Тақырып. Тұрақты даму Концепциясы. Тұрақты даму факторлары, оның стратегиялары.
Жоспар:
1. Тұрақты даму Концепциясы.
2. Тұрақты даму факторлары.
3. Тұрақты даму стратегиялары.
Халық көпшілік өзінің өмір сүріп отырған тіршілік кеңістігі мен ондағы экономикалық ахуалды “экономика – қоршаған орта” тұйық шеңбері ауқымындағы өзара тәуелді біртұтас жүйе ретінде қарастыруы жөн. Қоршаған ортадан алынған кез келген табиғи байлық толығымен пайдалы өнімге айналып кете қоймайды, яғни оның бір бөлігі әртүрлі қалдыққа айналып, қайтадан сол табиғи кеңістікке кері қайтарылады. Оның көлемі мен ауқымына шикізат өндірушілермен қатар тұтынушы заттар да әсер етуі мүмкін. Сөйтіп, адамның тіршілік кеңістігі шектеулі байлық түріне айналады. Ал, тіршілік кеңістігіне адамзат тарапынан келетін қысымның ұлғаюы мен қоршаған ортаның ластануы осылайша сыртқы әсер ықпалынан болатынын пайымдауға болады. Пайдалы сыртқы әсер басқа субъектлер функциясына қолайлы, әрі тиімді түрде әсер ететін болса, зиянды сыртқы әсер оларға, әрине, кері әсер етпек.
Табиғатқа адамзат тіршілігінің тауқыметі қабаттаспаған жағдайда ол әлде қайда ілкімді де нәтижелі жағдайда дамыған болар еді. Бірақ, адамзат тіршілігінің негізі табиғат пен оның байлығы болғандықтан, және ол байлықты адам баласы өз мүддесіне көп мөлшерде, әрі үнемсіз де ысыраппен пайдаланатындықтан бұл айтып отырғанымыз тек сөз жүзіндегі күйінде қала бермек. Сонымен қатар табиғи байлықты игеру қарқыны үнемі ұлғайып келеді. Тек өткен ғасырдың соңғы жартысынан бері пайдаланылған қазба байлық мөлшері адамзат тарихының одан бұрынғы барлық уақыттағы мөлшерінен асып түскен екен. Ал, бүгінде қазылып алынатын осынау көп мөлшердегі шикізаттан (шамамен жылына 40 млрд.т) тек азғантай бөлігі-ғана дайын өнімге айналады да қалғаны қалдыққа айналып тікелей, немесе жанама жолмен тіршілік кеңістігін ластайды. Сондықтан, табиғи кен көздерін үнемді пайдаланып, барлық салада, әсіресе негізгі шаруашылық салаларында орнықты даму жолының мүмкіншілігін қамтамасыз ететін экологиялық және экономикалық әрекеттерді үйлестіре жүзеге асыратын белсенді шараны БҰҰ-нан қабылдап “Таяу міндет 21” (“Agenda 21” - көбіне “күн тәртібі” деп аударып жүрген бұл сөзді ағылшын тіліндегі басқа мағнасына сай осылай алғанды жөн көрдік) бағдарламасы деген атпен жүргізіп отыр.
Сонымен күнделікті тіршілікте көпшілік қауымның, жеке адамның тіршілік кеңістігі болып табылатын қалыптасқан қоршаған орта мен олардың нақты шаруашылық әрекеті арасында үздіксіз байланыс орнаған. Осындай байланыстардың жиынтығын теориялық тұрғыдан қоршаған орта экономикасы қарастырып зерттейді де, қоршаған орта саясатының реттеуші құралы болып табылатын нормативтік, экономикалық, этикалық және инcтитуциональдық шаралар жиынтығы арқылы оған әсер ете алады.
Осы тұрғыдан қарағанда тіршілік кеңістігіне келетін әсерді (мысалы, өнеркәсіптен, ауыл шаруашылығынан, көліктен, тіпті жеке тұрғын үй құрылысынан) және осындай әсердің ауқымы мен маңызын бағалау ісімен міндетті түрде айналысу қажет. Әрбір әрекет барысында оның әсерін есептеп отыру керек, яғни ол әсер еткен ауданда, немесе аймақтағы нәтижесін талдап, оның өлшемдерін бағалап отыру керек болады.
Зерттелген экожүйенің, аймақтың, бүкіл бір мемлекеттің, немесе бүтіндей Жер шарының тұрақтылығына баға беру осындай шараның нәтижесі болып табылады.
Бұндай әрекет барысында адамның бақылап, өлшеп, тексеріп отыратын шешуші көрсеткіші ретінде тиесілі индикаторлар өлшемін алу қажет. Индикатор деп өлшеуге, немесе басқа жолмен бақылауға болатын тіршілік кеңістігінің құрамдас бөлігін анықтаушы сандық көрсеткішті айтады. Біз тіршілік кеңістігіндегі белгілі құбылыстар туралы және олардың сандық, немесе сапалық қасиеттерін көрсететін мәліметтерді осы индикаторлар арқылы аламыз. Адам баласы өз әрекеті арқылы экожүйеге келтірген, әйтпесе тіршілік кеңістігінде пайда болдырған өзгерістерді бақылап отыру үшін өте маңызды, әрі міндетті құрал ретінде индикаторлар жүйесін алып қарастырады.
