Осымшалар мен процесстер
Процесс – дәл осы уақытта белсенді және жүйелік жадыда адрестік кеңістікті алатын орындалатын код түрі. Басқаша айтқанда, процесс – бұл осы уақытта Мас компьютерінде «қосылған» немесе «ашық» болып табылады. Lion процесстермен өте тиімді жұмыс істейді, сондықтан көптеген жағдайда тұрып қалған процесс процессордың ресурстарын талап етпейтініне қарамастан ол белсенді болып есептеледі, дегенмен оған жүйелік жадыда адрестік кеңістік бөлінген. Процесстің төрт негізгі типі бар: қосымшалар, командалар, агенттер мен демондар.
Қосымшалар (applications) – процесстердің арнайы категориясы. Қосымшалар – бұл графикалық интерфейсте пайдаланушы қосатын процесстер.
Командалар (commands) негізінен пайдаланушы қосады, бірақ олар тек командалық қатар интерфейсінде ғана қол жетімді.
Жүйе атынан орындалатын процесстер фондық процесстер болып табылатын демондар(daemons) категориясына жатады, дегенмен оларда жиі пайдаланушылық интерфейс болады. Демондар негізінен жүйені іске қосқан кезде қосылады және Мас қосылғанша және ол жұмыс істегенше барлық уақытта жұмыста қалады. Олар желі өзгерісін анықтау және Spotlight іздеуі қызметінің метамәліметтер индексін қолдау сияқты көптеген автоматты жүйелік мүмкіндіктерге жауап береді.
Агенттер (agents) – фондық процесстер сияқты, олардың негізгі ерекшелігі олар пайдаланушы жүйеге кіргенде ғана қосылатынында. Агенттер әрқашан пайдаланушыларға арналған жүйемен автоматты түрде қосылады. Дегенмен қосымшалар мен командалар автоматты түрде ашылуы мүмкін, олар агенттермен жағдайындағыдай жүйемен басқарылады. Ең маңыздысы процесстің осы барлық үш түрі жадының пайдаланушылық кеңістігінің бір бөлігі болып саналатындығында, сондықтан олар пайдаланушыдағы қол жетімділік артықшылықтарымен жұмыс істейді.
Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 1035;