Дискті қайта бөліктеу

Операциялық жүйенің алдыңғы нұсқасында - Mac OS X vl0.5 - Disk Utility утилитінде дискке сол мезетте жоғалтуларсыз сақталған мәліметтерді динамикалық қайта буындауға мүмкіндік беретін жаңа функция енгізілді. Бұл функция Boot Camp реттеу процесін жеңілдету үшін жасалған. Lion жаңарту сол сияқты жүйелік дискте бар болатын Lion Recovery HD жасырын құрылып, бұл функционалдықтан тиімділігін алуға мүмкіндік береді.

Бөліктеуді динамикалық өзгертудің жалғыз кемшілігі кейбір дисктер сол өзгерістерді қолдамайды. Мысалы, кейбір дисктер өте толған болуы мүмкін. Disk Utility утилиті сол сияқты Master Boot Record бөліктеу сұлбасының көмегімен форматталған дисктерді бөліктеудің динамикалық өзгерісін қолдамайды. Егер сіз кез келген осындай мәселені кездестірсеңіз, өткен дәрісте жазылғандай, алдыңғы форматтаулардың барлығын жоятын дискті бөліктеудің өзгерісі әдісін қолдануға болады.

Диск бөлімдерінің құрылымын динамикалық өзгерту үшін келесі адымдарды орындаңыз.

1. Барлық ашық қосымшаларды жабыңыз, себебі олар файлдық жүйені өзгерту кезінде сәтсіздікпен аяқталуы және мәліметтер жоғалуы немесе жойылуы мүмкін.

2. Сіз өзгертетін диск компьютерге қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз және бағдарламалар /Утилиттер/Дискілік утилит (/Applications/Utilities/Disk Utility) ашыңыз.

3. Өзгертілетін дисктің сол бағанын белгілеңіз.

Диск атауы әдетте өлшемнен, өндірушіден және модель нөмірінен тұрады. Дискінің ешқандай томын белгілемеңіз.

4. Оң жақтағы Диск Бөлімі (Partition) қосымшасын шертіңіз.

Дискте осы мезетте бар болатын мәліметтер бөліктеу диаграммасында ақшыл көк аймақ түрінде бейнеленеді. Ақ аймақтар бос кеңістікті білдіреді.

5. Кез келген томның өлшемін өзгертіңіз, жаңа том қосыңыз немесе ағымдағы жүйелік диск болып табылмайтын кез келген томды өшіріңіз.

Ағымдағы томның өлшемін өзгерту үшін терезенің үстіне апарып басып және жаңадан талап етілетін өлшемді алмай тұрып, астыңғы оң бұрыштан тартыңыз. Сіз дисктегі мәліметтерді көрсететін ақшыл көк аймақтың томын азайта алмайсыз. Дисктің кейбір бөлігін бос қалдыруға болады, егер сіз оларды кейінірек басқа операциялық жүйенің көмегімен форматтауды жобаласаңыз.

Жаңа том қосу үшін бөлімдер диаграммасының астындағы кішкентай қосу белгісін шертіңіз. Есте сақтаңыз, дискті максимум 16 бөлімге бөлу мүмкін. Әрбір жаңа том үшін бетіндегі мәзірден ыңғайлы том атауын және форматын таңдауды ұмытпаңыз.

► Томды өшіру үшін оны бөлімдер диаграммасынан ажыратыңыз және бөлімдер диаграммасы астындағы минус белгісі бар түймені шертіңіз. Егер бар бөлім өшетін болса, растау туралы диалогтық терезе ашылады. Егер сіз белгіленген бөлімді өшіруге сенімді болсаңыз, процесті аяқтау үшін Өшіру (Remove) түймесін шертіңіз. Том басқа томдарды кеңейту немесе жаңа том құру есебіне бос орын қалдырып бірден өшеді.

6. Сіз болып және барлық өзгерістерді тексергеннен кейін Қабылдау (Apply) түймесін шертіңіз.

7. Барлық өзгерістер орындалғаны және томдар өшірілгені туралы өзгерістер тізімі бар диалогтық терезе пайда болады. Егер сіз осы функцияны орындауға сенімді болсаңыз, Диск Бөлімі (Partition) түймесін тағы бір рет шертіңіз.

Дисктің жаңа структурасын құруға қанша мәліметтер орналастыруға байланысты бөліктеу көп не аз уақытты алуы мүмкін. Дискілік утилиттер (Disk Utility) жұмысын тоқтатуға немесе жүйеде диск бөлімдерінің структурасын өзгерту кезінде басқа қосымша функцияларды жүргізуге болмайды. Мұндай әрекеттер мәліметтердің жоғалуына алып келуі мүмкін.

8. Процесс аяқталғанда, сіз Дискілік утилиттер (Disk Utility) тізімінде және Finder терезесінде болған өзгерістерді көресіз.

Томды немесе дискті тазарту. Өткенде біз том не дисктің ішіндегісін оны қайта форматтау арқылы тазарту мүмкіндігін көрдік. Сонда да, жасырын қолданылған қайта форматтау процесі, шынында, дисктегі файл және папкаларды тазартпайды. Дискілік утилит (Disk Utility) тек файл және папкалар структура мәліметтерін ауыстырып жаңа бос том құрайды. Ескі файлдар әлі де дискте қалады және қайта орнату жабдығының көмегімен қайта қалпына келтіру мүмкін.

