын игерудің геодинамикалық қауіпсіздігінің бағдарламасын қабылдау және геодинамикалық мониторинг жүйесін құру;
· орман өрттерімен күресуге арналған қымбат тұратын шаралардан бас тартып, жеңіл ұшақтармен жабдықталған жеке паркі бар мамандандырылған бөлімшелер құру, әуе патрулінің көмегі арқылы өртті уақытылы ерте табу, сөйтіп оларды бастапқы сатысында сөндіруге арналған алдын алу шараларына көшу үшін орман өрттері туралы хабарландырудың бірыңғай жүйесін құру.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуы зардап шеккендер санын төмендетуге және осы келеңсіз салдарлардан шығатын материалдық зиянды азайтуға мүмкіндік береді.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бағыттары мен негізгі тетіктері:
Республика аумағындағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары экономиканы, заңнаманы және қоғамды экологияландыру болып табылады.
Экономиканы экологияландыру:
Экономиканы экологияландыру үшін алдымен өндірістің табиғатты пайдалану қажеттігін азайту, заттар мен энергия алмасуының биосфералық процестеріне экономиканың әсерін төмендету арқылы тұрақты экологиялық қауіпсіз табиғат пайдалануды қамтамасыз ету және ресурстық-экологиялық тепе-теңдікті сақтау керек болады.
Экономиканы экологияландыруды жүзеге асыру барысында pecуpc үнемдейтін технологияларды дамыту және экологиялық "лас" өндірістің үлесін азайту, сөйтіп табиғат пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың, экологиялық мониторингтің және статистиканың ілкімді қызметін қалыптастыру қажет болады. Табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландыру нәтижесінде барлық әзірленетін мемлекеттік, өңірлік және салалық бағдарламаларға экологиялық шарттар мен талаптарды енгізу қажет.
Табиғат пайдаланудың экономикалық тетіктерін жетілдіру:
Табиғат пайдаланудағы жаңа экономикалық тетіктер баға белгілеу жүйесіне экологиялық сипаттамаларды енгізуді, табиғат пайдаланудың ақылы жүйесін жетілдіруді және міндетті экологиялық сақтандыруды көздейді.
Табиғат пайдаланушылардың табиғат қорғау қызметінің тиімділігін арттыру мәселесі қаржылық ынталандыру жүйесін құрумен, сондай-ақ табиғат қорғау қызметіндегі қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық құралдарын енгізумен айқындалады. Табиғат пайдаланушыларды табиғат қорғау іс-шараларын жүргізуге және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға ынталандыру шарасы экологиялық төлемдер жүйесі арқылы табиғат пайдаланудың экономикалық тетігі көмегімен жүргізілуі тиіс.
Қоршаған ортаны ластағаны үшін алынатын төлемдер ресурстарды нормативтен тыс пайдаланғаны, немесе нормативтен тыс шығарынды және ластаушы заттардың төгінділері орын алғаны үшін ставкаларды арттырудың тетігі арқылы қоршаған ортаның ластануын азайтуды экономикалық жолмен ынталандыруды қамтамасыз етеді.
Соңғы жылдары қоршаған ортаны ластағаны үшін алынатын төлем ставкасы қайта қаралды, олардың мөлшері ластаушы заттардың көлемі мен түрлерін ескере отырып белгіленуі тиіс. Ерекше қорғалатын аумақтарда, немесе олардың жанында ластану көзі орналасқан болса қоршаған ортаны ластағаны үшін алынатын төлем ставкаларына арттыру коэффициенттері қолданылатын болады.
Экономикалық құралдар инновацияларды енгізу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, неғұрлым тиімді және аз қалдықты технологияларды дамыту, әрі пайдалану мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне қатаң нормалар мен стандарттардың белгіленуіне ықпал етуі тиіс.
Табиғат қорғау заңнамасын бұзу салдарынан қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру мақсатында ластану деңгейі мен келтірілген залалды қалпына келтіруге, ұдайы өндіріске кеткен шығындарды және өзге де шығыстар мен ысыраптарды есепке ала отырып толық көлемде өтеуге жатады.
