Тақырып. Қазақстан Республикасының Тұрақты дамуының өзекті экологиялық мәселелері.

Жоспар:

1. Қазақстан Республикасының Тұрақты дамуы.

2. Тұрақты дамуының өзекті экологиялық мәселелері.

Қазақстан Республикасының орнықты дамысы:Елдің орнықты дамысы дегеніміз қазіргі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын және келер ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктеріне қатер төндірмейтін дамыс жолы болып табылады.

Қазақстан Республикасы үшін орнықты дамысқа көшу күн тәртібіндегі негізгі мәселенің бірі болып табылады. Табиғи ресурстарды игеру есебінен елдегі экономиканың өсуі тек белгілі бір кезеңде ғана пайдалы болуы мүмкін. Қазіргі жағдайда өсім мен даму неғұрлым озық тетіктерді талап етеді.

Орнықты даму Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу үшін аса қажет. Орнықты даму қағидасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы өз халқына Жолдауында жарияланған Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының негізінде барынша анық тұжырымдалған. Осыған орай Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамысқа көшу тұжырымдамасы әзірленіп, ел өмірінің барлық салаларында орнықтылыққа қол жеткізу қағидаттарының көрінісін, мақсаттарын, міндеттері мен негізгі тетіктерін айқындады. Бұл мақсатқа жету үшін дамудың экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси факторлары өз ара ықпалдасуы және Қазақстан халқының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған біртұтас процесс ретінде қарастырылуы қажет болады.

Қазақстан Республикасы орнықты дамысқа көшу өзектілігі мен алғышарттары:

Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың бір мүшесі ретінде ХХІ ғасырға арналған таяу міндетінде (Рио-де-Жанейро, 1992 жыл) және Мыңжылдық саммиті (Нью-Йорк, 2000 жыл) мен Орнықты даму жөніндегі әлемдік саммит (2002 жыл, Йоханнесбург) декларацияларында қойылған міндеттерді орындау жөнінде бірқатар міндеттемелер қабылдаған болатын. Осы орайда Қазақстан Республикасы орнықты дамуға қол жеткізу бағытында арнайы шаралар қабылдап іске асыруда. Қазақстан БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі комиссиясының, «Еуропа үшін қоршаған орта» және «Азия үшін қоршаған орта мен орнықты даму» процестерінің, орнықты даму үшін Дүниежүзілік кәсіпкерлер кеңесі өңірлік еуразиялық желісінің мүшесі және белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспары, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға дейінгі экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы қабылданды, Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесі және «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ құрылды.

Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады. Еуропа мен Азия арасында саяси, мәдени және экономикалық көпір бола отырып, Қазақстан құрлықта ландшафтар мен экологиялық жүйелердің дамуында осы тектес байланыстырушы қызмет атқарады. Қазақстан аумағының көлемі, климат жағдайларының әр түрлілігі, өңірдің су теңгерімінің ерекшеліктері Еуразияның күллі аумағындағы экологиялық жағдайды оның Қазақстандағы тұрақтылығына айтарлықтай тәуелді етеді.

Қазақстандағы саяси ахуал бүкіл әлемге тұрақтылықтың, конфессияаралық келісімнің, еліміздің барлық азаматтарының мүддесінде демократия мен қоғамдық институттарды дамытудың бірегей үлгісін танытып отыр. Қазақстанның орнықты саяси дамуы әлемдік қоғамдастық үшін теңгерімді бастамалардың көзі ретінде еліміздің қалыптасуында маңызды рөл атқара алады. Осы орайда Қазақстан өзінің дамуында еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін біршама кедергілерге кезігуде.

Қазақстан Республикасының қазіргі уақытқа дейінгі экономикалық өсуіне негізінен әлемдік нарықтағы шикізат бағасының өсуі мен табиғи ресурстардың елеулі бөлігін тұтыну есебінен қол жетіп отыр. Табиғи капиталдың барынша ысырап болуы мен құлдырауы орын алуда. Ішкі жалпы өнімнің өсуі қоршаған ортаға қалдықтардың көп шығарылуымен қатарласа жүруде. Қазіргі бағалау бойынша, ел аумағының 75%-ға жуығы экологиялық тұрақсыздықтың жоғары тәуекеліне ұшыраған. Шөлейттену проблемасы өткір қойылып отыр. «Тарихи ластанулар», қалдықтарды жинаушылар, тұрақты және жылжымалы көздерден бөлінетін улы заттар қалдықтарының өсуі табиғи ортаның жай-күйі мен халықтың денсаулығына айтарлықтай қатер төндіреді.