Шындығында, техникалық тұрғыдан дисктен мәліметтерді тазарту процесі жоқ. Сіз жаңа мәліметтерді тек бұрынғыларының үстіне жаза аласыз. Сондықтан, егер шынымен том немесе дискті «тазарту» талап етілсе, жаңа құпия емес мәліметтерді бар мәліметтердің үстіне жазу қажет. Дискілік утилит ескі мәліметтерді қауіпсіз өшіруге мүмкіндік беретін мүмкіндіктер қатарын туғызады. Бүкіл дискті, томды немесе томның тек бос жерін қауіпсіз тазартуға болады. Тіпті, Тазалау интерфейсі - бұл Дискілік утилитте Mac OS Extended (журналданған, шифрланған) форматындағы томды құруға болатын жалғыз орын.

Бүкіл том немесе дискті қауіпсіз тазарту үшін келесі адымдарды орындаңыз.

1. Қауіпсіз тазартуды талап ететін том немесе диск дәл осы сәтте қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз және /бағдарламалар/Утилиттер/Дискілік утилит (/Applications/Utilities/Disk Utility) ашыңыз.

2. Қауіпсіз тазартуды талап ететін том не дискті белгілеңіз.

Диск атауы әдетте өлшемнен, өндірушіден және модель нөмірінен тұрады. Егер диск қандай-да томға ие болса, олар бірден дисктің өзінде шегініспен төменде пайда болады. Егер бүкіл дискті тазарту керек болса, томды емес, осы дискті ғана белгілеңіз.

3. Оң жақтағы Жою (Erase) шертіңіз, содан соң Қауіпсіздік параметрлері... (Security Options) түймесін шертіңіз.

Тазарту нұсқасын таңдауға мүмкіндік беретін диалогтық терезе пайда болады. Өшiрудi талап ететiн әдiспен қатар ауыстырып қосқышты таңдаңыз және ОК түймесін шертіңіз.

Өшірудің төрт нұсқасы бар.

1: Don’t Erase Data (Мәліметтерді өшірмеу). Бұл сіз том немесе дискті өшіргеніңізде не қайта форматтағаныңызда орындалатын жасырын әрекет. Бұл жағдайда дискті қайта қалпына келтіру утилитінен ешқандай қорғауды талап етпейді. Басқа жағынан бұл таңдау жылдам өшіруді қамтамасыз етеді.

2: Single-Pass Erase (1 өткелді өшіру). Бұл нұсқаны таңдауда жоғарыдағы барлық мәліметтер үстіне нөлдер жазылады. Бұл ең жылдам қауіпсіз өшіру әдісі және көптеген пайдаланушыларды ол адекваттық қауіпсіздік деңгейімен қамтамасыз етеді.

3: 3-Pass Erase ( 3 өткелді өшіру). Бұл дискке кездейсоқ мәліметтер екі рет, содан соң белгілі мәліметтер бір рет жазылатын, өте сенімді нұсқа. Бұл әдіс мәліметтерді қауіпсіз өшіру үшін АҚШ қорғаныс министрлігі стандарттарын да қанағаттандырады. Кемшіліктері: бұл әдіс нөлдерді 1 рет жазатын стандартты әдіске қарағанда 3 есе көп уақытты талап етеді.

4: 7-Pass Erase (7 өткелді өшіру). Бұл мәліметтерді қауіпсіз өшіру үшін АҚШ қорғаныс министрлігі стандарттарына жауап беретін ең қауіпсіз нұсқа. Мас компьютері дискке кездейсоқ ақпаратты және эталон бойынша ақпаратты жеті рет жазатын болады. Бұл әдіс нөлдерді 1 рет жазатын стандартты әдіске қарағанда 7 есе көп уақытты талап ететіні белгілі.

4. Бұл жерде тағы да том атауын немесе форматын өзгертуге болады. Бұл Дискілік утилитте Mac OS Extended форматындағы томды құруға болатын жалғыз орын.

5. Енгізілген өзгерістерді екі рет тексеріңіз және Жою (Erase) түймесін шертіңіз.

6. Сіздің таңдауыңыздағы том форматына тәуелді өзгеретін соңғы диалогтық терезе пайда болады.

Егер сіз жаңа шифрланған том құрмайтын болсаңыз, диалогтық терезе сіз томда болған барлық мәліметтерді жоятыныңызды тағы да ескертеді. Егер сіз мұны растауға сенімді болсаңыз, Өшіру (Erase тағы бір рет) түймесін шертіңіз.

Егер шифрланған жаңа том құрылса, шифрланған том үшін пароль беру қажет болатын диалогтық терезе ашылады. Назар аударыңыз (бұл туралы диалогтық терезеде жазылады): егер сіз парольді жоғалтып не ұмытып қалсаңыз, онда шифрланған томда мәліметтерді қайта қалпына келтіре алмайсыз. Сондықтан пароль таңдауда өте мұқият болыңыз.

Таңдалған том не дисктің өлшемінен тәуелді және өшірудің таңдалған әдіс процесі бірнеше секундтан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Егер процесс бірнеше секундтан артық уақыт талап етсе, Дискілік утилиті (Disk Utility) өшіруді орындау үшін талап ететін уақыт бағасымен орындау индикаторын көрсетеді.

Файлдарды қауіпсіз өшіру. Себебі, бүкіл томды не дискті тазарту көп уақытты талап етуі мүмкін, кейде қауіпсіз өшірудің таңдалған әдісін қолдану қолайлы. Том немесе дисктің барлық ішіндегісін өшіру әдетте талап етілмейді. Бірнеше нақты файлдарды немесе дисктегі тек бос орындарды тазартуға қажеттілік жиі туындайды. Lion Дискілік утилиттер (Disk Utility) және Finder терезесінен мақсаттық қауіпсіз өшіруге мүмкіндік береді.








Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 1367;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.011 сек.