Дәріс. Mac OS X файлдық жүйесі.

Файлдық жүйелер. 1984 ж. алғашқы Мас пайда болуынан бастап дербес компьютер процессорының жиілігі шамамен мың есеге, ал сақтау құрылғысының сыйымдылығы – миллион еседен көпке артты. 1984 ж. флоппи-дискті салыстырыңыз: бүгінгі орташа дискпен 400 Кб көлемді, қажетті жүйе 1 Гб көлемді – бұл шамамен 1 ООО ООО ООО Кбайт, немесе 2,5 миллион флоппи-дисктер 400 Кб көлемге ие. Есте сақтайтын құрылғылар сыйымдылығының өсуі Мас-ты пайдаланушының мультимедиялық ортасына айналдыруға мүмкіндік берді. Пайдаланушылардың бұл қолайлы және динамикалық цифрлық қоймасына мыңдаған суреттер, жүздеген музыка мен видеолар орнатылды. Корпоративті клиенттер қағаздарға арналған шкафтарды және Redundant Array of Independent Disks (RAID) массивінің архивті бөлмесін және резервтік көшірудің ленталарын ауыстырды. Интернет біздің компьютерді қабылдау саласындағы ойымызды кеңейтті, бірақта оның негізгі тапсырмалары ақпаратқа қол жеткізу және сақтау ұйымы болып табылады.

Бұл дәрісте біз OS X Lion мәліметтерін сақтау технологиясын қарастырамыз. Кейіннен диск құрылғылары және RAID-массивтері сияқты сақтау құрылғылары, сонымен бірге бөлімдер мен томдар сияқты сақтаудың логикалық концепциялары қарастырылады. Осы сақтау құрылғыларын дұрыс басқару және оларда болатын ақауларды қалай жою керектігі көрсетіледі. Сонымен қатар мәліметтерді сақтау құрылғыларының рұқсат немесе қол жеткізу бақылау тізімдері (ACL) жабдықтарының көмегімен қауіпсіз басқару жолдары қарастырылады.

Файлдық жүйелердің компоненттері. Мәліметтер қоймасын Lion-да басқаруды бастаудан бұрын есте сақтау құрылғылары (storage), бөлімдер (partitions) және томдар (volumes) арасындағы айырмашылықты түсіне білу қажет. Компьютердің дәстүрлі есте сақтайтын құрылғылары жинақтаушы дисктерде анықталған. Жылдар өткеннен кейін дисктегі жинақтаушылар есте сақтайтын құрылғылар арасында бәрі бірде жетекші болып қалады, дегенмен икемді дисктердегі алмалы-салмалы жинақтаушының орнына қатты дисктер тұжырымдалатын корпуста келді. Қолай форматтағы алмалы-салмалы есте сақтау құрылғылары сыйымдылығының артуына байланысты басқалары да өте көп қолданылатын болды. Оларға оптикалық сақтаушылар (CD- и DVD-диски) және қатты пішінді есте сақтау құрылғысы СББО-дисктері, USB- дисктер және карталар (CompactFlash) жатады. Олардың барлығы Lion-да бірдей деңгейде қолданылады.

Дегенмен дұрыс форматталмаған кез келген сақтау технологиясында неғұрлым аз жеңілдік болады. Форматтау – бұл есте сақтау құрылғыларына бөлімдер мен томдар түріндегі кейбір логикалық схемаларды қолдану процесі. Бөлімдер есте сақтау құрылғысына шектеу қою үшін пайдаланылады. Егер талап етілсе, физикалық есте сақтау құрылғысы бірнеше жеке қойма сияқты көрінуі үшін бірнеше бөлімдерді анықтау мүмкін. Тіпті, егер сіз құрылғы кеңістігінде жеке үздіксіз қойма ретінде барлық мүмкіндіктерді қолдануды қаласаңыз да, аймақ бәрі бірде бөлім ретінде анықталған болуы керек.

Жүйенің жасалған бөлімдері ішінде том (логикалық бөлімдер) құру мүмкін. Томды файл және физикалық құрылғыларда нақты сақталатын папкалар ретінде анықтауға болады. Соңғы есепте, том файлдық жүйемен құрастырылады және Finder қосымшасында қойма таңбасы түрінде көрсетіледі. Бірнеше бөлімі бар, олардың әрқайсысы жеке томнан тұратын есте сақтау құрылғысы бірнеше қойма таңбалары түрінде Finder қосымшасында бейнеленетіні белгілі.

Бөліктеудің сұлбасы. Өткенде ескертілгендей, пайдаланылатын кеңістікті қалауынша бөлу және анықтау үшін дисктер бөлімдерге бөлінуі керек. Әрбір дискте кем дегенде бір бөлім болуы керек, дегенмен Lion дискте 16 бөлімге дейін қолдайды. Бір не бірнеше бөлімдерді пайдаланудың артықшылығы мен кемшіліктері туралы біз 1-дәрісте айтып кеттік.