Адамзат дамысын тек-қана экономикалық өсіммен өлшеп қарайтын бұрынғы көзқарас осыдан біраз бұрын біртіндеп өзгеріске ұшырап, әлеуметтік мүдделерге бағыт бұрып, оның ішінде әсіресе кедейлікті жою, тіршілік сапасын арттыру, сапалы білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға ауысқан болатын. Бағыт-бағдардың бұлайша өзгеруі табиғат пен адамзат арасындағы қарым-қатынасты реттеу ісін жетілдіру, салалық және құрылымдық даму мәселесін барлық сатыларда арттыруды кешенді түрде жүзеге асыруды талап етеді. Осы өзгерістер нәтижесінде орнықты даму (ОД) тұжырымдамасы пайда болып халықаралық дәрежеде жүзеге аса бастады. 20-ғасырдың 60-жылдарынан бері кең тарала бастаған осы ұғым бойынша кез келген типтің (адамзат баласының, тұтыныс заттарының, ластаушы заттардың т.с.с.) шексіз, немесе бақылаусыз өсуі табиғи қорлардың қазіргі шектеулі мөлшерінде ешбір қисынды бола алмайды.
Бүгінде өнеркәсіптің өркениетті үлгісін толықтыратын орнықты, әрі әділетті тұжырымдамамен жасақтау қажет. Міне, осындай тұжырымдама ретінде орнықты даму түсінігі қалыптасып, қоғам дамысының әлемдік үлгілері мен оның табиғатқа келтірген кері әсерінен туындаған жағымсыз жайларды шешудің бір жолы ретінде қарастырылуда. Бұл тұжырымдаманы алдымен экожүйесінің дені дұрыс, экономикасы күшті, әлеуметтік саласы қауіпсіз, әрі оңтайлы реттелген елде қалыптастыру қажеттігі ерекше айтылып жүр.
Тұрақты даму. Мемлекеттік экологиялық саясаттың негізгі қүралы деп экологиялық зандылықты түсінеміз. Экологиялық құкық- табиғат пен қоғамның бір бірімен өрекеттесу сферасындагы қарым қатынасты реттейтін .қүқықтық нормалардың жиынтыгы. Экологиялық қүқық мәселелерін, олардың реттейтін қоғаадық қатынастарын үш бөлікке бөлуге болады.
Бірінші бөлімді табиғат қорғау құқығы құрайды. Бұл құқық табиғи жүйе мен кешендерді қорғау мөселері бойынша қоғамдық қатынастарды, жалпы табиғат қорғау қүқықтық институттарын, қоршаған жалпы табиғи ортаның концеп-туальды бағыттарын шешуді реттейді. Бүған Қазақстан Республикасьшың "Қоршаған табиғи ортаны қорғау" заңы-ның, "экологикалық экспертиза" және т.б. қүжаттарыньщ норма-ларын жатқызуға болады.
Экологиялық қүқықтың екінші бөлімі табиғи ортаның жеке бөлікгерін реттейді. Бүған жер, оның қойнауы, су, орман, жануарлар әлемі, атмосфералық ауа сияқты жеке табиғи ресурстарды қорғауға бағытталған табиғи ресурстар қүқықтары жатады.
Экологиялық қүқықтың үшінші бөліміне қоршаған ортаны қорғау меелелерімен байланысқан қоғамдық қаты-настарды қарастыратын қүқықтың басқа салаларының нор-малары жатады. Кез келген қүқықтың, соның ішінде эко-логиялық қүқықтың да, өзіндік көзі бар. Қазақстан Республикасының "Нормативтік қүқықтық актілер" Заңы (24 март 1998 ж.) бойынша экологиялық қүқықтың негізгі көздерінің мынадай иерархиясы бар:
І. Қазақстан Республикасының Конституциясы (негізгі заң) (30 август 1995ж.).
2. Конституцияға өзгерістер мен қосымшалар енгізетін Заңдар.
3. Конституциялық зандық күші бар Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің үкімдері.
4. 3аңцық күші бар Қазақстан Республикасының кодекстері, зандары, Қазақстан Республикасы Президентінің үкімдері.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік үкімдері.
6. Қазақстан Республикасы Парламентінің нормативтік шешімдері.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік шешімдері.
8. Министерлердің нормативті бүйрықтары, мемлекеттік комитеттердің нормативтік шешімдері, нормативтік бүй-рықтары.
9. Маслихат пен әкімдердің нормативтік шешімдері.
Қазақстанның экологиялық саясатының болашақтағы жөне жақын аддағы уақыттағы мақсаттары Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан республикасының қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік концепциясында", № 2967 (30 апрель 1996 ж.) бекітілген. Бұл мақсаттар төмендегі экологиялық қүқықтар көздері арқылы іске асырылады.
І. Қазақстан Республикасының Конституциясы (негізгі заң) (30 август 1995 ж.).
2. Қазақстан Республикасының "Қоршаған табиғи орта-ны қоргау туралы" Заңы (15 июль 1997 ж.)
3. Қазақстан Республикасының "Экологиялық экспер-тиза туралы" Заңы (18 март 1997 ж.)
4. Қазақстан Республикасының "Жануарлар өле.мін қор-ғау, өсіру мен қолдану" Заңы, №2463-Х11 (21 октябрь 1993 ж.).
5. Қазақстан Республикасының "Өте айрықша қор-ғалатын табиғи территориялары туралы" Заңы (15 июль 1997 ж.).
6. Қазақстан Республикасының Орман Кодексі, №1924-XI1 (23 январь 1993 ж.).
7. Қазақстан Республикасының Су Кодексі, №2061-XII (31 март 1993ж.).
8. Қазақстан Республикасы Президентінін Үкімі, Зандық күші бар, "Жер туралы" №2717 (22 декабрь 1995 ж.).
9. Қазақстан Республикасы Президентінің Үкімі, Заң-дық күші бар, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" №2828 (27 января 1996 ж.),
10. Қазақстан Республикасы Президентінің Үкімі, Заң-дық күші бар, "Мұнай туралы" №2350 (28 июнь 1995 ж.).
Тақырып. Тұрақты даму қағидалары мен деңгейлері. Тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі халықаралық қарым-қатынастар.
Жоспар:
1. Тұрақты даму қағидалары.