Ел экономикасының тұрақтылығына төнетін ықтимал қатерлер ретінде шикізат секторына елеулі тәуелділік, жекелеген салалардың Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруге дайындық деңгейінің төмендігі, сыртқы қарыздың өсуі, «көлеңке экономика» проблемалары танылады. Ал, Қазақстан өңірлерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайларында айтарлықтай алшақтық бар. Демографиялық жағдай мен халықтың денсаулығының жай-күйінде көптеген проблемалар бар және әзірге оның құқықтық, экономикалық, экологиялық сауаттылық деңгейінің жеткіліксіздігі орын алуда. Бұл кедергілерді еңсеру Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу жолындағы басты кезеңдік міндеті болып отыр.

Орнықты дамуға көшу өлшемдеріне талдау және болжам жасау:

Қазақстан Республикасындағы көптеген әлеуметтік-экономикалық проблемалардың негізгі себебі елдегі ресурстарды өндіру мөлшерімен салыстырғандағы оларды тепе-тең мөлшерде тұтынбау жағдайындағы қалыптасқан тарихи теңсіздік болып табылады. Егер елдің негізгі экономикалық көрсеткіштерін энергетикалық пайдалы құндылық – гигаватпен (ГВт) өлшенетін қуатты өлшеу негізінде жалпы өлшем бірлігіне негіздеп бағалайтын болсақ, онда қазіргі ысыраптың көлемін анықтау мүмкін болады. Сонда, 2005-жылы 29,4 ГВт мөлшерінде өндірілген жиынтық өнімді алу үшін елімізде тұтастай алғанда 94,85 ГВт мөлшеріндегі ресурстар тұтынылған екен. Бұл жыл бойында еліміздің 65,45 ГВт қуатының резерві ысырап болды, немесе жеткіліксіз пайдаланылды деген сөз. Осылайша Қазақстан Республикасында ресурстарды пайдалану тиімділігі көрсеткіші (РПТ) салыстырмалы түрде төмен екендігін көруге болады, ол қазіргі кезде 31 пайызға тең (1.1-сурет). Ол 24 пайызға тең әлемдік орташа деңгейден артық, бірақ әлемдегі технологиялық жағынан жақсы дамыған елдердегіден кем. Мысалға, бұл көрсеткіш Жапонияда-36%, АҚШ-та–34%, Германияда-33% болса, бұрынғы КСРО-да РПТ көрсеткіші 36%-ға жетіп, ол әлемдік аренада бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейін қамтамасыз етіп тұрған еді. Қазақстан Республикасы орнықты дамудың негізгі өлшемі болып табылатын өмір сүру сапасы деңгейі бойынша да әлемнің неғұрлым дамыған елдерінен артта қалып келеді.

Қазір әлемде өмір сүру сапасы өлшемін оның негізгі құрамдас бөліктерімен, яғни тұрғындардың өмір сүру ұзақтығымен, әл-ауқатының деңгейімен және қоршаған ортаның жай-күйімен айқындайды.

Қоғам, табиғат және адам халықаралық университетінің (Дубна, Ресей) келтірген мәліметінде өмір сүру сапасы индексі бойынша рейтинг көшбасшысы Норвегияның коэффициенті – 3,83, Ресей – 1,57, Қытай – 0,34-ке тең болса, Қазақстан 1,17 коэффициентпен 78-орында тұр,

Қазақстанда халықтың денсаулық жағдайы мен адамдардың өмір сүруінің ұзақтығы басқа елдердің көрсеткіштерімен салыстырғанда елеулі түрде артта қалып отыр. Осылайша, халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтығы 2005 жылы 65,9 жасты құраса, Жапонияда бұл көрсеткіш 80 жасқа жақындайды.

