Ақпарат ұғымы
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МИНИСТРІЛІГІ
Комерциялық емес акционерлік қоғамы
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Ақпараттық жұйелер кафедрасы
АҚПАРАТТАНУ
пәнінен барлық мамандықтарына арналған дәрістер жинағы
Алматы 2011
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Б.Р. Абсатарова. Ақпараттану. Барлық маманыдық-тарына арналған дәрістер жинағы. - Алматы: АЭжБУ, 2011. - 115 б.
Дәрістер жинағына ақпараттану және есептеуіш техниканың негізгі ұғымдары қарастырылған. Мұнда Windows операциялық жүйесінде Word, Excel, PowerPoint, Acces программалармен жұмыс жасау негіздері берілген.
Дәрістер жинағы мемлекеттік білім беру стандарты талаптарына сәйкес.
Пікір жазған:
«Алматы энергетика және байланыс университетінің» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2011 ж. Баспа жоспары бойынша басылады.
КІРІСПЕ
ЛЕКЦИЯ №1
Сагат)
Ақпарат және информатика ұғымдары
Ақпарат ұғымы
Ақпарат ұғымы адамзат өмірі мен әртүрлі ғылым саласында жиі қолданылады. Ол латынның түсіндіру, баяндау деген ұғымды білдіретін “informatio” сөзінен шыққан.
Ақпарат дегеніміз белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар. Жалпы айтқанда, ақпарат – қоршаған ортадан қабылданатын, қоршаған ортаға берілетін, сақталатын мәліметтер жиыны. Ақпарат объектілердің, процесстердің және құбылыстардың қасиеттері мен қатынастарын бейнелейді.
Ақпарат ұғымының әртүрлі ғалымдар берген анықтамаларын қарастырайық. Америка ғалымы Клод Шеннон ақпаратты белгілі бір нәрсе туралы біздің біліміміздің айқындылығын арттыру деп түсіндіреді. Норберт Бинер «ақпарат дегеніміз сыртқы ортадан сезімдеріміз бен оған бейімделуіміз арқасында алынған түсініктерді белгілеу» деген анықтама береді. Информатика тұрғысынан алғанда, ақпарат дегеніміз компьютерге енгізілетін, оның жадында сақталатын, қажет кезінде өңделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер.
Табиғаттағы процесстердiң барлығы сигнал берумен қатар жүредi. Кез-келген ақпаратты алмасу процесiнде оның көзi (ақпаратты беруші) және қабылдаушы ерекше орын алады. Ақпарат оның көзiнен қабылдаушысына шартты сигнал түрінде берiледi. Физикалық объектілер өзара әрекеттесіп, әртүрлі сигнал тудырады. Аталған сигналдар өзгеруi мүмкiн. Сигналдар өзгерiсi ақпаратты алуға мүмкiндiк бередi. Тiркеуге алынған сигналдарды деректер деп атайды. Деректер әртүрлі деңгейде қабылданатын мәлiметтер бередi, бiрақ оларды ақпарат деп қарастыруға болмайды. Мысалы, шет тiлiнде берiлген мәтінді сол тілді жақсы меңгерген адам мен тілді білмейтін адамның қабылдауы.
Ақпарат алу үшін деректердi түсінікті түрге түрлендiретiн әдiстерді қолдану қажет. Ақпаратты түрлендіру әдістері әртүрлі. Жоғарыда айтылғандардан, ақпарат дегеніміз деректер мен оларға қолданылған әдістердің өзара әрекеттестігінің нәтижесі деген анықтама беруге болады.
Қазіргі уақытта қоғамды ақпараттандыруға ерекше мән берілуде. Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз адамдардың, мемлекеттік басқару мекемелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және қоғамдық бірлестіктердің ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ақпараттық ресурстарды пайдалануға негізделген әлеументтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс.
Қоршаған ортадағы ақпаратты алуда адам сезім мүшелерін қолданады. Олар: көру, есту, иіс сезу, сипап сезу, дәм сезу. Адам көзбен көру ақпаратын алады. Мысалы, теледидар көру, тақтадағы жазулар, көшеде жүру белгілері және т.б.
Адам құлағымен есту ақпараттарын қабылдайды. Мысалы, мұғалімнің сабақты түсіндіруі, біреудің әңгімесі, музыка дыбысы және т.б. Адам мұрны арқылы қоршаған ортадан иіс сезу ақпаратын алады. Мысалы, гүлдің иісі.
Адам тілдің көмегімен заттың ащылығын, қышқылдығын, тәттілігін, тұздылығын анықтайды. Мысалы, қышқыл лимон, тәтті конфет, тұзды қияр және т.б.
Саусақ ұшы және тері арқылы заттың температурасы жайлы ақпарат аламыз. Басқаша айтқанда, кез-келген заттың ыстық немесе суықтығын, құрғақ немесе ылғалдылығын, тегіс немесе кедір-бұдыр екендігін денеміздің терісі арқылы анықтаймыз.
Ақпараттың түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, магниттік жазба және т.б.
Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 8481;