Тақырып. Қазіргі әлеуметтік-экологиялық мәселелер және Тұрақты даму.
Жоспар:
1. Қазіргі әлеуметтік-экологиялық мәселелер.
2. Әлеуметтік-экологиялық мәселелер және Тұрақты даму.
Орнықты дамысқа көшудің бағыттары мен тетіктері:
Қазақстан Республикасындағы орнықты дамысқа көшу саласындағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін ресурстардың, тетіктер мен даму құралдарының ықпалдасуы қамтамасыз етілуге тиіс. Бүгінде жүзеге аса бастаған тұжырымдамада белгіленген дамудың мақсатты өлшемдері тұтастай алғанда елдің, жекелеп алғанда, салалардың, өңірлер мен экономиканың жекелеген субъектілерінің дамуын индикативті жоспарлауға негіз ретінде қызмет ететін болады. Елдің орнықты дамуға көшуінің, оның ішінде өңірлер мен салалар тұрғысында қысқа, орта және ұзақ мерзімді жоспарлары әзірленетін болады.
Бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру орнықты даму басымдықтарын, РПТ-ның нысаналы көрсеткіштерін, алдағы өмірдің орташа ұзақтығын, экологиялық орнықтылық индексін ескере отырып жүзеге асырыла бастады. Ары қарай орнықты даму тетіктерінің ықпалдасуын қамтамасыз ету үшін орнықты даму индикаторлары жүйесін, оның ішінде интегралды, ұйымдық, экономикалық, энергетикалық, әлеуметтік, экологиялық, өңірлік жүйесін әзірлеу және қабылдау қажет.
Орнықты дамыстың саяси негізі ретінде ішкі және сыртқы саясат бағыттары алынатыны белгілі. Қазақстан Республикасындағы ішкі саяси ахуалдың орнықты дамуы барша Қазақстан халқының мүддесінде демократияландыру процесін тереңдетуге, саяси жүйені нығайтуға негізделеді. Бұл орайда мемлекеттік даму және демократиялық рәсімдерді қолдану барысында қазақстандықтардың қазіргі ұрпағымен қоса, болашақ ұрпақтарының мүдделері де ескерілуі жөн болады.
Қазақстан Республикасының ішкі саясатындағы орнықты дамуы:
· демократиялық рәсімдерді жетілдіру, мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерінде шешімдер қабылдауда көпшілік пен азшылық пікірін ескеру тетігі ретінде халық билігінің рөлін дәйекті кеңейту;
· Қазақстан халықтары Ассамблеясының елдің саяси өміріндегі рөлін арттыру;
· қазақстандық қоғамның мәдени дәстүрлерін, бірінші кезекте – үлкенге құрметті, өскелең ұрпақ туралы қамқорлығын сақтау;
· саяси оппозицияда болу мәдениетін қалыптастыру, кадрлар мен бағдарламалардың бәсекелестігі үшін негіз ретінде сындарлы оппозицияны нығайту, барлық қоғамдық жіктер мен топтардың мүдделерін білдіру;
· мемлекеттің бірлігі мен тұтастығын сақтай отырып, жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайту жолымен қамтамасыз етіледі.
Ал, сыртқы саясат саласы бойынша Қазақстан Республикасының әлемде тұрақтылық пен орнықты даму өңірі ретінде айрықша мәртебеге ие болуы үшін бірегей мүмкіндіктері бар. Қазақстан Республикасының үлгісінде және жағдайында конфессияаралық, ұлтаралық, әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени орнықтылық пен тепе-теңдік қағидалары іске асырылатын «болашақтың мемлекеті» моделін жасауға болады.
Бұған мынадай шаралар қажет:
· орнықты және теңгерімді сыртқы саясатты жүргізу;
· елде орнықты дамудың халықаралық аймағын құру жөніндегі Қазақстан Республикасының стратегиялық бағдарламасын жария ету;
· Астана қаласында штаб-пәтері бар халықаралық экологиялық ұйым құру;
· орнықты даму мәселелері жөніндегі өз ұстанымын білдіру және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуін қамтамасыз ету;
· Қазақстанның халықаралық ұйымдарға, ықпалдастық бірлестіктеріне және халықаралық форумдарға белсенді қатысуы арқылы қол жеткізуге болады.
