Майлау жүйесінің түрлері.
Піспекті қозғалтқыштардың үйкеліс түйіндеріне май берудің тәсілдеріне байланысты майлау жүйесі келесі түрлерге бөлінеді:
1) шашырату арқылы, 2) қысым арқылы және 3) біріккен.
Шашырату арқылы майлау жүйелерінде жылдам айналатын бөлшектермен май өте майда тамшыларға майдаланады (мысалға, иінді білікпен). Осының себебінен картердің бос кеңістігі майдың майда тамшыларымен толады және де олар үйкеліс беттерінің аралығындағы саңылауларға кіреді. Бұл майлаудың түрі қозғалтқыштардың ескі құрылымдарында қолданылған. Қазіргі уақытта ол, едәуір кемшіліктері (май шығынының жоғарылығы, оның жылдам тотығуы, қозғалтқыштың жауапты түйіндерін майлаудың жеткіліксіз сенімділігі) болғандықтан аз қолданылады.
Майлау жүйесінде май картерден үйкеліс беттеріне арналармен сорғы арқылы қысыммен беріліп, одан қайтадан картерге ағып келеді. Сонымен бірге үйкеліс беттеріне майдың қажетті мөлшері беріледі және оның жылдам айналымы қамтамассыз етіледі.
Қазіргі заманғы піспекті қозғалтқыштарда біріккен майлау жүйесі қолданылады: өте жүктемелі беттер (иінді біліктің шатундық және тамырлы мойынтіректері, бөлу білігінің мойынтіректері және т.б.) майды қысыммен беру арқылы майланады, ал басқалары – майдың шашырауымен.
Майға арналған негізгі сиымдылықтың орналасу орнына байланысты:
- ылғал картерлі майлау жүйесі (картер майға толтырылған);
- құрғақ картерлі (майсыз картер) болып бөлінеді.
Көптеген қазіргі заманғы піспекті қозғалтқыштарда ылғал картерлі майлау жүйесі қолданылады.
Жоғары жүрісті қозғалтқыштардың картерінде көбіктенудің күштілігі себебінен құрғақ картерлі жүйе қолданады, себебі май сорғысының көбікті соруы майлауды мүлдем тоқтатады. Құрғақ картерлі майлау жүйесі үлкен биіктіктерден өтуге есептелген көлік құралдарында орналасқан қозғалтқыштарда да қолданады. Қозғалтқыштардың еңкейуінде картерді құрғату үшін картердің алдыңғы және артқы жағына екі сорғыш сорғы қондырылады. Қозғалтқыштың биіктігін азайту және майдың аз шығыны құрғақ картерлі майлау жүйесінің артықшылығы болып табылады, себебі майды шайқаудың керексіздігі және цилиндр қабырғаларына оның артық шамада берілмеуі.
Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 2149;