Салқындату жүйесі.

Салқындату жүйесі ыстық газдармен жанасудан немесе үйкеліс әсерінен қызатын цилиндр қабырғаларынан және басқа бөлшектерден жылуды алу үшін, оларда жану камерасының жұмыс жағдайымен, сондайақ майдың қасиетімен және материалдардың ыстыққа төзімділігімен шектелетін температураны берілген шамада сақтау үшін мақсатталған. Салқындатуда цилиндрлерден мәжбүрлі түрде алынатын жылу қозғалтқышты қоршаған ауаға беріледі. Жылуды алу тәсілдеріне сәйкес салқындату жүйесі келесідей бөлінеді:

1) сұйықтықты — салқындатқыш дене ретінде жоғары температурада қайнайтын су немесе басқа сұйықтар қолданылады;

2) ауалық — бөлшектерді салқындату ауа ағынымен жүргізіледі;

3) буландырғыш — салқындату қызған бөлшектерді жуатын сұйықтардың булануы нәтижесінде жүреді.

Көлік құралдарының қозғалтқыштарында бірінші екі салқындату жүйелері қолданыс тапқан. Осыған байланысты буландырғыш салқындату жүйесі қарастырылмайды. Егер сұйықпен салқындатуда қозғалтқыштың жылулық күйі салқындатқыш сұйық және майдың температурасымен бағаланса, ал ауамен салқындатуда – май температурасымен бағаланады.

Алынған жылудың үлкен бөлігі салқындату жүйесі арқылы қоршаған ортаға түседі, ал аз бөлігі майға және қозғалтқыш бөлшектерінің сыртқы беттерінен қоршаған ортаға тікелей беріледі.

Салқындату жүйесі қозғалтқыштың тұрақты жылулық тәртібін қамтамассыз етеді. Қозғалтқыштың қызып кетуі үйкеліс беттерін майлаудың нашарлауына және майдың күйуіне алып келеді, ал бұл беттесетін тетіктердегі саңылаулардың бұзылуына және қозғалтқыштың істен шығуына алып келеді. Қозғалтқыштың аз ғана қызып кетуі оның тиімділігін төмендетеді (толтырудың төмендеуі, ұшқынмен тұтанатын қозғалтқыштарда детонацияның пайда болуы және дизелдерде жұмыстық қоспаның өздігінен тұтануы). Қозғалтқышты өте салқындатып жіберу жанармай бөлшектерінің дымқылдануына, қоспа түзудің және жұмыстық қоспаның тұтануының нашарлауына, оның жану жылдамдығының төмендеуіне және осының салдарынан қозғалтқыштың тиімділігі мен қуатының азаюына алып келеді.








Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 6090;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.