Lion бөліктеудің үш типтегі сұлбасын қолданады. Бұл артық болып көрінуі мүмкін, бірақ бөліктеудің бірнеше сұлбасын қолдау қазіргі Intel процессоры бар Мас компьютерлерін жүктеу, ескі дисктерді қолдау және ПК-мен бірге қосылатын стандартты томдарды пайдалану үшін қажетті.

Lion қолдайтын бөліктеудің үш сұлбасы төменде атап өтілген.

► GUID Partition Table (GPT) – Intel процессоры базасындағы Мас компьютерлерінде қолданылатын жасырын бөліктеудің сұлбасы. Бұл сонымен бірге, сақтау құрылғысы ретінде дисктерді пайдаланатын, Intel процессорлары базасында компьютерлерді жүктеуге мүмкіндік беретін бөлімдеріндегі жалғыз сұлба. Дегенмен Mac OS X 10.4.6-нан PowerPC процессоры базасында Мас компьютерлері немесе одан кейінгі версиялары да осы бөліктеу сұлбасын қолдана алады, бірақ онымен жүктеу мүмкін емес.

► Apple Partition Мар (АРМ) – Power PC процессорлар базасында Мас компьютерлерде жасырын түрде қолданылатын бөліктеу сұлбасы. Бұл PowerPC базасында Мас компьютер жүктей алатын бөліктеу сұлбасы. Дегенмен Intel базасындағы барлық Мас компьютерлер бөліктеудің осы типін пайдалана алады.

► Master Boot Record (MBR) –Мас, соның ішінде Windows-пен бірге қосылатын компьютерлерде көбінесе қолданылмайтын бөліктеу сұлбасы. Осылай болғандықтан, жасырын түрдегі бөліктеудің бұл сұлбасы көбінесе алдын ала форматталып сатылатын жаңа дисктерге қолданылады. Бұл сұлба әдетте сыртқы құрылғыларда қолданылады. Мәліметтер цифрлық фотоаппараттар немесе смартфондар сияқты флэш- дисктерде сақталады. Бірақ Мас бөліктеудің осы типінде жүктелмегенімен, барлық Мас копьютерлер бөлімдегі MBR сұлбасы көмегімен құрылған мәліметтерге қарауы мүмкін.

Әлбетте, егер сізде АРМ немесе MBR бөлу сұлбасын пайдаланып форматталған қосымша дисктер болса, онда олармен Intel базасында Мас жүктеуге мүмкіндік болуы үшін оларды қайта форматтау керек болады. Бірақ егер сіз жүйелер ретінде қосымша дисктерді қолдануды жоспарламасаңыз, онда қайта бөлу ешқандай пайда бермейді. Сонымен қатар кәдімгі ПК-мен үйлесімді немесе сыртқы құрылғыларда қалатын дисктерде MBR GPT-мен бөлу сұлбасын ауыстыруды қажет етпейді.

Том форматтары. Том форматы дискте сақталатын папкалар мен файлдарды анықтайды. Lion басқа операциялық жүйелермен үйлесуі және жаңа Мас компьютерлері үшін қосымша мүмкіндіктерді ұсыну үшін көп том форматтарын қолдайды.

Lion келесі форматтар жазбасын және оқуды қолдайды.

- Mac OS Standard (HFS) – Mac OS классикалық операциялық жүйені пайдаланатын ескірген том форматы. Бұл формат Mac OS Extended форматының негізін салушы болса да, Lion үшін жүктеуші том ретінде пайдаланылмайды.

- Mac OS Extended – томның мирасқор форматы болып табылады. Macintosh компьютерлері үшін Apple компаниясы құрған және қолдайтын формат. Mac OS Extended өзі Mac OS Standard алдыңғы форматының жаңалануы болып таблады. Mac OS Extended Lion талап ететін барлық қосымша мүмкіндіктерді қолдайды. Оған: Unicode кодалауында файл атауын, мәлімет таңбаларының дамуы, POSIX мүмкіндік беру, қол жеткізу бақылаулары тізімі (ACL), UNIX стиліндегі нұсқаулар және алиастар (құпия аттар) мүмкіндіктері кіреді.