2. Тұрақты даму деңгейлері.
3. Тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі халықаралық қарым-қатынастар.
Бүкіләлемдік тіршілік ортасы комиссиясынан дайындап басып шығарған “Біздің ортақ болашағымыз” атты хабарламасында келтірген анықтама бойынша орнықты даму деп келер ұрпақ қажеттігін қанағаттандыру мүмкіншілігіне қауіп төндіріп, кедергі болмайтындай, әрі бүгінгі қажеттікке толық сай келетіндей дамысты айтады. Комиссия тарапынан адамзат қазіргіден артық әділетті, әрі қауіпсіз болашақ құрып алатынына сенімді екенін білдірген. “Біздің ортақ болашағымыз” хабарламасы тіршілік кеңістігіндегі құлдыраудың тұрақты ұлғаюын, кедейліктің кеңейе жайылуын, әлемдегі табиғи қорлар одан әрі азайып, айнала ортаның ластануы күшейе түсуінің қиындықтарын болжап келтіруді мақсат етпеген. Керісінше, комиссия экономикалық дамыстың жаңа кезеңі басталу мүмкіншілігін тауып көрумен қатар оның ақыл-парасатқа негізделе отырып, табиғи қорларды сақтап-қана қоймай көбейте алатындығын көрсеткен. Бұндай қортындыдан келіп дамушы елдердің көпшілігінде тұрақты түрде тереңдеп бара жатқан тақыр кедейшілікті жоюдың негізгі шарты осындай орнықты дамыста екені байқалады. Комиссияның пайымдауынша бұндай үміт болашағы шешуші саяси шараның негізгі себепшісі болмақ, яғни осы шара арқасында адамзат дамысының орнықтылығын, ғұмырының ұзақтығын қамтамасыз етумен қатар табиғи қорларды үнемді пайдалану да жедел шешімін таппақ. Комиссия болашаққа сәуегейлік жасамаған, бірақ ең соңғы, әрі ең үздік ғылыми дәлелдерге негіздей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар үшін қор көздерін сақтап қалуға бағытталған міндетті шараларды қолға алатын уақыт жеткендігін ерекше ескерткен. Олар бұған арнап егжей-тегжейлі іске асыру жоспарын ұсынбаған, алайда әлем халықтары өзара қарым-қатынастарын кеңейтуге бағытталған жолды нұсқап көрсеткен.
Орнықты даму тұжырымдамасы дайындалумен қатар оның теориялық-әдістемелік негізі де бірге дамыды және оның маңызды бөлігі ретінде белгілі әрекетке, даму бағдарламаларына және тұжырымдамалық құжаттарға орнықты даму тұғысынан баға беру мүмкіндігін туғызатын қағидалар мен көрсеткіштер жиынтығы пайда болды. Олар:
· белгілі бір аймақта адамзат әрекетін реттеп басқаратын негізгі заңдар мен ережелер келбетіндегі қағидалар,
· осы қағидалардың іске асу барысын саралау шарасын жеңілдетуге бағытталған анықтаушы көрсеткіштер.
Орнықты даму қағидалары мен көрсеткіштерін ұстану деңгейіне (салада, әкімшілік бірлігінде және т.б.) баға беру, сол проблеманың, немесе құбылыстың қарқынын бағалау ісіне көп жағдайда орнықты даму көрсеткіштерін (индикаторларын) пайдаланады. Олар қарастырып отырған феноменның жай-күйі мен дамысы орнықты даму қағидалары мен көрсеткіштеріне сай келетіндігі, немесе сай келмейтіндігі турасында анық информация беретін өлшемдік параметрлер болуы тиіс.
Орнықты даму барысын қамтамасыз етудің негізгі қағидалары бірқатар еңбектерде талданып келтірілген. Орнықты даму қарқынын қалыптастыру мақсатын көздеген бағдарламаларда БҰҰ-ның басқа да мүдделес комиссиялары мен агенттіктері, халықаралық ұйымдар белгілі деңгейде қатысқан. Олардың арасында БҰҰ-ның Даму бағдарламасы (UNDP – United Nations Development Programme), Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры (IFAD – International Fund for Agricultural Development) және БҰҰ-ның тұрғын халық қоры (UNPF – United Nations Population Fund) бар.
Аталған құжаттардың көпшілігінде қазіргі қоршаған ортадағы маңызды проблемалар мен ондағы бүлдіруші залал әсерінің бағыт-бағдарын ашып ескерткен. Солардың қатарында бүкіләлемдік деңгейде ауа райының жылу қарқыны жалғасып отырғаны да айтылған. Ауа райының өзгеруі жайлы алғашқы үкімет аралық жиында айтылғандай 21-ғасыр барысында “жылыжай әсері” қарқын алуы кесірінен жер шарындағы орташа температура 20C-ден 5,80C-қа көтерілуіне әкеліп соғуы, және теориялық тұрғыдан алғанда соның әсерінен дүниежүзінің ауыл шаруашылығына апатты жағдай туындап, әлем бойынша теңіз деңгейінің ауытқуына әкеліп соқтыруы мүмкін екені көрсетілді. Бұндай өзгерісті шектеу үшін ауа кеңістігіндегі СО2 концентрациясын өнеркәсіптендіру дәуірінен бұрынғы деңгейінде тұрақтандыру, тіпті болмаса 1990-жылғы деңгейде ұстап қалу мақсатына жету керек. Ал, оның өзі әлемдегі СО2 өнімін кем дегенде 50% -ға кемітуді талап етеді. Бірақ, қазіргі дамыс қарқыны СО2 шығару ауқымының шамамен екі есеге көбеюі мүмкін екенін көрсетіп отыр.