Мемлекеттің әлеуметтік және институционалдық мүмкіндіктері мен халықаралық белсенділігін, халық денсаулығының экологиялық аспектілерін, экологиялық күйзелістерді, экожүйенің жай-күйінің көрсеткіштерін қоса алғанда барлығы 76 параметр есебіне негіздеп шығарған Йель экологиялық заңнама және саясат жөніндегі орталық (Йель университеті, АҚШ) пен Жер туралы ғылымдар халықаралық ақпараттық желісінің колумбиялық орталығының (Колумбия университеті, АҚШ) экологиялық орнықтылық индексі бойынша Қазақстан Республикасы 63,8 индексімен 70-орында тұр, ал көшбасшы елдер Жаңа Зеландия, Швеция және Финляндияда бұл көрсеткіш 87-88 балға жеткен.

Дүниежүзілік банктің деректері бойынша, табиғи капиталдың тозуы мен жойылуын ескеретін шынайы жинақтау индексі (ШЖИ) Қазақстан Республикасы үшін -25,5-ті құрайды, бұл көрсеткіш Ресей Федерациясында -4,4, Норвегия +14,8, АҚШ +4,4 деңгейінде екен.

Қазақстан адам әлеуетінің даму индексі (АӘДИ) бойынша дүниежүзіндегі елдер рейтингінде 80-орынға ие. Алдағы салауатты өмірдің орташа ұзақтығы мен жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімнің шамасы ретіндегі бұл индекстің осындай құрамдас бөліктері бойынша әлемнің негізгі елдері арасындағы Қазақстан Республикасының жағдайы 1.2-суретте бейнеленген.

Сондай-ақ, алдағы салауатты өмірдің орташа ұзақтығы мен экологиялық тұрақтылық индексінің арақатынасы бойынша Қазақстан Республикасының жағдайы 1.3-суретте бейнеленген.

2024-жылға дейін Қазақстан Республикасы өмір сүру сапасы деңгейі бойынша әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті және дамыған елдердің қатарына қосылу үшін ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, өмір сүру жасын ұзарту, экологиялық орнықтылық индексінің өсуін қамтамасыз ету қажеттігі туындайды.

Жүргізілген есептеулер әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан тұрақты орын алу үшін Қазақстан 2013 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде мынадай параметрлерге сәйкес келуі тиіс екенін көрсетеді:

· ресурстарды пайдалану тиімділігі көрсеткіші РПТ – кемінде 43 %,

· ресурстарды пайдалану жиынтығы – кемінде 246,86 ГВт,

· өндірілген жылдық жиынтық өнім – кемінде 113,1 ГВт.

Болжамдарға қарағанда осы келтірген кезеңде дәл осындай өлшемдерге әлемдегі неғұрлым бәсекеге қабілетті елу ел сәйкес келетін болады. Ал, біздің Республика 53%-ға тең РПТ-ге жеткен кезде «орнықты даму» траекториясына шығып, жаңартуға келмейтін табиғат байлықтары есебінен емес, неғұрлым тиімді, әрі «озық» технологиялар есебінен экономиканың өсуін қамтамасыз ететін болады (1.4-сурет).

Қазақстан Республикасындағы тұрғын халқының саны орнықты дамудың маңызды өлшемі болып табылады. Халықтың тығыздығының төмен болуы (шекара ұзындығы айтарлықтай созылған жағдайда) әрдайым мемлекеттің дамуындағы тұрақсыздық факторы болып табылады. Ел аумағының елеулі бөлігін шаруашылыққа игеру үшін қиын және халықты Қазақстанның барлық өңірлеріне біркелкі орналастыру міндетін қою мүмкін еместігіне қарамастан, халық санын белгілі бір деңгейде ұстап тұру қажет. Сонымен бірге еңбек нарығы проблемасын шеше отырып экономикалық мүмкіндіктерді өрістету, қазақстандықтардың көршілес әлем ұлттарының арасында генетикалық және мәдени әлеуетін сақтау, өңірлер арасындағы инфрақұрылымның әлсіздігі мен демографиялық теңсіздікке байланысты жағымсыз саралануды еңсеру қажеттігі туындайды.