Қоғамның орнықты дамысы:
Қазақстандағы демографиялық ахуалды алатын болсақ қоғамның дамысы бала туудың одан әрі өсуі мен жас мөлшері құрылымында еңбекке қабілетті халықтың үлесін сақтау жағдайында өмір сүрудің орташа ұзақтығының артуымен сипатталатын орнықтылыққа негізделуі тиіс. Бұл мақсаттарға жету үшін:
· тұрмыстық, өндірістік және жол жарақаты, жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулар, тыныс алу органдарының аурулары себептерінен болатын халықтың жалпы өлім-жітімін азайту;
· халықтың ұрпақты болу денсаулығын қорғау жөніндегі шараларды жетілдіру жолымен сәби мен ана өлімін азайту;
· арнайы геронтологиялық бағдарламалар қабылдау жолымен егде жастағы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту;
· білім беру мен еңбекпен қамтуды, тұрғын үймен қамтамасыз етуді, әлеуметтік төлемдер жүйесін қоса алғанда, демографиялық өсудің мақсаттарына барабар әлеуметтік саясат арқылы бала тууды ынталандыру;
· АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау (өсу қарқынын төмендету) жөніндегі шараларды іске асыру;
· ел өңірлері бөлінісінде басқару шешімдерінің нәтижелерін талдаумен және дайындаумен демографиялық ахуалға үздіксіз мониторинг жүргізуді ұйымдастыру есебінен қол жеткізілетін болады.
Орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін қазақстандық ұлт салауатты өмірді қалыптастыру жөніндегі міндеттерді түбегейлі шешуді қажет етеді. Яғни, ұлтты сауықтыру мақсатында мынадай:
· темекі шегуді шектеу, жалпы сауда залдарында темекі өнімдерін сатуға тыйым салу, қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым салу және бұқаралық ақпарат құралдарында темекі өнімдерін жарнамалау мен темекіге қарсы науқандар жүргізу, «әсер ету топтарында», яғни дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер, білім беру саласы қызметкерлері арасында темекі шегуден бас тартуды ынталандыру;
· алкогольді, әсіресе, күшті ішімдіктерді қолдануды шектеу, күшті спиртті ішімдіктерді жарнамалауға тыйым салу, спиртті ішімдіктердің сапасын бақылауды қатайту;
· есірткіні аластатуды насихаттау және есірткіге қарсы қоғамдық иммунитетті қалыптастыруды қоса алғанда, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейту;
· тамақтану стандарттарын жақсарту, халықтың жан басына шаққандағы табиғи шырындар мен сүт өнімдерін тұтынуын ұлғайту, дұрыс тамақтануды насихаттау, ішкі нарықтағы тамақ өнімдерінің сапасын бақылауды күшейту;
· қозғалыс белсенділігін арттыру, оның ішінде тегін спорт және тренажер залдарының, балалардың спорт секцияларының желісін кеңейту, әлеуметтік жарнама арқылы қозғалыс белсенділігін және салауатты өмір салтын ынталандыру;
· «Менің Отаным–Қазақстан» жобасын іске асыру, сондай-ақ гидтер және экскурсия жүргізуші ретінде экологиялық туризмнің белсенді түрлерін ұйымдастыру кезінде жастарды кеңінен тартуды қамтамасыз ету;
· салауатты өмір салтының қағидаларын енгізу және спорт пен экологиялық туризмнің белсенді түрлерін қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттырудың жаңа идеологиясы ретінде ел азаматтарының қабылдауын қалыптастыру жөніндегі жұмысқа жүйелі көзқарасты қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыруды көздейді.