Сонымен қатар, биологиялық түрлер қатарының шығыны да азаймай отыр, күн сайын жәндіктер мен өсімдіктердің 50-ге жуық түрлері жойылып кетуде. Бұның негізгі себебі ретінде жер бетін өркениет қажеттігіне пайдаланудағы қателіктер айтылып түр. Жер бетін пайдалану деңгейіне өлшем жүргізу тәсілдерінің бірі “экологиялық із” деп аталады. Бұнда тұрмыс қажетіне, ауыл шаруашылығына, тасымалға, өнеркәсіпке, демалысқа, энергия алуға және т.б. жер бетін тікелей, немесе жанамалы түрде пайдалану қарастырылады. Экономикалық ынтымақтастық және дамыс ұйымына (OECD–Organization for Economic Cooperation and Development) мүше елдерде әр адамға орташа есеппен 4 гектар экологиялық із тиетін болса, олардың көпшілігі барлық қажеттіктерді қанағаттандыратындай жеткілікті кеңістік бөле алмайды, яғни OECD мемлекеттерін қанағаттандыру үшін кемінде екі жер шары қажет болған болар еді. Бірақ, барымызға бағынатын болсақ айтылған ізді кем дегенде жартылай шектеуге және байлық пен молшылыққа келгенде жаңадан дамушы елдер олармен бірдей құқық пен мақсатқа ие екенін ескеруге тура келеді. Егер СО2 эмиссиясын шектеп, экологиялық ізді кем дегенде жартысына дейін азайтатын болсақ және сонымен қатар бүкіл әлемдік байлықты аз дегенде екі есеге ұлғайтуға қол жеткізсек, табиғи қорларды төрт еседен артық мөлшерде тұтынуға тура келетін қайшылыққа тап боламыз.
Орнықты дамыс жолында негізгі этикалық қағидаларды ұстану қажеттігі ұсынылады, яғни:
· Табиғи қор көздері шектеулі (яки мәңгі емес) және ол көпшілікке ортақ (тек біздің буын үшін ғана емес, болашақ ұрпаққа да);
· Адам баласы табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына мүлтіксіз бағынуға тиіс. Оны бұзған жағдайда жауапкершілік мойындауы қажет;
· Адамзат табиғатқа қожайын емес, бірақ оның күштерімен ынтымақтасуды үйренуі керек.
Күнделікті тіршілікте орнықты даму тиесілі ережелерді ұстануды талап етеді:
· үнемдеушіліктіңнегізі,әсіресе бос шығынды шектеу, қысқа мерзімдік, немесе бір реттік пайдалануға арналған (яки, қалдық туғызатын) өнімдердің орнына ұзақ мерзімге есептелгендерін пайдалану, шығындарды шектеу (мысалы, жылудың шығынын шектеу үшін қымтау, жылылау арқылы изолияцияны жақсарту) және т.б;
· пайдаланған өнімдер мен материалдарды қайта өңдеу (рециклияция) арқылы қор көздерін үнемдеу және айналаны қалдық қоқыспен ластау мөлшерін азайтуға жол ашу;
· табиғи тұрақты көздерді кең пайдалану, мысалға, күннің, судың, желдің энергиясын пайдалану, немесе табиғи өнімдер мен материалдарды артық қолдану (мысалы, синтетикалық материал орнына мақта-мата пайдалану);
· адам санын бақылау, яғни Жер шары асырай алатын мүмкіншіліктен тұрғын халық санын асырмай тұрақтандыру болып табылады.
БҰҰ-ның қоршаған орта және даму туралы бүкіл әлемдік конференциясы, онда қабылданған шешімдердің нәтижесі: БҰҰ-ның 178 мүше елдерінен делегация қатысқан “Дүниежүзілік саммит” деп аталатын БҰҰ қоршаған орта және даму туралы бүкіл әлемдік конференциясы (UNCED) 1992-жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында болып өтті.Осы Дүниежүзілік саммитте келесі құжаттар қабылданған еді:
· Қоршаған орта және даму туралы Рио-де-Жанейро декларациясы (Рио декларациясы);
· Ауа райының өзгеруі туралы БҰҰ-ның үлгілік келісімі;
· Биологиялық әртүрлілік туралы келісім;
· Барлық орман түрлерін пайдалану, қорғау және орнықты дамыту туралы дүниежүзілік келісім қағидаларын құқықтық міндетті емес тұрғыда сеніммен жариялаған.
· “Таяу міндет 21” бағдарламасы – қатысушылардың көпшілігі бұл құжатты іске асырған жағдайда орнықты дамуға апаратын басты жоспар деп қарастырады.
Қабылданған құжаттардың ішінде ең көлемді, әрі негізгісі болып табылатын “Таяу міндет 21” бағдарламасы 4 бөлімнен, 40 тараудан тұрады және ол қоршаған ортадағы тепе-теңдікті жақсарта отырып, орнықты дамуға қол жеткізудің шынайы мүмкіншілігін тудыра алады деп есептелуде.
Орнықты даму туралы Йоханнесбургтегі дүниежүзілік саммит шешімдері Еуроодақ елдері мен басқа мемлекеттерде: Еуроодақ (ЕО) елдерінде қоршаған орта саясатын бағыттап жүзеге асыратын негізгі құжат қоршаған орта бағдарламасы болып табылады. Тіршілік кеңістігіне арналған осындай әрекет бағдарламасының алғашқысы 1973–1976 жылдар арасында жүзеге асырылған еді. ЕО-та қоршаған орта саясатының негізгі бағыты болып қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму талаптарын әрбір салалық саясат деңгейіне дейін жеткізу болып есептеледі. Қоршаған орта бағдарламалары еуропа заң шығарушылары үшін негізгі тұғыр болумен қатар тіршілік кеңістігіне қатысты әрекет жоспарында келтірген мақсатарға жетуге көмектеседі. Осы мақсаттағы екіншіден бастап бесіншіге дейінгі әрекет бағдарламалары бірінен соң бірі 1977–2000 жылдар арасында дайындалып жүргізілді. Ал, 1993–2000 жылдардағы бесінші қоршаған орта бағдарламасы ұзақ мерзімдік мақсаттарды көздеді, қоршаған орта саясатында бүкіл әлемдік көзқарас орнықтырды және “Орнықты даму бағытымен” деп аталатын стратегияның жүзеге асу жолын көрсетіп берді.
