Time Machine көмегімен қолмен қалпына келтіру
Егер сіз Time Machine қалпына келтіру интерфейстерінің біреуін қолданумен осы мәселелерден өтсеңіз, онда Finder-ден резервтік көшірменің мазмұнын қарап шыға аласыз. Time Machine архивтеу технологиясы Mac OS X Extended томының стандартты қасиетін қолданады, сондықтан архивті қарау үшін арнайы программалық қамтамасыз ету керек емес.
Ескерту. Time Machine архивінің мазмұнын өз бетімен өзгертпеу керек, сондықтан осы жағдайда архивтердің иерархиясын бұзса болады. Файлдық жүйенің жасырын түрде рұқсаты пайдаланушыға осы нысандарға жазба жүргізуді рұқсат етпейді.
Егер Тime Machine үшін жергілікті қосылған диск қолданылса, онда архивтер Васк- ups.backupdb атты папкада архивтік томның түбірінде болады. Архивтердің мәліметтер папкасында осы томда өздерінің резервтік көшірмелерін жазатын компьютерлер аттары бар папканы табасыз. Компьютердің әрбір папкасының ішінен сіз резервтік көшірмені жасаған күні мен уақытын көресіз. Әрбір даталанған папканың ішінде сіз нақты томдардың резервтік көшірмелерін көрсететін папкаларды көресіз.
Егер Time Machine архивтері желі бойымен көшірілсе, онда Time Machine жалпы қол жетімділіктің нүктесіне қолмен қосылу керек болады. Жалпы қол жетімділік нүктесіне қосылу 7 - сабақта қарастырылады. Қосылғаннан кейін сізге Time Machine архивтер дискісінің бейнесін табу керек. Олар Time Machine жалпы қол жетімділіктің нүкте түбірінде орналасады және олардың аты компьютер атынан, одан кейін кететін компьютердің МАС-адрес, одан кейін кететін .sparsebundle кеңейтілімі тұрады. Backup of атын және компьютер атын алатын Time Machine архивтеу дискісінің бейне томын қосу үшін екі рет шертіңіз. Бұл томның ішінде сіз Backups.backupd тура сол папканы және Time Machine архивіне тура қосылған мазмұнын табасыз.
Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 1149;