Ақпарат қасиеттері
Ақпараттың негізгі қасиеттеріне тоқталайық.
Ақпарат толықтығы. Ақпараттың толықтығы - шешім қабылдауға қажетті ақпарат мөлшерін анықтайтын сипаттама. Ақпараттың толық болмауы көптеген қателіктерге жол береді, қосымша әдістерді қолдануды қажет етеді. Ақпарат көп мөлшерде берілсе, қосымша сұрыптау арқылы қажетті ақпаратты бөліп алу керек. Сондықтан, ақпараттың толық болмауы немесе шамадан тыс көп болуы ақпарат алуға кедергі келтіреді.
Ақпарат ақиқаттығы. Ақпараттың ақиқаттығы қабылданған ақпараттың нақты жағдайға сәйкестігін анықтайды. Тiркелген кез-келген сигналға әрқашан әртүрлі дәрежедегі бөтен сигналдар (ақпараттық шуыл) қосылып кетедi. Ақпараттық шуыл дәрежесi жоғарыласа, ақпараттың шындыққа сәйкестiгi төмендейдi. Мұндай жағдайда әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді мұқият оқу, күмәнді мәліметтерді тексеру және салыстыру қажет.
Ақпарат құндылығы. Ақпараттың құндылығы - оның адамның көздеген қызметінің алуан түрлі саласында пайдалануға жарамдылық қасиеті.
Ақпарат тұтастығы. Ақпарат тұтастығы - ЭЕМ құралдарының кездейсоқ немесе әдей бұзылуы кезінде ақпараттың өзгермеуін қамтамасыз ету қабілеті.
Ақпараттың адекваттығы. Ақпараттың адекваттығы дегеніміз ақпараттың негізінде құрылған бейненің нақты объектінің, құбылыстың объективтi қалып-күйiне сәйкестік дәрежесі. Адекватты емес ақпарат толық емес немесе шындыққа сәйкес емес деректердi немесе әдiстердi пайдалану негiзiнде пайда болады.
Ақпараттың өзектілігі. Ақпараттың өзектілігі оның уақыт ағымына сәйкестігін анықтайды. Шындыққа сәйкес, адекватты, бірақ ескірген және керексіз ақпарат өзекті (актуальды) емес ақпаратқа айналады. Мысалы, осы аптаға арналған телебағдарлама келесі аптада өзекті емес ақпарат.
Ақпараттың түсініктілігі. Ақпарат пайдаланушыға түсінікті тілде жазылуы керек. Мысалы, ағылшын тілінде сөйлейтін орта үшін қытай тіліндегі ақпаратты түсіну қиын.
Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 17847;