2001–2010 жылдарға арналған Еуроодақтың 6-қоршаған орта бағдарламасы ЕО-тағы қоршаған орта саясатына жаңа мақсат пен бағыт-бағдар береді. Бұнда белгіленген мақсаттарға жетіп, орындауға шартты қадамдарды айқындап көрсеткен. Тіршілік кеңістігіне қатысты проблемаларды шешу жолын іздестіру барысына қоғамның барлық сатылары белсенді араласуын көздеп үндеумен қатар, осылайша орнықты даму қағидалары мен көрсеткіштерін орындауға да талпынуда.
ЕО елдері 2002–жылы Йоханнесбургте болған Дүниежүзілік орнықты даму саммиті (WSSD) қабылдаған шешімдерге қол жеткізу мақсатын өзара бірігіп шешу шараларын бастап кеткен. Осы орайда 2001–жылдың 6–ақпанында Еуропалық комиссия “2002–жылғы WSSD шарасына дайындық” деп аталатын құжатты (COM /2001/ 53) алдын ала қабылдаған еді. Бұл құжат ЕО мүше мемлекеттері арасында пікір алмасу мақсатына арналған, ары қарай Еуропалық парламентте WSSD үшін дайындалатын ЕО-тың қортынды ұстанымын айқындап берді. Осы құжатта Еуропалық комиссия ұсынған стратегиялық мақсаттарды Дүниежүзілік орнықты даму саммитінде ЕО тарапынан ұстанған еді. Ол мақсаттар қатарында:
· орнықты даму мақсатында бүкіл әлемдік әділеттік пен ілкімді әріптестікті күшейту;
· халықаралық деңгейде ынтымақтастық пен одақтастықты жақсарту;
· саяси міндеттемелерді нақтылау бағытында қоршаған орта мен даму мақсаттарын қабылдау;
· қол жеткізген табыстарға халықаралық бақылау жүргізу механизмін құру және ұлттық деңгейде белсенді әрекет ілкімділігін арттыру.
Еуропалық комиссия тарапынан Дүниежүзілік орнықты даму саммитіне өзара байланысты проблемалар тобын ұсынды:
· суды, жерді және энергияны үнемді пайдалану, экологиялық ілкімділігін қолдау арқылы экономикалық дамыстың негізгі табиғи көздерін қорғауға алу.
Экономикалық ынтымақтастық және дамыс ұйымы (OECD) табиғи қорларды шексіз алып пайдалану процесін тоқтатуға бағытталған 2015– жылға дейінгі стратегиясын дайындап шығарды. Бірақ, бұл стратегияны БҰҰ қабылдай ма деген сұрақ туындайды, әрі энергетикаға, жер қорына немесе тұщы суға бағытталған салалық нақты мақсаттар ары қарай айқындалып қолданысқа шыға ала ма деп ойландырады.
Қоршаған ортаны қорғау мен кедейлікті жоюмәселесін бірге алып қарастыру.Саммит барысында қоршаған ортаның бүлінуі мен кедейшілік арасында тығыз байланыс болатынын жақсы түсінуге жәрдемдесу мақсаты көзделуі керек болатын. Былайша айтқанда, кедей елдерде стратегиялық мүддеден гөрі қысқа мерзімдік тіршілік тауқыметін алдымен ойластыруға мәжбүр екені есепке алынуы керек еді. Яғни, қысқа саясат табиғи қорлардың есепсіз оталып бүлінуіне апаратыны және ары қарай ол елдерде кедейлік қырсығы тереңдей түсетіні анық. Тұрғын халықтың кедей бөлігі әсіресе денсаулық мәселесі тұрғысынан келгенде қоршаған орта залалына алдымен ұшырайды. Осы тұрғыдан келгенде кедей мемлекеттерге көмектесу мәселесі туындайды. Донор мемлекеттердің инвестициялары мен қаржы бағдарламалары дамушы елдер орнықты даму саласында өз мақсаттарына жетуі үшін көмектесуі тиіс.
Дүниежүзілік орнықты даму саммитіне дайындық барысының соңғы шаралары ретінде оны қаржыландыру мәселесін қарастырған Мексиканың Монтерей конференциясы (18–22.03.2002) мен Бали аралында өткен соңғы дайындық кездесуін атауға болады. Ал, саммит жұмысы 26.08–04.09.2002 аралығында Оңтүстік Африканың Йоханнесбург қаласында болып өтті. ДОДС жұмысының негізгі мақсаттары арасында “Таяу міндет 21” бағдарламасын орындау барысында жеткен жетістіктер мен тәжірибелерді саралай отырып, бағдарламаны толық іске асыру шараларын жалғастыру, оның ішінде әсіресе демографиялық дамысты қолдау, кедейлікпен күресу, адамдардың денсаулығын қорғау, білім деңгейін көтеру және осы мүддеге сай энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, қаржы, тұтыну саласында қалыптасқан модельді өзгерту, құрлықтың шөлейттенуіне қарсы күресу, орман-тоғайды, ауа мен суды, яғни орнықты дамудың негізгі көздерін қорғау көзделген болатын.