- Mac OS Extended (учет. per. клавиатуры). Мае OS Extended форматтаудың бұл нұсқасы файлдық жүйеге клавиатура регистрінің тіркеуін қосады. Әдетте Mac OS Extended форматы сақтайды, бірақ символдар регистрін ажырата алмайды. Бұл том форматталған қарапайым образды есте сақтайды, файл атауының символдары үшін қандай регистр таңдалғанын көрсетеді, бірақ тек символдар регистрімен ерекшеленетін файл атауларын айыра алмайды. Басқа сөзбен айтқанда, «MYfile» және «туШе» бірдей атау ретінде қабылданады. Тіркеу регистрін қосу жолымен Apple компаниясы бұл мәселені шешті. Бірақ әдетте бұл тек UNIX дәстүрлі клиенттерін қолдайтын томдар мәселесі, мысалы, ортақ қол жеткізу. Көп жақты қосымшалар жұмыс кезінде файлдық жүйенің әріп регистріне маңызды мәселелерді сынайтын болады. Сондықтан әріптерді тіркеу регистрімен нұсқасын Lion клиенттік жүйесінде стандартты сияқты қолдану ұсынылмайды.

- Mac OS Extended (журналдық) немесе Mac OS Extended (учет per. клавиатуры, журналдық). Бұл Mac OS Extended том құрылымының толығымен сақталуына көмектесетін файлдық жүйенің журналдау функциясы бар формат нұсқасы. Журналға кез келген уақытта файлдармен қандай операциялар (құру, кеңейту, өшіру және т.б.) орындалатыны жазылады. Жүйені тоқтату жағдайы немесе электр қорегінен ажыратылуы журнал «ұтуы» мүмкін. Бұл артықшылықтың салдарынан, ОЖ Lion-да Mac OS Extended (журналдық) жүйелік том ретінде жасырын түрде пайдаланылады.

- Mac OS Extended (журналдық, шифрланған) немесе Mac OS Extended (учет per. клавиатуры, журнальный, шифрланған). Бұл формат Mac OS Extended формат нұсқасын ұсынады, бірақ дискті XTS-AES 128 алгоритмі бойынша толық шифрлау функциясын орындайды. File Vault 2 дискті шифрлау жүйесі берілген технологияға негізделген. File Vault 2 жүйенің бөлшектері « File Vault 2 жүйесін пайдалану» бөлімі келесі дәрістерде қарастырылады.

Ескерту.Mac OS Extended шифрланған файлдық жүйесімен том ОС Mac OS X до Lion нұсқасына жатпайды.

11. File Allocation Table (FAT) – томның ескірген форматы. Windows сыныбына кіретін операциялық жүйесі бар компьютерлерде қолданылатын формат. Дегенмен ол қазір де көптеген перифериялық құрылғыларда қолданылады. Жылдар өте келе бұл формат эволюция жолымен бірте-бірте дамыды: әрбір кезектегі нұсқа (FAT12, FAT16, FAT32) томдарда көбірек өлшемді қолдады. Boot Camp Apple компаниясының FAT32 томымен Windows жүктеуін қолдайды, бірақ Lion жүйесінің өзі осындай томмен жүктей алмайды.

12. Extended File Allocation Table (ExFAT). Көлемі бойынша үлкен флэш-жинақтаушы үшін арнайы жасалған, ExFAT файлдық жүйесі өлшемі 32 Гб-тен асқан дисктерді қолдау үшін ескірген FAT жүйесін кеңейтеді. Көптеген жазбаны флэш-жинақтаушыларда жүргізетін цифрлық видеокамералар жоғары сападағы видео жазбаларды түсіргенде талап етілетін, үлкен көлемдегі дисктерді қолдау үшін ExFAT файлдық жүйесін қолданады.

13. UNIX File System (UFS) – Mac OS X-ты қолдайтын томның ескірген «туған» форматы. UFS он жыл бойы UNIX операциялық жүйесінің стандартты файлдық жүйесі ретінде қызмет көрсетті. Бірақ, Mac OS X vl0.5-тен бастап UFS формаындағы том жүкттеуші ретінде басқа қолданбайды. Тіпті, Disk Utility утилиті UFS форматында том құруды қолдамайды.

Lion келесі форматтарды оқуды қолдайды.

NT File System (NTFS). Windows 7, Windows Vista, Windows XP және Windows Server – барлық осы операциялық жүйелер үшін бұл томның «туған» форматы. Boot Camp Windows-тың NTFS- томын жүктеуді қолдайды, бірақ Lion жүйесінің өзі мұндай томды жүктей алмайды және оған мәліметтерді жазбайды. Тіпті, Disk Utility NTFS-tом құруды қолдамайды.

ISO 9660 немесе Compact Disk File System (CDFS) – тек оқуға арналған CD-дисктер үшін жалпы қабылданған стандарт. Бірақ Мас компьютерлерде форматталған CD-дисктер HFS форматтағы томнан жасалуы мүмкіндігіне мән беру керек.

Universal Disk Format (UDF) – тек оқуға арналған DVD- дисктер үшін жалпы қабылданған стандарт. Тағы да есте сақтайтын жайт, Мас компьютерлерінде форматталған DVD-дисктер HFS форматындағы томдардан тұруы мүмкін.

