Lion-да жылдам әрекетке әсер ететін мүмкіндіктер.
► Ығыстырушы көпміндеттік. Lion процесстер арасында есептеуші ресурстарды үлестіру мүмкіндігін ұсынады. Бұл жүйеге пайдаланушының қосымшасын баяулатпай, ондаған фондық проецсстерді қолдауға мүмкіндік береді.
► Симметриялық мультипроцессорлық өңдеу. Жүйе мүмкіндігінше өте күшті өнімділікті қамтамасыз ету үшін қол жетімді есептеуші ресурстарды қолданады. Бұл кілттік мүмкіндік, өйткені осы уақытта әрбір қойылатын Мас аз дегенде екі ядролы процессорды қосады. Мас OS X vl0.6-тан бастай отырып, жүйеге мультипроцессорлық өңдеудің екі жаңа уникалды мүмкіндігі қосылған - Mac OS X-тың алдыңғы нұсқаларымен салыстырғанда одан да жоғары өнімділікті қамтамасыз ететін Grand Central Dispatch және OpenCL. Grand Central Dispatch қосымшаны пайдаланушыларға тек көппроцессорлы жүйелердің ғана емес, бірнеше ядролы процессорлардың барлық мүмкіндігін қолдануды аса жеңілдетеді. OpenCL ары қарай кете береді және қосымшаларға стандартты есептеуші тапсырмаларды орындауды жылдамдату үшін видеокартаның қуатты процессорын қолдануға мүмкіндік береді.
► Жадының 32- битті және 64-битті адрестеуін бір уақытта қолдау. Lion 32- битті және 64-битті адрестеу режимдерін бір уақытта қолдайтын бірнеше операциялық жүйелердің бірі болып табылады. 64- разрядты адрестеу режимінде жұмыс істейтін процессор 4 Гб жүйелік жадыдан артығына қабілетті, жоғары нақтылықтың есептеуші қызметін жылдам орындай алады және жоғары өнімділік пен қауіпсіздік үшін Intel компаниясының х86-64 жаңартылған архитектурасының артықшылықтарын қолдануға мүмкіндік береді. Қазір Intel Core2Duo және Intel Xenon процессорлары бар Мас компьютерлері адрестеудің 64- разрядты қолдауын қосады. Алдыңғы нұсқада, Mac OS X vl0.6, адрестеудің 64- разрядты қолдауы жетілдірілген. Содан бастай отырып, графикалық интерфейс сияқты командалық қатардың қосымшалары Mac OS X (жүйелік ядро) ядросын қоса отырып, 64- разрядты ресурстарға ғана қарай алады.
Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 1054;