Сыртқы әсерлер жүйесі.
Дәріс. Қабатқа әсер ету арқылы игеру жүйелері.
Сыртқы әсерлер жүйесі.
1-ші суреттегі қимада нұсқаның сыртынан су айдауды қолдану кезіндегі мұнай кен орынды игерудегі өндіру және айдау ұңғыларының орналасуы көрсетілген. Мұнда мұнайлылықтың ішкі нұсқасының бойымен өндіру ұңғыларының екі қатары бұрғыланған. Бұдан басқа, өндіру ұңғылардың бір ортаңғы қатары бар.
1-суретте. Нұсқаның сыртынан су айдау кезіндегі ұңғымалардың орналасуы: 1-айдау ұңғымалары; 2-өндіру ұңғымалары; 3-мұнай қабаты; 4-мұнайлылықтың сыртқы нұсқасы; 5-мұнайлылықтың ішкі нұсқасы.
Мұнайлылықтың контуры мен өндіру ұңғыларының бірінші қатары арасындағы арақашықтық , бірінші және екінші қатар арасындағы арақашықтық және сондай-ақ өндіру ұңғылардың арасындағы арақашықтық сияқты қосымша параметрлерді пайдалануға болады. Айдау ұңғылары мұнайлылықтың сыртқы нұсқасының артында орналасқан. 1-ші суреттегі өндіру ұңғыларының үш қатарының орналасуы ені бойынша салыстырмалы кішігірім кен орындарға тән. Егер кен орынның ені үлкен болған жағдайда, оның мұнайлылық ауданында өндіру ұңғыларының бес қатарын орналастыруға болар еді. Бірақ, қатарлар санын одан әрі көбейту, теория мен мұнайлы кен орындарын игеру кезіндегі тәжірибе көрсеткендей, орынсыз.
Егер өндіру ұңғыларының саны бестен көп болса, кен орынның ортаңғы бөлігі сыртқы сулану әсеріне дұшар болады, қабат қысымы мұнда төмендейді де, бұл бөлік ерітілген газ режимінде, ал бұрын болмаған газ шапкасы пайда болғаннан кейін газ арынды режимінде игеріледі. Әрине, бұл жағдайда нұсқаның сыртынан су айдау қабатқа тиімсіз әсер болып саналады .
Мұнайлы кен орындарының нұсқаның сыртынан су айдау арқылы игеру жүйелері, қабатқа әсер ететін басқа да жүйелер сияқты, қабатқа әсер етпейтін жүйелермен, параметрлерінің үлкен мәндерімен Sc және Nкр, яғни ұңғылардың сирек торларымен ерекшеленеді.
ω параметрі, нұсқаның сыртынан су айдау жүйесі үшін 1-ден 1/5-ке аралыққа дейін толқиды.
ωр параметрі, қабатқа әсер ету арқылы мұнайлы кен орындарын игеру жүйелері 0,1-0,3 аралықта қамтиды.
Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 1709;