Қазақстандық қоғамның орнықты дамысын қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мақсатының маңызы ерекше. Оның ішінде:
· денсаулық сақтауды дамытудың оңтайлы экономикалық үлгісін таңдау;
· әлемнің үздік мамандарын тарту арқылы жоғары медициналық технологиялар орталығын құру;
· мемлекеттің және мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуы арқылы медициналық нарықты дамыту;
· денсаулық сақтауда жан басына қаржыландыруды үнемі арттыру, денсаулық сақтаудың экономикалық жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде ерікті медициналық сақтандыруды қолдау;
· халықаралық деңгейдегі санаторий-курорттық және оңалту мекемелер желісін құруды қоса алғанда, Қазақстан табиғатының сауықтыру ресурстарын белсенді пайдалану;
· ана мен бала денсаулығын қорғау, әйелді босандыру жүйесін түбегейлі жақсарту, ұрпақ әкелетін жастағы ерлер мен әйелдер денсаулығын нығайту қажет.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында орнықты дамысты қамтамасыз ету үшін мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
· өнеркәсіп орындарында халықаралық қауіпсіздік стандарттары мен еңбекті қорғауды енгізу;
· жұмыс берушілердің де, сондай-ақ жұмысшылардың да қауіпсіздік талаптарын сақтауы үшін қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін тарату мен жауапкершілігін арттыру;
· тәуекелді бағалау мен оларды басқару жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
· қауіпсіздік нормаларының сақталуы үшін мемлекеттік бақылауды күшейту;
· өндіріс нысандарында еңбекті қорғау мен қауіпсіздіктің тәуелсіз аудитін жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
Кедейшілікке қарсы күрес және әлеуметтік жіктелуді болдырмау мақсатында Қазақстандық қоғамның орнықты дамысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар аясында, әсіресе ауылдық жерлерде, өзара байланысты шаралар кешенін қабылдау жолымен кедейшілікті жою жөніндегі шараларды қолға алу қажет. Бұндай нәтижелерге қол жеткізу үшін:
· елдің барлық өңірлерінің экономикасының өсуі;
· ауыл шаруашылығын, оның ішінде неғұрлым тиімді қазіргі заманғы аграрлық технологияларды қолдана отырып дамыту;
· әлеуметтік жәрдемақы алған кезде бюрократтық рәсімдерді оңайлатуды қоса алғанда, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру, еңбекпен қамту саясатын жетілдіру;
· кедейшілік проблемасын шешуге ел өңірлеріндегі бизнес-қауымдастықтарды тарту жолымен қол жеткізілетін болады.
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды одан әрі нығайтып қалыптастыру жөніндегі шаралар қатарында:
· жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту;
· патриоттық бағдардағы саяси партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың қызметі арқылы халықтың азаматтық санасын тәрбиелеу;
· жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу жүйесін дамыту;
· орнықты дамысты қамтамасыз ету процесінде жұртшылықтың рөлін күшейту;
· халықтың ақпаратқа қол жеткізуін кеңейту, «электрондық үкіметті» дамыту жолдары секілді шаралар болады.
Мәдениеттің және ақпараттық саясаттың қазақстандық қоғамдағы орнықты дамысы жүзеге асуы үшін:
· республикалық деңгейде, жергілікті және әсіресе ауылдық деңгейде мәдениет ұйымдарын басымдықпен құру және оларды қолдау;
· Қазақстанның жалпыұлттық және бүкіләлемдік маңызға ие палеонтологиялық, археологиялық және сәулет ескерткіштерін сақтау жөнінде шараларды қабылдау;
· қазақстандық мәдениет пен өнердің озық жетістіктерін халықаралық деңгейде насихаттау;
· отандық мәдениеттің жалпы маңызға ие бағыттарын, ең алдымен, кино өнері, халықтық және симфониялық музыка, драма театры, опера және балет, айтыс, бейнелеу өнерін қолдау;
· бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысында отансүйгіштік бағыт пен кәсіби мәдениетті арттыру;
· ақпараттың қоғамдағы еркіндік қағидалары негізінде жұмыс істейтін Интернет желісінің қазақстандық сегментін құру жолымен қамтамасыз етілетін болады.
Қазақстан Республикасындағы білім беру мен ғылыми зерттеу жүйесі орнықты дамыстың мақсаттары мен қағидаларына сай болады. Орнықты даму мақсатында білім беру мен ғылымды жетілдіру үшін:
· адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру және жеке адам мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының басымдықтарын ескере отырып, көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғыртуды қамтамасыз ету;
· елімізде халықаралық деңгейдегі бірқатар таңдаулы оқу мекемелерін және студенттер қалашықтарын (кампустар) құру;
· ғылыми-әдістемелік деңгейде білім беруді жаңғырту, оқу, ғылыми зерттеу мен өндірістік процестердің өзара байланысын қамтамасыз ететін мүлде жаңа құрылымдар құру;
· оқушылардың жобалау, шешімдер қабылдау және шығармашылық жұмысты орындау, инновацияның жоғары деңгейін қолдау сияқты жаңа қабілеттері мен дағдыларын дамыту мақсатында орта мектепте технологиялық даярлықты енгізу;