Дүниежүзілік орнықты даму саммиті болар алдында БҰҰ басып шығарған анықтамада Жер шарында тіршілік деңгейін дамыту және табиғи қорларды пайдалану бағытында қалыптасқан модель алып жатқан шығын мазасыздандырып отырғанын ерекше ескерткен. Осы анықтамада орнықты дамуға көрсетілетін қолдауды күшейту қажеттігін және табиғи қорларды үнемдеу шарасын жақсарту керектігін атап көрсеткен. Анықтама сонымен қатар мына жайларға назар аударған:
· бүгінде жер шары тұрғындарының 40%-ы су тапшылығына ұшырап отыр;
· жер шарында теңіз деңгейі жоғарылауда, бұл әлемдік ауа райының жылынуын тікелей дәлелдейді;
· жәндіктер мен өсімдіктердің көптеген түрлері жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр, олардың қатарында жануарлар арасынан адамға ең жақыны болып табылатын үлкен маймылдар тобының жартысына жуығы да бар;
· өткен ғасырдың тоқсан жылы ішінде әлемдегі орман-тоғайдың 2,4% жойылып кетті;
· дем алатын ауаның ластануы кесірінен жыл сайын 3 миллионнан астам адам көз жұмады екен.
Дүниежүзілік саммитте қабылданатын негізгі құжаттардың ішінде айрықша екеуін атауға болады, олар: “Іске асыру жоспары ” мен “Саяси декларация” еді. Іске асыру жоспарында орнықты даму проблемаларына анықтама беріліп, қойылатын мақсаттарды анықтаумен қатар іске асырылатын шаралардың мерзімі мен тәсілдері айқындалып, қортындысына бақылау жүргізу жолдары көрсетілген. Саяси декларацияда негізінен халықаралық қауымдастықтың Рио декларациясы, “Таяу міндет 21” бағдарламасы және Милени декларациясы деп аталып кеткен Рио+5 құжаттары алдындағы міндеттемелері айқындалып көрсетілген.
Іске асыру жоспарының басты қарсыластары АҚШ, Жапония, Канада және Австралия болып шықты және солардың кесірінен энергияның басқа көздерінің үлесін 2015–жылға дейін 15% ұлғайту жайлы нақты ұсыныс Іске асыру жоспарына кірмей қалды. Міндетті түрде қарастырылып келген “Іске асыру жоспары” да өзгеріске ұшырап, ерікті түрдегі міндеттемелерге негізделген “серіктестер ынтымақтастығы” деп аталатын келбетпен ұсынылып жатты. Осындай себептерден кейін қортынды құжаттарды келісу өте баяу жүрілген еді.
Бірақ, тұщы су іше алмай отырған адамдар санын 2015-жылға дейін жартысына азайту (яки бір миллиартқа) мақсатын құжаттарға кірістіру мүмкіншілігі туғанын атап өту керек. Саммиттегі маңызды сәттердің бірі Мексика президентінің Киото хаттамасына Мексика елі қосылатындығын жариялауы болды. Сондай-ақ Ресей мемлекеті де жуық арада осы хаттамаға қосылатынын мәлім еткеннен кейін бұл құжатқа қосылмаған АҚШ пен Австралия екеуі ғана қалғаны белгілі болды.
Дүниежүзілік саммитте қабылданған құжаттар мыналар еді:
· орнықты даму туралы 34 тармақтан тұратын Йоханнесбург саяси декларациясы;
· “Таяу міндет 21” бағдарламасын іске асыруға бағытталған шараларды біріктірген негізгі тармақтардан тұратын “Іске асыру жоспары”.
БҰҰ-ның орнықты даму комиссиясы өз жұмысында “Таяу міндет 21” бағдарламасын іске асыру барысын қадағалап, бақылап отыруын жалғастыра берумен қатар оны орындауға бағытталған белсенділік шараларымен ынтымақтаса жұмыстауға мүдделі болмақ.
Дүниежүзілік орнықты даму саммиті көтерген басты мәселелерді қысқаша қортындылап келтірсек:
· халықаралық міндеттемелер арасынан орнықты даму ең басты бағыт болатынын саммит бекітті және кедейлікке қарсы, әрі тіршілік ортасын қорғауға бағытталған күреске жаңа күш берді.
· Орнықты даму түсінігіне кең, әрі нақты анықтама берілді, әсіресе кедейлік, қоршаған орта және табиғи қорларды пайдалану арасындағы маңызды қатынастарды ашты.
· Орнықты даму мақсаттарының іске асу барысын ілкімді бағытқа бұруды көздеген бірқатар міндет, мүдделер билік өкілдерімен келісіліп бекітілді.
· Келіс сөздердің ең шешуші кезеңі энергетика мен денсаулық сақтау саласына арналды және ол осыған дейінгі халықаралық орнықты даму конференцияларынан әлде қайда артық сатыға көтерілді.
· Кедейлікті жоюға арналған бүкіл әлемдік шешім қолдау тапты.
· Африка құрлығы халықаралық қауымдастықтың арнайы қолдауына мұқтаж аймақ ретінде белгіленді және бұл қолдау Африканың кейбір аймақтарына дамыс әкелетіндей дұрыс шоғырландырылуы қажет екені көрсетілді;
· Саммит шешімдерін жүзеге асыру және әріптестік белсенділіктерін қолдау бағытындағы азаматтық қоғам құру шарасы ерекше маңызды деп белгіленді;
· Биліктегілер, кәсіпкерлер мен азаматтық сектор арасындағы ынтымақтастықты қолдауға үлкен сенім жүктелді.
Дүниежүзілік орнықты даму саммитінің іске асыру жоспарында “Тұтыну мен өндірудің қанағатсыз үлгілерін өзгерту” деп аталатын 3–тармағында өндіріс орындарының әлеуметтік және қоршаған орта саласындағы міндеттерін күшейтуді көрсете келіп (17а тарауы) өндірістегі өз еркімен жүргізілген әлеуметтік және экологиялық шараларға көрсетілетін қолдауды арттыру арқылы қоршаған орта менежментін жақсарту мақсаты айқындалған еді.
