Игерудің қатарлы жүйелері.
Олардың әр түрлілігі – жандылық (блоктық) жүйелер. Кен орындарда бұл жүйелер кезінде, әдетте олардың созылып жатуына көлденең бағытта өндіру және айдау ұңғылары орын алады. Тәжірибеде бірқатарлы, үшқатарлы және бесқатарлы, өзімен өндіру ұңғылардың бір қатарының, айдау ұңғылардың бір қатарымен, өндіру ұңғыларының үш қатарының және айдау ұңғылардың бір қатарының, өндіру ұңғыларының бес қатарының айдау ұңғыларының бір қатарының кезектесуін ұсынатын ұңғылардың орналасу құрылымы қолданылады.
Игерудің бірқатарлы жүйесі. Бұндай жүйеге сәйкес ұңғылардың орналасуы 2 суретте көрсетілген. Игерудің қатарлы жүйелерін енді басқа параметрлермен мінездеу қажет. Айдау ұңғыларымен өндіру ұңғылары арасындағы ара қашықтықтан басқа блоктың немесе түзудің енін ескеру қажет. (2 суретті қара)
2-суретте Игерудің бірқатарлы жүйесі көрсетілген: 1- мұнайлылықтың шартты нұсқасы; 2-айдау ұңғымалары; 3-өндіру ұңғымалары.
3-суретте Игерудің бірқатарлы жүйесінің элементі көрсетілген: 1-¼ ұңғымалардың шахматты түрде орналасу кезіндегі айдау ұңғымалары; 2-бір сызық бойында орналасқан ұңғымалардың орналасу кезіндегі айдау ұңғымалары жартысы; 3-4-өндіру ұңғымаларының ¼ бөлігімен жартысы.
Ұңғы торының тығыздығының параметрі және бірқатарлы, үшқатарлы және бесқатарлы жүйелер үшін параметрі, сыртқы сулану жүйелері үшін тәрізді, үлкен мәндер қабылдайды. параметрінің өлшемі жөнінде алдында айтылған болатын. ω параметрі, сыртқы сулану жүйелерге қарағанда, қатарлы жүйелер үшін нақты көрсетілген. Бірақ, ол шектер арасында толқу мүмкін. Мысалы, қарастырылып жатқан бірқаттарлы жүйе үшін ω≈1. Демек, айдау ұңғылардың саны шамамен (бірақ, дәл емес) өндіру ұңғылардың санына тең, себебі қатарларда осы ұңғылардың саны және , арақашықтықтары әр түрлі болуы мүмкін. Сулануды қолдану кезде түзуінің ені 1-1.5км-ді құрау мүмкін, ал мұнай беруді көбейту әдістерді қолдану кезінде одан төмен мәндер болады.
Бірқатарлы жүйеде өндіру ұңғыларының саны айдау ұңғыларының санына тең болғандықтан, бұл жүйе өте интенсивті. Қатты суарынды режимі кезінде өндіру ұңғыларының сұйықтық шығыны айдау ұңғыларға бітіп жатқан агенттің шығынына тең.
Қатарлы жүйелерде өндіру және өндіру қатарларда ұңғылар саны әр түрлі болғандықтан, ұңғылардың орналасуын шартты геометриялық реттелген деп есептеуге болады.
Кен орынды игерудің техникалық көрсеткіштерін болжауда, бір элементтің мәліметтерін есептеу жеткілікті, кейін оларды жүйенің барлық элементтері бойынша қосуға жеткілікті.
Игерудің үшқатарлы және бесқатарлы жүйелері үшін түзудің ені ғана емес, айдау және өндіру ұңғыларының бірінші қатармен арасындағы арақашықтық (8 сурет), бесқатарлы жүйе үшін өндіру ұңғыларының екінші және үшінші қатарлар арасындағы арақашықтықтарға мән беріледі. түзуінің ені өндіру ұңғыларының қатар саны мен олардың арасындағы арақашықтыққа байланысты. Мысалы. l0 1= l1 2 = l2 3 =700 м, то Lп = 4,2 км.
4 суретте ұңғымалардың үшқатарлы жүйе кезіндегі орналасуы: 1-мұнайлылықтың шартты нұсқасы; 2-өндіру ұңғымалары; 3-айдау ұңғымалары.
5 суретте ұңғымалардың үшқатарлы жүйе кезіндегі орналасуы: 1 - мұнайлылықтың шартты нұсқасы; 2-өндіру ұңғымалары; 3-айдау ұңғымалары.
ω параметрі үшқатарлы жүйе үшін шамамен 1/3, ал бесқатарлы жүйе үшін 1/5-ке тең.
Үшқатарлы және бесқатарлы жүйелерді қолдану кезінде кен орын бойынша жоғары шығымға ие болады. Әрине, үшқатарлы жүйе, бесқатарлы жүйеге қарағанда интенсивтілеу болады.
Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 1456;