Ақпараттық процесстер
Ақпаратты беру, сақтау және өңдеу процестері ақпараттық процесстер деп аталады.
Ақпараттық процесс негізінде ақпарат әртүрлi әдiстердiң көмегiмен бiр түрден екiншi түрге ауысады. Енді осыған кеңінен тоқталайық.
Ақпарат жинау - шешiм қабылдауға жеткiлiктi толық болуын қамтамасыз ету мақсатымен ақпараттарды жинақтау. Мысалы, тауардың құны, қасиеттері туралы ақпарат жинақтау нәтижесінде біз шешім қабылдаймыз.
Ақпаратты өңдеу – алдын-ала анықталған мақсатқа жету үшін берілген мәліметтерді түрлендіру әдісі. Оған мәліметтерді іздестіру, үйлестіру, сұрыптау, талдау және біріктіру жатады.
Ақпаратты үйлестiру - әртүрлi ақпарат көздерінен алынған деректердi бiр-бiрiмен салыстыруға болатындай етiп бiр түрге келтiру.
Ақпаратты сүзгiден өткізу (фильтрлеу) - “артық” деректердi алып тастау нәтижесiнде ақпараттың шындыққа сәйкестiгiн және адекваттығын арттыру.
Ақпаратты сұрыптау - ақпаратты берiлген қасиет бойынша реттеу, бұл ақпарат алуды жеңiлдетедi. Сұрыптау көбінесе екі бағытта: өсуі және кемуі бойынша жүзеге асады.
Ақпаратты архивтеу - ақпаратты қолайлы және алуға жеңiл түрде сақтау. Ол ақпаратты сақтауға жұмсалатын экономикалық шығындарды азайтады.
Ақпаратты қорғау – ақпараттың сыртқа шығуын, оның ұрлануын, жоғалуын, рұқсатсыз жойылуын, өзгертілуін, рұқсатсыз көшірмесі алынуын болдырмауға бағытталған шаралар кешенi. Құрылғылардың электрмен қоректенуі кенет үзілген жағдайда да ақпараттың дискіге жазылып, тұтас сақталуын қамтамасыз ету.
Ақпаратты тасымалдау - ақпараттық процесстiң алшақ орналасқан учаскелерi аралығында ақпаратты қабылдау және беру.
Ақпаратты түрлендiру - деректердi бiр түрден екiншi түрге немесе бiр құрылымнан екiншiсiне өткiзу. Ақпаратты түрлендiру көп жағдайларда тасымалдаушының типi өзгеруiне байланысты болады. Мысалы, цифрлi ақпараттар ағынын телефон желiсiнiң каналдары арқылы тасымалдау үшiн цифрлi ақпаратты дыбыс сигналдарына ұқсас түрге келтiру қажет, бұл қызметтi телефон модемдерi деп аталатын құрылғылар орындайды.
Ақпаратты сақтау – келешекте пайдалану үшін ақпаратты магниттік таспаға, магниттік дискіге және т.б. сақтауыш құрылғыға жазып алу. Ақпаратты сақтау біршама уақыт аралығы өткеннен кейін ақпаратты қайтадан пайдалануды қамтамасыз етеді.
Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 7065;