Халық санының неғұрлым оңтайлы деңгейі ретінде 2024-жылға қарай 18 миллион тұрғынға қол жеткізу басты мақсат болып табылады. Ол үшін табиғи өсім көрсеткішін 1000 адамға шаққанда 12,68-ге (қазіргі кездегі 8,0-ге қарағанда) дейін көбейтіп, өмір сүрудің орташа ұзақтығын 73 жасқа дейін жеткізу, туу көрсеткішін 1000 адамға шаққанда өмірге келетін кемінде 22 адам деңгейінде ұстап тұру талап етілетін болады. Ерлердің және әйелдердің өмір сүруінің орташа ұзақтығындағы алшақтық қазіргі 11 жылдан 7,5 жылға дейін азаюы жөн болады.

Экономикалық өсім процесінде экологиялық талаптарды арттыру, қоршаған ортаға антропогендік қысымды азайту қажет. Ол үшін 2024 жылға қарай экологиялық орнықтылық индексін ең кем дегенде, қазіргі ең жақсы көрсеткіш – 88 балға дейін жеткізу қажет болады. Сол арқылы өмір сүру сапасының көрсеткіштерін ең жоғары әлемдік көрсеткіштерге жақындатып, айтарлықтай жақсарту қамтамасыз етілетін болады.

Орнықты дамуға көшу кезеңдері:

Қазақстан Республикасы үшін орнықты дамысқа көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Ол үшін орнықты дамыстың әр кезеңіне арналған белгіленген өлшемдер анықталды (1.2-кесте). Алдымен дайындық кезеңі (2007-2009 жылдар) – бұл кезеңде орнықты даму қағидаларын қоғамдық және саяси қызметтің барлық салаларына енгізу, экономиканы әртараптандыру, технологиялық алға озуды жүзеге асыру үшін жағдай жасау мақсаты алға қойылады. Сосын бірінші кезең (2010-2012 жылдар) – бұл кезеңде Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруін қамтамасыз ету мақсаты жүзеге асырылады. Екінші кезең (2013-2018 жылдар) – бұл кезең өмір сүру сапасы деңгейі бойынша әлемдік дамудағы көшбасшылар арасындағы еліміздің жағдайын нығайту, табиғи ресурстарды орынсыз пайдалану салдарынан болатын шығындарды айтарлықтай қысқарту, елдің экологиялық орнықтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталады.

Үшінші кезең (2019 - 2024 жылдар) – бұл кезеңде орнықты дамудың қабылданған халықаралық өлшемдеріне қол жеткізу мақсаты орындалады.

Орнықты дамысқа көшудің негізгі қағидалары, оның мақсаты мен міндеттері:

Қазақстан Республикасында орнықты дамысқа көшудің негізгі қағидалары мыналар болып табылады:

· бүкіл қоғамды орнықты дамысқа қол жеткізу процесіне тарту;

· орнықты даму үшін саяси негіз жасау;

· ведомствоаралық ықпалдасу, мемлекетті басқаруға деген жүйелі көзқарас, дамудың негізгі көрсеткіштерін болжау, жоспарлау және реттеу тиімділігін арттыру;

· ел экономикасына жоғары технологияларды белсенді енгізу нәтижесіндегі экономикалық прогресс, ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру;

· ғылым мен білім берудің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;

· салауатты қоғам үлгісін енгізу негізінде халықтың денсаулық жағдайын және демографиялық жағдайды жақсарту;

· қоғамның аса маңызды ноосфералық қызметі ретінде қоршаған ортаны қорғау қызметін жетілдіру;

· трансөңірлік экожүйелік көзқарас негізіндегі аумақтық даму.

Орнықты дамысқа көшудің басымдықтары мыналар болып табылады:

· өндіріс пен тұтынудың орнықты үлгілерін енгізу;

· жаңа және экологиялық қауіпсіз технологияларды пайдалану;

· орнықты көлік жүйелерін дамыту;

· энергетикалық тиімділік және энергия жинақтау;

· орнықты дамудың өңірлік проблемаларын шешу;

· халықтың әлеуметтік қауіпсіздігінің деңгейін арттыру;

· экологиялық және гендерлік аспектілерді ескере отырып, кедейшілікке қарсы күресті күшейту;

· орнықты даму үшін ғылым мен білім беруді одан әрі дамыту;

· тарихи және мәдени мұраны сақтау;

· халықтың денсаулығына төнетін экологиялық қауіп-қатердің алдын алу және азайту;

· шөлейттенуге қарсы күресті кеңейту;

· биологиялық әралуандықты сақтау;

· эмиссияларды, оның ішінде қызған газдар мен озон қабатын бұзатын заттарды азайту;

· сапалы ауыз суға қол жеткізу;

· трансшекаралық экологиялық проблемаларды шешу;

· радиациялық және биохимиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

· қалдықтарды кәдеге асыру.