Биосферадағы тұрақсыздықтың пайда болуының анторпогендік факторлары.Түрлердің толеранттығы. Толеранттық үғымы (латын тілінде - шыдамдылық деген түсінігі) экологиялық өсерлердің өзгеруіне деген түрдің шыдамдылығын білдіреді. Организмдердің қалыпты жағдайдағыдай тіршілік етуі үшін бұл әсерлердің өзгеру шамасы белгілі бір мөлшерден (шекарадан) аспауы керек. Әр түрлі организмдердің толеранттық шекарасы да өртүрлі болады.
Көп жағдайда экологиялық факторлардың тек шекара келемі емес, оның өзгеру жылдамдыш (динамикасы) да организмдерге көп әсер етеді, Кей жағдайларда организмдер осындай тез өзгерістерге бейімделіп үлгермей жойылып кетеді де, оның экологиялык қуысын басқа түрлер басып алуы мүмкін. Организмдердің экологиялық факторлар өзгерісіне бейімделуінің негізгі түрлері: морфологиялық, физиологиялық және мінез-құлқылық..
Морфологиялық бейімделуге организмдердің түр өзгеріске түсуі (мысалы киттер мен Дельфиндерде аяқтың орнына жүзу канаттарының пайда болуы), физиологиялық бейімделуге - ас қорыту процесіне ферменттерді қолдану, өсімдіктерде фотосинтез аркылы бейорганикалық затгардан органикалық заттарды биосинтездеу және т.б., мінез-қүлқылықтық бейімделуге жануарлардың сыртқы түс-әлпетін өзгеруі, құстардың жылы жаққа жыл мезгіліне байланысты ауысып отыруы және т.б. мысал бола алады.
Экожүйенің тұрақтылығыдеп экологиялық факторлар өзгерісі кезінде оның қалыпты тіршілік ету көрсеткіштерін сақтап қалу мүмкіншілігін түсінеміз.
Түр ішіндегі өзара әрекеттестік.Популяция зандылықтарын жаңаша зерттеу түрлердің биоценоздағы ролдерін, қауымдастықтардың, экожүйелер мен биосфераның қүрылымдық құрылысын, қарым-қатынасын түсінуге мүмкіндік берді. Өзара қарым-қатынастардың көптеген түрлері бар; кейде олар өрең байқалатын күрделі болады, мөселен, екі жағына да пайдалы симбиотикалық өзара қарым-қатынастар сияқты, мысады, жоғары келтірілген "жыртқыш-жемтік" және "паразит-қожайын" түріндегі қарым-қатынастар (түрлі нәрлену деңгейіндегі популяциялардың әзара әрекеттестігі).
Бір түрге жататын дарақтар да әзара әрекеттестікке түседі. Бүған бәсекелестік мінез-қүлықтың аумақтық қарым-қатынастары және басқа да формалары жатады.
Экожүйелік сараптаудың дамуы XX ғ-дың ірі табиғат зерттеушісі В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімінің жаңа экологиялық негізде жаңғыруына алып келді. Енді биосфера тұрақтылығы мен өрекеті зат пен энергия теңгерілімін қамтамасыз ететін экологиялық зандарға негізделген ғалам-экожүйе ретінде көрінетін болды.
Топтың құрылымы біртіндеп белгілі бір уақыт ішінде жасалады. Оған топтың даму үлгісі ретінде пайдалануға болатын мысал, жалаңаштанған тау жыныстарының ағзаларының жақында пайда болған жанартаулы аралға қоныстануы болады. Ағаштар мен бұталар тақыр жартас жынысында өсе алмайды, өйткені мүнда ол үшін қажетті топырақ жоқ. Алайда балдырлар мен қыналар өр түрлі жолмен осындай аймақтарға тап болып, соған қоныстанып, ізашарлар (пионерлер) тобынқұрайды. Өліп, шіріген ағзалардың біртіндеп жиналуы жөне тау жыныстарының желмен мүжілуінің нөтижесінен туған эрозия мүнда топырақтың мүк және папоротник тәрізді ірірек өсімдіктердің тамыр жаюына мүмкіндік беретін жеткілікті қабаттың түзілуіне өкеледі. Ақыр аяғында бұл есімдіктерден кейін бұдан гөрі ірірек жөне қоректік заттарға мүқтажырақ түрлер - шөп, бүталар мен ағаштар жөне т.б. түқымдық өсімдіктер орын тебеді.