Ғаламдық экологиялық проблемаларды шешудегі халықаралық байланыс:
Халықаралық қарым-қатынас принциптері әлемдік қоғамдастықтардың көп жылғы еңбек негізінде қалыптасты. Қазіргі уақытта бұл принциптер былай айтылады:
• әрбір адам жақсы экологиялық жағдайда өмір сүруге қүқы бар;
• әрбір мемлекет өз халқының дамуы мен сүраныстарын қанағаттандыру үшін табиғи ресурстарды қолдануға қүқықтығы бар;
• жеке мемлекеттің экологиялық жақсы жагдайы басқа мемлекетке зиян келтіру арқылы шешілмейді;
• бір елдің территориясында істелініп жатқан шаруашылық ісөрекет тек қана сол елдің ғана емес, сондай-ақ оның сыртқы шекарасында отырған мемлекеттердің де зкологиясына да зиян келтірмеуі керек (трансшекаралық ластанумен күресу);
• халықаралық келісілген өлшемдер негізінде қоршаған орт мен табиғи ресурстардың жағдайы мен өзгеруіне ғаламдық, аймақтық жөне үлттық деңгейде бақылау қойылуы керек;
• экология мен ресурстарүнемдейтін алдыңғы қатарлы технологиялар туралы ғылыми-техникалық деректерге еркін халықаралық алмасу жағдайы жасалуы керек;
• мемлекеттер қауіпті экологиялық жағдайларда бір бірің көмек көрсетуі тиіс;
• қоршаған орта проблемалары бейбіт жағдайда шешімін табу керек.
Қоршаған ортаны сақтау саласындағы халықаральіқ бірлесіп қолдану объектілері былайша бөлінеді: барлық мемлекеттерге ортақ объектілер (атмосфера, озон қабаты, жер айналасындағы космос кеңістігі); көптеген немесе бірнеще мемлекеттер қолданатын объектілер (Антарктида, Балтық, Қара, Каспий теңіздері); екі мемлекеттің шекара аймағындағьі объеетілер (Дунай, Амур, Уссури). Қазақстан да осындай екі жақтық келісімдерге қатысуда (Каспий теңізі мәселесі).
Флора мен фаунаны сақтап қалу үшін өте қорғауды қажет ететін сирек жөне жоғалып бара жатқан өсімдік түрлері мен жануарларды есепке алып отыратын Халықаралық Қызыл кітапенгізілді. Әлемнің көп елдерінде Ұлттық Қызыл кітаптар да бар.
Халықаралық деңгейде қоршаған ортаны сақтау сала-сында келісімдер жасалған: атмосферада, космоста жөне су астында ядролық қаруды жаруға тиым салу, космос кеңістігін, Айды және басқа да аспан заттарын зерттеу мен қолдану принциптері туралы; ядролық пен басқа қару жарақтарды таратпау. Бұл келісімдерге Ресей мен Қазақстан да қол қойып отыр. Табиғи ресурстарды орынды қолдану мен табиғатты қорғау саласында көптеген конвенциялар қа-былдануда: қоршаған ортаға әскери және басқа да зиянкестікке тиым салу, атмосфералық ауаны трансшекаралық ластауға, көшіп қоныс аударып жүретін жануарларды қорғау, Антарктиканың мүхитжануарларын жөне т.б. қорғау конвенциялары.
Көптеген мемлекеттерде табиғаты қалпына келтіруге бағытталған жүмыстарды қолдау үшін мемлекеттік және жекелік экологиялық фондылар жүмыс істейді. Сонымен қорыта айтқанда ғаламдық экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған мемлекеттік қарым-қатынас туралыбылай деп түсінуге болады. Бұл - адамзаттың ғаламдық экологиялык проблемаларын мемлекеттік және жекешелік деңгейде мемлекетаралық келісім, БҰҰ-ның, БҒМБҰҰ (ЮНЕСКО)-ның халықаралық программалары, экологиялық программалар мен проектер дөрежесінде шешуге арналған іс-әрекетін біріктіруге бағытталған мемлекетгік жүмыс.
Халықаралық бірлестіктер. БҰҰ қоршаган орта мен тұрақты дамуға арналған конференциялары:Қазіргі уақытта әлемде жүзден аса халықаралық бірлестіктер қоршаған ортаны сақтап қалу проблемаларымен айналысады. Солардың ішінде ең беделдісі - Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ, орысша - ООН). Бұл бірлестіктің көп кеп мерекелері экологиялық тақырыптарға арналған. Бұл Ассамблея көптеген маңызды қүжаттар қабылдады, мысалы "қазіргі және болашақ үрпақтар үшін Жер табиғатын сақтап қалуда мемлекеттердің тарихи жауапкершілігі" (1982 ж), Табиғаттың Бүкіләлемдік Хартиясы (1982 ж), Стокгольм (1972 ж) мен Рио-де-Жанейрода (1992 ж) қоршаған ортаны қорғауға. байла-нысты конференциялар өткізді.
Қазіргі уақытта БҰҰ қүрамында көптеген халықаралық бірлестіктер жүмыс істейді: Атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттік (МАГЭТЭ) ("Ядролық қаіпсіздік пен қоршаған ортаны сақтау" бағдарламасы бойынша жүмыс атқарады), БҰҰ білім, ғылым мен мәдениет мәселелері (ЮНЕСКО) ұйымы, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Бүкіләлемдік метрологиялық ұйым және т.б.
БҰҰ қүрамывда аймақтық мекемелер де бар, мысалы, БҰҰ-ның Азия мен Тынық Мүхит едцеріне қатысты эконо-микалық жөне өлеуметтік комиссиясы. Сонымен бірге ортақ мәселерді шешуге бағытталған екі мемлекеттің өкідцерін біріктірген мекемелер де жұмыс істейді.
