Й папкасының құрамы

Мас компьютерлерінің қолданушылары жеке файлдарын кез-келген жерге сақтауы өкінішті. Алайда, Мас ОS X-тің әрбір жаңа версия сайын қолданушыдан ұқыптылықты талап ету қарастырылып жатыр. Үй папкаларының ішіндегі мәлімет тек қана өзіне көрінеді, Жалпы папкасынан басқа. Жалпы папкасында Почталық жәшік (Drop Box)папкасы бар, оған басқа қолданушылар өз файлдарын сақтай алады, бірақ ішіндегі файлдарды қарай алмайды.

Мас компьютерлерінің үй папкаларында мыналар болады:

1. Жұмыс үстелі(Desktop). Мас компьютерінің қолданушыларының файлдарының көбісі осы жерде болады. Бұл файлдардың үймесi десек те болады.

2. Құжаттар(Documents). Бұл белгіленіп көрсетілмеген документтерді сақтауға арналған орын. Microsoft Office пакеттері осы папканы көбіне қолданады.

3. Жүктелгендер(Downloads). Бұл папка Mac ОS X v10.5 версиясынан бастап пайда болды. Ғаламтордан жаздырылған қосымшалар автоматты түрде осы папкаға сақталады. Бұл папкаға сақталған қосымшалар вирустардан қорғануға көмектеседі.

4. Кітапхана(Library). Аса маңызды папкалардың бірі. Белгілі бір құжат типіне жатпайтын ресурстар Кітапхана(Library) папкасына сақталады.

Кеңес. Кітапхана папкасына кірудің ең қасқа жолы- Finder арқылы кіру. Ол үшін, Option батырмасын баса отырып,Өту > Кітапхана (Go>Library)командасын орындаңыз.

5. Фильмдер(Movies). Бұл фильмдер, және де iMovie, iDVD, Itunes-терден көретін файлдар сақталатын орын.

6. Музыка (Music). Әуенді файлдар және GarageBand, Logic, iTunes арқылы тыңдайтын файлдар сақталады.

7. Суреттер (Pictures). Суреттер сақталатын папка.

8. Жалпы (Public). Барлық қолданушыға ортақ файлдар сақталады. Кез-келген қолданушы көре алады өзгерте алады. Жалпы папкасының ішінде Почталық жәшік папкасы бар, ол папкаға кез-келген қолданушы файл сақтайды және сол файлды тек қана файлды құрған қолданушы ғана оқи алады.

Мас компьютерлерінде үй папкаларында келесі міндетті емес папкалар болады

1. Программалар (Applications). Бұл міндетті емес папка қолдан құрылады, бұл папка ерекше болып табылады. Өз қосымшаларымызды сақтап қоюға арналған.

2. Сайттар(Sites). Персоналды сайттарды бірлесіп пайдалануға арналған папка.Мас компьютерлерінің алдыңғы версияларында бұл папка автоматты түрде құрылатын, ал соңғы версиясында өз қолымызбен құру керек.








Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 1192;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.