Disk Utility көмегімен бос орынды қауіпсіз тазарту
Егер бұрынғы пайдаланушылар өз файлдарын қауіпсіз өшіруге мән бермеген болса, онда сіз томның бос кеңістігін тазартып, олардың «соңын» тәртіпке сала аласыз. Томның (қауіпсіз тазартылмаған, жойылған барлық бұрынғы файлдарды) қалған бос кеңістігін қауіпсіз тазарту үшін келесі адымдарды орындаңыз.
1. Қауіпсіз өшіруді талап ететін бос кеңістікті томның бар екеніне көз жеткізіңіз және Бағдарламалар/Утилиттер/Дискілік утилит (/Applications/ Utilities/Disk Utility) ашыңыз.
2. Қауіпсіз өшіруді қалаған бос орынды том атауын сол жақ бағаннан таңдаңыз. Физикалық диск емес, ал тек диск томы таңдалғанына көз жеткізіңіз.
3. Тазарту (Erase) басыңыз, содан соң Бос Кеңістікті Тазарту (Erase Free Space) түймесін шертіңіз.
Қауіпсіз тазартудың үш нұсқасынан біреуін таңдауға рұқсат беретін диалогтық терезе пайда болады. Ең жылдам – бір өткелді өшіру, екінші нұсқа - үш өткелді өшіру, және де ең қауіпсіз өшіру 7 өткелді өшіру болып табылады.
4. Қалаған өшіру әдісімен бірге ауыстырып-қосқышты таңдаңыз және Бос Кеңістікті тазарту (Erase Free Space) түймесін шертіңіз.
Тазарту үшін бос кеңістіктің көлеміне және таңдалған әдіске байланысты процесс бірнеше секундтан бірнеше күнге дейін жалғасуы мүмкін. Егер процесс бірнеше секундтан артық уақыт талап етсе, Дискілік утилит (Disk Utility) өшіруді талап ететін уақыттың бағалауымен орындалатын жол индикаторын көрсетеді.
Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 1030;