· елдің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау;
· оқушылардың түрлі санаттарының сапалы білім алуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, жоғары сынып оқушыларын олардың жеке қабілеттері мен білім алуды жалғастыруға қатысты ынта-ниеттеріне, еңбек нарығында өзін көрсете білуіне және өз орнын табуына сәйкес оқыту үшін жағдай жасау;
· оқушыларды әлеуметтендірудің кең мүмкіндіктерін жасау, мектеп түлектерін кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге тиімді даярлау;
· республикалық деңгейде де, өңірлік деңгейде де жоғары ғылыми білікті мамандарға деген болжамды қажеттілікті айқындай отырып, республиканың кадр әлеуетіне тұрақты мониторинг жүргізу;
· тез арада нәтижесін беретін ғылыми бағыттарды ғана емес, тұтас алғанда қоғамның орнықты дамуының аса маңызды элементі болып табылатын ғылыми жұртшылықты қолдау арқылы өзіміздің де, сондай-ақ шетелдің дәстүрлерін де бағдарға алатын отандық ғылымды реформалау;
· ғылым мен өндірістің байланысын іске асырудың маңызды шарты ретіндегі ұлттық инновациялық жүйені (ҰИЖ) қалыптастыру;
· отандық ғылыми жетістіктерді практикаға енгізуді ынталандыру;
· мақсатты өндірістік сұлбалар жергілікті жағдайларға бейімделген технологияларға, қоршаған ортаны оңалту технологияларына, сондай-ақ дәстүрлі білімдерге сүйенетін технологияларға негізделуі үшін перспективалы технологиялық әзірлемелер саласында зерттеулер мен ізденістерді орындау үшін технологиялық институттар құру және оларды қаржымен қамтамасыз ету;
· зияткерлік меншікті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, патенттерді пайдалану, ғылыми зерттеулер нәтижелерін пайдалану кезінде шетелдік және отандық инвесторлармен, жеке кәсіпорындармен құқықтық қатынастар орнату арқылы жүзеге асырылатын болады.
Экономиканың орнықты дамысы:
Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру. Осы бағыттағы Қазақстанның орнықты дамысын қамтамасыз ету үшін:
· шикізат секторының үлесін біртіндеп азайта отырып, экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру;
· ғылымды және инновацияларды ынталандыру негізінде өзіне ұқсас шетелдік үлгілерден асып түсетін «технологиялық озуды» дамыту;
· қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы технологияларын енгізу;
· біріккен экономикалық және экологиялық ұлттық есептерді жүргізу жолымен табиғатты ұқыпсыз пайдаланудан болатын ұлттық байлықтың ысырабын есепке алу;
· жер, су, орман, минералдар және өзге де ресурстарды пайдаланудың экологиялық әдістерін қоса алғанда, табиғат пайдалануға деген осы заманғы ғылыми негізделген көзқарасты енгізу;
· энергетикалық шығындарды еңсеру саласындағы арнайы мемлекеттік бағдарламаларды, біртұтас саясатты іске асыру барысында отандық экономиканың энергиялық тиімділігін арттыру;
· ел экономикасын технологиялық қайта жарақтандыру, осы заманғы технологияларды пайдалануды ынталандыру және ескірген технологиялар мен жабдықтарды әкелуге тыйым салу;
· ұлттық экономика құрылымындағы табиғи ресурстарды пайдаланатын кәсіпорындар үлесін қысқарту, ғылымды қажет ететін, табиғатты сақтайтын жоғары технологиялық өндірістерді дамыту;
· алынған пайдалы қазбаларды және өндірілген биологиялық ресурстарды міндетті пайдаланудың өлшемдерін белгілеу;
· қалдықтарды орналастыру полигондарында жинақталған бағалы материалдарды қалпына келтіру және пайдалану;
· ауыл шаруашылығы жерлерін жайластыру және табиғи ландшафтарға бейімделген ауыл шаруашылығын жүргізу жүйелерін енгізу, экологиялық таза ауыл шарушылығы технологияларын дамыту, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі табиғи топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру;
· табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың қандай да түрін болдырмау және жолын кесу, табиғатқа бағытталған қастандыққа және биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы күрес жүргізу;
· шаруашылық қызметтің барлық салаларына ресурс үнемдейтін және қалдықсыз технологияларды енгізуді ынталандыру;
· қалпына келтірілетін көздерді және қайталама шикізатты пайдалануды қоса алғанда, экологиялық тиімді энергия өндіруді қолдау;
· ресурстарды ұтымсыз пайдалануға, оның ішінде энергия ресурстарын ауада жағуға тыйым салу;
· энергия мен шикізаттың тасымалдау кезіндегі, оның ішінде энергия өндіруді экологиялық негізделген орталықтан алу есебінен олардың ысырабын азайту, ұсақ тұтынушыларды энергиямен қамсыздандыру жүйесін оңтайландыру;
· көліктің, көліктік коммуникация мен отынның экологиялық қауіпсіз түрлерін, оның ішінде көміртекті емес түрлерін жаңғырту және дамыту;
· ірі қалаларда негізгі қозғалыс түрлерін экологиялық қауіпсіз қоғамдық көлікке көшіру;
· экологиялық қауіпсіз технологияларды дамыту, тұрмыстық-коммуналдық кешенді қайта жаңарту;
· барынша ұзақ пайдалануға есептелген тауар өндірісін қолдау жолдарымен жүзеге асырылады.