Файлдық жүйемен басқару.Бастапқы Мас компьютерде бар ішкі дискілік жинақтаушы сізге Мас үшін арнайы форматталған жеке құрылғы болуы мүмкін. Көптеген жаңа жинақтаушылар не бос, не Windows үшін форматталған. Көп жағдайларда Windows үшін форматталған дисктерді бәрі бірде қайта форматтамай-ақ Мас компьютерінде қолдануға болады. Бірақ егер сіз Lion операциялық жүйесін дискке орнатқыңыз келсе немесе жаңа бос диск алсаңыз, онда сізге оны қайта форматтау керек.

Lion-да мәліметтерді сақтау құрылғысымен басқарудың негізгі жабдығы /Applications/Utilities/Disk Utility утилити болып табылады. Сіз операциялық жүйені орнатудан бұрын жүйелік дискті форматтауды Lion Recovery утилитінде жолықтыра аласыз. Ары қарай біз дисктермен және флэш-құрылғылармен басқаратын осы жабдықтардың барлық аспектілерін үйренеміз.

Дискті форматтау немесе қайта форматтау. Дискті форматтау айтарлықтай оңай орындалады. Мас форматталмаған дискті қосқанда автоматты түрде Disk Utility ашуды ұсынады. Егер диск форматталған болса және сіз бөлінудің сұлбасын немесе том структурасын өзгерткіңіз келсе, сол әрекеттерді қолданып дискті қайта форматтауға болады.

Дискті қайта форматтау бұрында мұнда бар болған барлық форматтауды жояды және сонымен дисктің ішіндегінің барлығы жойылатынын есте сақтау қажет. Диск физикалық өшірілмейді – онда барлық биттер бұрынғы қалпында сақталады. Қайта форматтау алдында толықтырылған том құрылымын бос құрылыммен ауыстырады. Диск құрылымын тікелей өшіру келесі дәрістің «файлдарды қауіпсіз өшіру» бөлімінде қарастырылады.

Дискті форматтау үшін келесі шарттарды орындаңыз.

1 . Форматталатын диск компьютерге қосылғанына көз жеткізіңіз, содан кейін /Программы/Утилиты/Дисковая утилита (/Applications/Utilities/Disk Utility) ашыңыз.

2. Форматтауды талап ететін дисктің сол бағанын таңдаңыз. Диск атауы әдетте өлшемнен, өндірушілерден және модель нөмірінен тұрады. Егер диск қандай-да томға ие болса, олар бірден төменде пайда болады. Егер бүкіл дискті қайта форматтау керек болса, томды емес, осы дискті ғана ажыратып алыңыз.

3. Диск бөлімінің (Partition) оң жағын шертіңіз. Бұл бөліну сұлбасы сияқты том форматын да өзгертуге болатын Disk Utility жеке бөлім.

4. Бөлімдер сұлбасы (Partition Layout) бетіндегі мәзірден дискке қажет болатын бөлімдер санын таңдаңыз. Ең болмағанда бір бөлімді таңдау қажет.

5. Бөлімдер санын таңдағаннан кейін бөлу диаграммасының астындағы Параметрлер (Options) түймесін шертіңіз. Бөліктеу сұлбасына сәйкес келетін, таңдауға мүмкіндік беретін диалогты терезе пайда болады.

6. Бөліктеу сұлбасын таңдаңыз және кері қайту үшін ОК түймесін шертіңіз.

Егер таңдалған сұлба бірнеше бөлімнен тұрса, бөлімдер диаграммасында бөлімдер арасындағы сызықты тасымалдап, олардың өлшемдерін белгілеу мүмкін. Сонымен бөлім аймағын шертіп және өлшем (Size) өрісіне нақты өлшемді енгізіп, дұрыс өлшем беруге болады.

7. Әрбір бөлім үшін том форматы және атауын таңдаңыз.

Егер тек бір бөлім ғана болса, жай сәйкес келетін атауды және Формат (Format) бетіндегі мәзірден том форматын таңдаңыз. Егер сұлба бірнеше бөлімнен алынған болса, онда бөлімдер диаграммасынан әрбір бөлім үшін алдымен бөлім таңдап алыңыз, содан соң оған атау және формат беріңіз.

8. Өзіңіз енгізген реттеулеріңізді екі рет тексеріп, Қабылдау (Apply) түймесін шертіңіз.

Жұмысты жалғастыру томда бар болғандардың барлығын жоюы мүмкіндін ескертетін соңғы диалогтық терезе ашылады. Егер сіз мұны істеуге сенімді болсаңыз, диск бөлімі (Partition) түймесін тағы бір рет шертіңіз.

Бөлімдерді бөліктеу және форматтау бірнеше минутты қажет етеді. Процесс біткен кезде сіз Disk Utility утлит тізімінде және Finder терезесінде жаңа томды көресіз.








Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 1693;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.013 сек.