Бүгінде жүзеге аса бастаған тұжырымдаманың басты мақсаты өмір сүру сапасын арттырудың және елдің ұзақ мерзімді келешекте бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізі ретінде Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және экологиялық даму аспектілерінің тепе-теңдігіне қол жеткізу болып табылады.

Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін орнықты дамыс саласында мынадай міндеттерді іске асыру қажет болады.

1. РПТ көрсеткішін 2012 жылға қарай 37%-ға , 2018 жылға қарай 43%-ға және 2024 жылға қарай 53%-ға дейін арттыру.

Бұл міндетті іске асыру шарасы:

· экономиканы әртараптандыруға, жоғары технологиялық және шикізаттық емес салалардың, сондай-ақ экологиялық қауіпсіз технологиялардың экономикалық өсімдегі үлесін ұлғайтуға;

· елді дамытудың негізгі макроэкономикалық өлшемдерін реттеудегі мемлекеттің рөлін күшейтуге;

· ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыра, ғылыми зерттеу және білім беру ұйымдары нысандарының алуан түрлерін кеңейте, зияткер қауымның беделін арттыра, инновацияларды мемлекеттен қолдай отырып, оның ішінде экономика салаларын кластерлік дамыту, материалдық-техникалық базаны түбегейлі жаңарту және ғылым мен білім беру саласын ресурстық қамтамасыз етуді жақсарту, кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесінің тиімділігін арттыру және осының негізінде отандық тауар өндірушілердің бәсекелес тұғырларға қол жеткізуі, елдің экспорттық әлеуетін дамыту аясында ғылым мен білім беруді басымдықпен дамыту есебінен технологиялық озуды қамтамасыз етуге;

· табиғи ресурстарды өндіру мен экспорттау және өзге де салалар арасындағы теңгерімді сақтауға;

· өндіріс пен тұтынудың орнықты үлгілерін енгізуге;

· көліктің орнықты жүйелерін дамытуға;

· елдің тиімді инфрақұрылымын құруға негізделетін болады.

2. 1000 адамға шаққанда өмірге келетін 18-22 баладан төмен болмайтын деңгейде ұстаған жағдайда халық өмірінің орташа ұзақтығын 2012 жылға қарай 68 жасқа, 2018 жылға қарай 70 жасқа, 2024 жылға қарай 73 жасқа дейін ұлғайту.

Орнықты дамыстың бұл міндетін іске асыру шарасы:

· әлеуметтік қауіпсіздік деңгейін арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін енгізуге;

· халықты қолайлы физиологиялық өлшемдерге сәйкес келетін сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етуге;

· халықтың денсаулығына төнетін экологиялық қауіп-қатердің алдын алу мен оны азайтуға;

· кедейшілікпен күреске, Джини индексінің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге;

· жолдағы, тұрмыстағы және өндірістегі жарақаттануды азайту жөніндегі шараларға;

· кенеулі тамақтану стандарттарын ынталандыруға, нутриционалдық (кальций, йод, селен және өзге де бағалы микроэлементтер бойынша) тапшылықты жоюға;

· отбасын нығайтуға, бала тууға деген экономикалық ынталандыру жасауға, әйелді босандыру, ана мен баланы қорғау жүйесін түбегейлі жақсартуға негізделетін болады.

3. Экологиялық орнықтылық индексін 2012 жылға қарай 10 %-ға, 2018 жылға қарай 15 %-ға, 2024 жылға қарай 25 %-ға дейін өсіру.