Бір түрлердің басқа түрлермен уақыттың белгілі бір кезеңінде мүндай ауысуы экологиялық сукцессиядеп аталады. Осы процестің нөтижесіндегі тұрақтылыққа келіп, өзін-өзі қалпына келтіру қабілеті бар жөне ортамен тепе-теңцікте болатын қауымдастық толықсыған кауымдастықдеп аталады. Бұл жануарларлық қауымдастықтар өлемінде де өсімдіктердін ауысуымен себептелген бір түрлердің екіншісімен ауысуы жүріп түрады, бірақ бұл үрдіс сондай-ақ қандай жануарлар-дың көрші қауымдастықтардан көшіп-қона алатындығына да байланысты.
Жоғарыда сипатталған, жалаңаштанған тау жынысына немесе топырақ қүрыған басқа да үстіңгі қабаттарға (мыса-лы, қүм төбелердің немесе бүрынғы мұздықтың арнасынын) қоныстанудан басталған сукцессия типі бірінші реттік сукцессиядеп аталады. Бұдан айырмасы, екінші реттік сукцессиядеп үстіңгі қабаты толықтай немесе айтарлықтай дәрежеде өсімдіксіз, бірақ бүрын тірі ағзалардың ықпалында болғандықтан органикалық қүрауыштары бар жерден басталған сукцессияны айтады. Мысалы, ағаштары кесілген орман орны, өртенген алаңқайлар мен ауыл шаруашылығында пайдаланып тас-талған жерлер осындай. Мұндағы топырақта вегетативті көбеюдің түқымдары, споралары мен мүшелері, мысалы, тамыр сабағы сақталып қалуы мүмкін, олар сукцессияға өсер етеді. Біріншілік сияқты, екінші реттік сукцессияда да қоршаған аймақтың флорасы мен фаунасы сукцессияға кездейсоқ қоныстану мен қоныс аудару нәтижесінде еніп қалған жануарлар мен өсімдіктердің типтерін анықтайтын басты фактор болып табылады.
Толық сукцессияны кейде сериядеп атайды. Серия бірқатар сериялы қауымдастықтар (сериялы сатылар) түзеді. Ортаның ұқсас жағдайларында сериялар кебіне ұқсас сукцессиялармен беріледі, сондықтан оларды мына жағдайларға сәйкес жіктеуге болады: мысалы, гидросерия - сулы ортада судың ашық үстіңгі қабатына қоныстанушылықтың нетижесінде, галосерия - түзды марштарда дамиды.
Сукцессияның мағынасын түсіну үшін мынадай мысалдар келтіруге болады:
1) ормандағы өрттен кейін алғашқыда жапырақты ағаштардың тұқымы пайда болса, содан кейін 70-100 жыддар аралығында олардың орнын қылқанды (хвойлы) ағаштар ауыстырады;
2) құлап қалған ағаштан алғашқыда сыртқы қабын жейтін құрттар, олардан кейін ағаштың ішкі қабатын жейтіңдер, ал соңында бактериялар мен саңырауқұлақтар құлаған ағашты топырақ көңіне айналдырады.
Соныменен түрлердің әртүрлілігі экожүйенің қоршаған ортаның қолайсыз әсерлеріне деген тұрақтылығын күшейтетін себептердің бірі.