Табиғат пен табиғи ресурстарды қорғау Халықаралық одағы (МСОП) мемлекеттік және мемлекеттік емес мекеме-лерді біріктіріп, үлттық жөне халықаралық үйымдардың бірлесіп жүмыс атқаруын үйымдастырады.
Қазақстан Республикасы да тәуелсіз мемлекет ретінде қоршаған ортаны сақтау мен климаттық өзгерістерді шешуге бағытталған көптеген конвенциялар бойынша бүкіләлемдік қоғамдастықтармен белсенді түрде қарым қатынас жасайды. 1995 жылы Қазақстан БҰҰ Рамалық Конвенциясына қосылды, ал 1999 жылы БҰҰ Рамалық Конвенциясының Киотолық Конвенциясына қол қойды. Сондықтан да қоршаған ортаға зиянды іс-әрекеттерді қысқарту Қазақстан мемлекетінің маңызды саяси міндеті.
Ғаламдық экологиялық шиелениістерді (конфликтерді) шешу жолдарын қарастыруда БҰҰ-ның қоршаған ортаның проблемалары мен оның дамуына арналған конференция-ларының маңызы зор. БҰҰ-ның 1972 ж. Стокгольмде өткен қоршаған ортаны қорғау мен дамыту проблемаларына арналған конференциясы мемлекеттердің назарын адамзат-тың алдында түрған маңызды проблемаларға аударды. Осы конференцияда әлемдік қоғамдастықтың дамуыныңжаңа жолыайқындалды.
БҰҰ қоршаған ортаны қорғау мен дамыту проблема-ларына арналған екінші Конференциясы мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен 1992 ж. Рио-де-Жаней-рода өтті. Бұл маңызды конференцияда 114 елдің басшысы мен 178 елдің дипломаттары, 1600 мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдері болды. Осы конференцияда қоршаған ортаның проблемалары мен дамуын бір бірінен бөліл қарастыруға болмайтыны атап көрсетідці, елдің экологиялық, кедейлік жөне даму деңгейінің бір бірімен байланыстығы айтылды, сол сияқты өлемдік қоғамдастықтың XXI ғасырда тұрақты түрде даму жолына түсу керектігінешешім қабылданды.
Осы конференцияда 5 маңызды құжат қабылданды:
1. "Қоршаған орта мен оның дамуы туралы Рио Декларациясы".
2. "21 ғасыр күн тәртібі".
3. "Орманның барлық түрінің тұрақты даму, басқарылу мен сақталу принциптері туралы Өтініш".
4. "Климаттың өзгеру проблемаларының Үлгілік Конвенциясы".
5. "Биоәртүрлілік бойынша Конвенция".
Алғашқы үш құжат қоршаған ортаны сақтау мен тұрақты түрде дамуда бірлесіп іс-өрекет жасаудың негізгі бағыттарын көрсетеді.
Осы конференцияда қабылданған қүжаттардың ең маңыздыларының бірі - "21 ғасыр күн тертібі". Бұл құжат жалаңаштылық пен аштықты жеңу, қоғамның табиғатты қорғаудағы ролі, т.б. осылар сияқты 100 аса ғаламдық мәселелерді қамтыған программалардан құралған. "Күн тертібінде..." барлық елдердің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін бағыттамалар айқындалды.
Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту:
БҰҰ-ның мүшесі тұрғысынан Қазақстан жаһандық серіктестік негізінде мемлекеттік экологиялық саясатты тиімді жүргізудің бір кілті ретінде халықаралық ынтымақтастықты пайдалануда. Қазақстан әлемдік қауымдастыққа барған сайын танылып келе жатқандықтан 1992 жылы Рио-де-Жанейрода негізі салынған және 2002 жылы Йоханнесбургте өткен Дүниежүзілік саммитте нақтыланған орнықты даму қағидалары біздегі халықаралық қатынастарда ынтымақтастық пен серіктестік саясатына негіз болуда.
Осы саясаттың негізгі бағыттары:
· халықаралық келісімдердің ережелерін практикалық іске асыру;
· қоршаған ортаның сапасын бағалаудың және жай-күйін бақылаудың жалпы тәсілдерін, әдістерін, өлшемдері мен рәсімдерін әзірлеу;
· үйлестірілген іргелі және қолданбалы экологиялық зерттеулерді жүргізу;
· экологиялық қауіпсіздік проблемасын шешуде халықаралық тәжірибені пайдалану;
· қоршаған ортаны қорғау мен елдің тұрақты дамуы саласындағы нақты бағдарламалар мен жобаларды шешуге халықаралық ұйымдардың қаражатын тартуды жандандыру.
Бұл саясатты жүзеге асыру барысы Қазақстанның дамуы мен қоғамдық құрылымының дамыған демократиялық мемлекеттер деңгейіне үйлесімділігі үшін қолдау табуға ықпал етуде. Маңызды халықаралық экологиялық конвенцияларға және халықаралық деңгейде табиғат қорғау қызметіне республиканың неғұрлым кеңірек қатысуын қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы барлық іс-шаралар халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары бойынша белгіленуде.
Техникалық және өзге де көмек алу, оны тиімді пайдалану мәселесі арнайы талдаудан өткеннен кейін барып жүргізілуі тиіс. Тек қана ақпараттың жеткілікті көлемін қамтамасыз ету және жергілікті жағдайларды неғұрлым тереңірек түсіну үшін ғана емес, сонымен бірге, олар табиғат қорғау қызметін басқару жөніндегі дағдыларды игеруі үшін бірлескен жобаларға қатысуға жергілікті сарапшылар мен мекемелерді тартып кірістіру айрықша маңызға ие болуда.
Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 12634;