Бұл үшінші міндетті іске асыру шарасы:

· Қазақстан өңірлерінің орнықты даму бағдарламаларын іске асырудың экожүйелік трансөңірлік қағидасын енгізуге;

· үздік нетижелі технологияларға көшу мерзімдері мен тетіктерін айқындай отырып, барлық ірі өнеркәсіптік және энергетикалық объектілер үшін орнықты дамудың нысаналы өлшемдерін белгілеуге;

· шөлейттенуге қарсы күреске;

· экологиялық жүйелерді, ландшафттар мен биологиялық әртүрлілікті сақтауға;

· қоршаған ортаны қорғаудың, оның ішінде неғұрлым таза өндіріс стратегиясын дамыту мақсатында неғұрлым тиімді экономикалық тетігін енгізуге;

· балама энергетика нысандарын дамытуға;

· қазақстандық өнеркәсіптердің экологиялық өлшемдерін жақсартуға қаражат тарту үшін халықаралық келісімдердің («жасыл инвестициялар» деп аталатын) негізгі қағидалары мен тетіктерін қолдануға;

· ел аумағын «тарихи ластанулардан» тазартуға, қалдықтар менежментінің жүйесін ынталандыруға негізделетін болады.

4. Ішкі және сыртқы саясаттың табыспен іске асырылуын қамтамасыз ету.

Бұл төртінші міндетті іске асыру шаралары:

· орнықты даму идеясының төңірегіне саяси күштерді топтастыруға;

· тарихи біртұтас Қазақстан халқының, оның ішінде болашақ ұрпақтың мүдделерін білдіретін ел ішінде қоғамдық қозғалыстарды құруға қолдау жасауға;

· елде халықаралық орнықты дамыс аймағын құру мүмкіндіктеріне;

· Қазақстанның халықаралық ұйымдарға белсенді және нақты қатысуын, Қазақстан Республикасының қамқорлығымен бірқатар ірі халықаралық форумдар өткізуді қамтамасыз етуге;

· жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді жүйесін дамытуға негізделетін болады.

Экологиялық білім мен экологиялық сауаттылықтың адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі рөлі. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық проблемалары және Тұрақты даму концепциясы:

Жоғарыда айтылып өткендей, адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлың тарихи кезеңдерінде орын алыіі отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтиже-лері галамдық сшіатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәнітабиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаган адамдарды жерде қоныстан-дыру және олардың барлық ңажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатьша тәуелді.

Қазіргі кезең адамының ерекше биосфералық қызметібиосфераны қорғау мен саңтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялың мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуга өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыиты жардайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды — тұрақты дамудеп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы тиіс. Планетадағы тіршілікті қорғау шарасын бүкіл адамзат мүддесі талап етеді.

Экологиялық білім беру:Экологиялық білім беруге деген қажеттілікадамның өміріне қажет қолайлы ортаны қамтамасыз мен байланысты. Қоршаған ортаның сапасы адамның негізгі ңұқығының бірі — денсаулықты және дамудың негізгі мақсатын анықтайды. Экологиялық білім беру табиғатқа адамгершілік қатынасты қалыптастыру, табиғатты өзгертудің шекті мөлшерін анықтау үшін, адамның одан әрі өмір сүруі мен дамуына мүмкіндік беретін мінез-құлқының арнайы әлөуметтік-табиғи заңдылықтарын меңгеру үшін қажет.

Оқушыларда, студенттерде, сондай-ақ, жалпы халықта табиғатқа деген тұтынушылық қатынас басым; экологиялық мәселелердің әр адамның жеке басы үшін маңызды екенін қабылдау деңгейі төмен; адамды қоршаған ортаны зерттеу мен сауықтыруға арналған жұмыстарға іс жүзінде қатысуға деген қа жеттілік дамымаған.

Экологиялық білімберудің негізгі мақсаты -табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялық білім беру дегенде әрбір адамның жалпы экологиялық мәдениеттілігін калыптастыруға бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру және даму процестерін түсінеміз. Экологиялық жауапкершілікадамның мына қасиеттерімен байланысты: өз іс-әрекетін бақылау, табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кезеңдегі және болашақтағы нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен қарай білу және т.б.

Қызметі табиғи ортаға және адамың денсаулығына зиянды әсер етуімен байланысты адамдардың барлығының қажетті деңгейде экологиялық дайындығыміндетті түрде болуы керек. Оны қызметке тағайындау кезіндегі аттестациялауды есепке алу қажет. Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция — климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті қорғау мәселелері бойынша қабылданды. Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Ол үшін экология, экономика және әлеуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.

БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырды. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясатының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін наңты мысалдар келтірді. 1992—1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды. Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси шараларды анықтау жолдары іздестірілуде. Олар:

• бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

• суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын аныңтау;

жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау

 

 








Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 5770;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.043 сек.