Алғаш рет сукцессия теориясын 1916 жылы Клементсегжей-тегжейлі жасады. Ол Солтүстік Америкадағы қауымдастықты зерттеп, климаксты қауымдастықтың құрамын анықтайтын негізгі фактор климат болып табылады деген қорытындыға келді. Клементстың түсінігінше, мұндай климаттық жағдайларда климакс (моноклимакс тұжырымдамасы)деп аталатын тек бір ғана климакстық топ тіршілік ете алады. Рельефтың, микроклиматтың, жерді пайдаланудың және т.б. жергілікті жағдайларынан туындаған климакске бағытталған қозғалыстағы кез келген үзіліс те тұрақты қауымдастықты қалыптастыра алады, бірақ оны түпкілікті санауға болмайды: климаттық факторлардың әсері бәрібір "теориялық" климаксқа әкеледі. Мысалы, таулар мен төбелер біртіндеп бұзыла бастайды, ол қауымдастықтың құрылымында өзгерістер тудырады. Поликлимакстұжырымдамасы қазіргі заманға сай болып табылады, оған сөйкес климакс барлық физикалық факторлардың ықпалында қалыптасады, онда олардың біреуі немесе бірнешеуі басым болуы мүмкін (мысалы, қүрғау, топырақ, топография, өрттер). Егер қауымдастық ұзақ уақыт "тұрақты" болса, онда ол шынайы климакс болып саналады: онда кез келген өзгеріс сукцессияның климакс деңгейіне дейін өтуіне қажетті уақытпен салыстырғанда біршама баяу өтеді.
Белдемділік таралу.Кезкелген бір уақытта қауымдас-тықтың ішіндегі түрлер кеңістікте қоршаған физикалық ортаның ерекшеліктеріне сөйкес таралуы мүмкін. Бұл белдемділік таралудеп аталады. Оған жартасты жағалаулардағы судың қайтуы мен көтерілу деңгейлерінің арасындағы жөне су шашырайтын белдемде үшырасатын теңіз балдырлары мен жануарларының орналасуы жақсы мысал бола алады. Бұл белдемдердің физикалық күйлері өр қилы. Әр белдемді оның ерекше жағдайларына бейімделген түрлер мекеңдейді.
Беддемдік таралудың сукцессияларға ұқсас болуы да мүмкін, алайда негізгі айырмашылық мынады: белдемдік таралуда түрлер кеңістікте ауысады, ал сукцессияларда олар белгілі бір уақыт аралығынды ауысады.
Климаксты орман қауымдастығының үлгісі.Жер бетіне төн климакстық қауымдастықтарға жапырақтары түсетін ормандар жатады. Олар түрлерінің молдығымен ерекшеленеді. Мысалы, Оксфордтың жанындағы ұзақ уақыт мүқият зерт-теулер жүргізілген орманнан шамамен 4 мындай жануарлардың түрлері табылған. Мұндай байлықтың себептерінің бірі - орман қауымдастығының күрделі құрылымы, экологиялық қуыстардың көптігі, оның белдеулергебөлінуі. Бірінші реттік өнімнің басым бөлігі ағаш шымылдығында өңдіріледі, аса қарқывды ыдырау жер деңгейінде жүреді. Жануарлар барлық деңгейлерде экологиялық қуыстан орын алады.
Сукцессиялардың негізгі ерекшеліктері.Сукцессияның климаксқа бағытталған барысын алдын-ала анықтайтын негізгі приципті тауып, үғынуға бірнеше рет талпыныс жа-садцы.
Экологиялық басымдылық.Экологиялық басымдылыққа қатысты бақылаулар сукцессия өрдайым климакстың бағы-тына өтіп, бір немесе бірнеше кодоминант-түрлерді басым етеді деген ойға әкеледі, мысалы, емен орманына немесе еменді-шетенді орманға. Мүндай ормандарда көлеңкенің тү-суіне жөне басқа да себептерге байланысты басымды түрлер-мен қатар тіршілік ету мүмкіндігі бар түрлердің өсуі шектелген. Алайда кейбір жағдайларда, мысалы, егерде планк-тондардың қауымдастығы туралы, жануарлар туралы немесе ағаштың бірнеше жүздеген түрлерін шамамен тең мөлшерде табуға болатын тропиктік жаңбырлы ормандар женінде сөз болып отырса, ол жағдайда басымдылық тұжырымдамасын қолдану қиын.
Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 4946;