Орнықты технологияларды енгізу. Республиканың орнықты дамысын қамтамасыз ету шарасы техникалық әлеует құру бағытында өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада, сумен жабдықтауда, қала шаруашылығын басқаруда және көлікте орнықты, экологиялық таза және экономикалық жағынан тиімді технологияларды енгізумен тікелей байланысты болады.
Мұндай технологиялар қоршаған орта үшін ыңғайлы және қауіпсіз өндірістік сұлбаларды, қажетті коммуникативтік және ақпараттық құралдарды, сондай-ақ басқару мен есеп берудің жаңа тетіктерін (экологиялық маркетинг және менежмент, сақтандыру, табиғат қорғау қызметін есепке алу, ұтымды табиғат пайдалану жүйесі және басқалар) өз ара үйлестіретін кешенді жүйелер болып табылады.
Қазақстан индустриясын дамытудың стратегиялық бағыттағы болашақ міндеті кешенділікте, қалдықты аз шығаруда, ресурстық және энергиялық тиімділікте, сондай-ақ экологияны бұзу себептерін жоюға басым мән бере отырып, өндірістік жүйені барынша тұйықтауда өнеркәсіптік технология түрлерін қайта жаңарту болып табылады. Орнықты технологиялық үлгі әдеттегі өндірістік сұлбадан жаппай өндіру тәсілімен, жоғары жылдамдығымен, экономикалық тиімділігімен, орталықтан бақылаумен және стандартталуымен, адам факторына бағдарлануымен, қоршаған ортаға ізгілікті қарым-қатынасымен, қалдықтарды қайтадан кәдеге жаратумен және пайдалану жеңілдігімен ерекшеленеді.
Өндірістік салада орнықты дамыс міндеттеріне қол жеткізу үшін:
· өздерінің көрсеткіштері бойынша отандық және шетелдік ұқсас үлгілерден асып түсетін озық технологиялардың басымдығын қамтамасыз ету;
· жаңадан енгізілетін, не импортпен әкелінетін технологиялардың бәсекеге қабілеттілігі мен экологиялық қауіпсіздігіне сараптама жүргізу;
· өндірісті экологиялық тұрғыда қайта жабдықтау және экологиялық жаңғырту аясында алдын алу сипатындағы маңызды шаралар болып табылатын технологияларды басқарудың жаңа үлгілерін енгізу;
· шаруашылық қызмет практикасына ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесін, қаржылық реттеу тетіктерін, қоғамдық қолдау шараларын, дамыған инновациялық құрылымдарды, инфрақұрылымды жаңғырту мен өзгерту жағдайларын қоса алғанда, орнықты технологияларды енгізу мақсатында шешімдер қабылдау және жаңа инфрақұрылымды қалыптастыру үшін құралдар әзірлеу қажет болады.
Жаңартылатын ресурстарды және балама энергия көздерін тиімді, әрі ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасында жаңартылатын ресурстарды және балама энергия көздерін тиімді және ұтымды пайдалану мақсатында:
· жер, су, орман, балық, өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы ресурстары мен жаңартылатын энергияларды пайдаланудың неғұрлым қазіргі заманғы технологияларын енгізу;
· гидроэнергетикалық ресурстарды, күн және жел энергетикасы нысандарын және басқа жаңартылатын ресурстар мен балама энергия көздерін ұтымды пайдалануды ынталандыру;
· энергияны, ресурстарды сақтау мен жаңартылған энергия көздерін қолданудағы халықаралық тәжірибені тарату бойынша орталықтар құру сияқты шаралар қабылдау қажет болып табылады.
Экологиялық орнықтылық:
Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру. Қазақстан Республикасында табиғи жүйелердің өздігінен реттелу қабілетін және антропогендік қысым салдарының орнын толтыруды қолдау үшін жеткілікті, ландшафттық және биологиялық әртүрлілікті сақтау және қалпына келтіру жөніндегі ғылыми негізді шаралар жүзеге асырылатын болады.
Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру жөніндегі шаралар:
· қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру;
· табиғатты пайдалануды басқаруда экожүйелік көзқарасты пайдалану;
· мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылау жүйесін, сондай-ақ экологиялық аудитті жетілдіру;
· қоршаған ортаға мониторинг жүргізу жүйесін дамыту;
· жер және су ресурстары тозуының, ластануының, әуе алабының ластануының алдын алу;
· атмосфералық озон қабаты мен климатқа антропогендік әсерді азайту;
· биологиялық әртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану;
· ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданын ел аумағының ең кемінде 10%-ына дейін кеңейту;
· табиғи жүйенің тұтастығын сақтау және қалпына келтіру, оның ішінде гидротехникалық құрылыстарды, автомобиль және темір жолдарды, газ және мұнай құбырларын, электр тарату және басқа да желілік құрылыстарды салу кезіндегі шаруашылық қызмет процесінде оларды бөліп-жаруды болдырмау;
· антропогендік іс-әрекет кесірінен бұзылған аумақтарды қайта құнарландыру;
· өндірістік объектілердің жұмыс істеу циклі аяқталысымен табиғи ландшафтарды толық қалпына келтіруді міндетті түрде талап етуді қолдану;
· экологиялық апат аймақтарын, зымыран-ғарыш және әскери-сынақ кешендерін оңалту;
· Каспий теңізі қайраңы мен оған іргелес жатқан аумақтардың ластануының алдын алу;
· өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу мен кәдеге жарату көлемін біртіндеп ұлғайту;
· халықаралық ынтымақтастықты кеңейту секілді жолдармен іске асырылады.
Халықтың денсаулығына қоршаған ортаның тигізетін қолайсыз әсерін азайту. Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерінен халықтың денсаулығын қорғау орнықты даму саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды элементтерінің бірі болып табылады.
Қолайсыз экологиялық факторлардан халықтың денсаулығын қорғауға:
· экологиялық тәуекелді бағалау және оны азайту жөнінде бағдарламалар жасау;
· елді мекендердің аумағында қоршаған ортаның сапа нормативтерін мүлтіксіз қамтамасыз ету;
· өнеркәсіп объектілерін тұрғын аймақтан тысқары жерлерге шығару арқылы қала құрылысы шешімдеріне жаңа әдістерді енгізу;
· су құбырына және шөлмектерге келетін ауыз су сапасына қойылатын талаптарды қатайту;
· тұрғын үй орналасқан ортаның жағдайын, әсіресе радиактивті параметрлер бойынша қатаң бақылау;
· экологиялық ауытқу салдарынан пайда болған ауруларды емдеу үшін клиникалық орталықтар құру;
· қоршаған ортаның жағымсыз факторларының кесірінен халықтың денсаулығына әсер еткен дәлелді зардапты өтеу тәртібін енгізу секілді шаралар есебінен қол жеткізіледі.
Төтенше экологиялық жағдайлардың және экологиялық лаңкестіктің алдын алу. Қазақстан Республикасында төтенше экологиялық жағдайлардың және экологиялық лаңкестіктің алдын алу мен олардың әлеуетті салдарларын жою жөніндегі қызмет:
· қоршаған орта үшін жағымсыз салдарға әкеліп соғатын төтенше жағдайларды алдын ала болжау;
· жағымсыз экологиялық салдарлары бар төтенше жағдайлар кезінде халыққа жүріп-тұру ережелерін, қорғаныс іс-қимылы мен әдістерін үйретіп оқыту;
· төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жоспарына міндетті экологиялық бөлімдерді қосу;
· шаруашылық қызметінің ерекше режимі бар аймақтарды, экологиялық апат және дағдарыс аймақтарын белгілеуді заңнамалық тұрғыда реттеу;
· қоршаған ортаға жағымсыз салдары бар арандатушылық пен техногенді авариялардың алдын алу;
· табиғи ортаның тозуына әкелетін химиялық заттарды әдейі қолданудың алдын алу;
· табиғи және аграрлық экожүйелерді құртатын қасақана өрттердің, өнеркәсіптік қаскүнемдіктің, өсімдік шикізаттарын заңсыз шабу мен дайындаудың алдын алу, сондай-ақ табиғи нысандар мен жүйелерді бұзуға әкеліп соқтыратын тірі организмдер түрін лаңкестік мақсатта әкелу мен таратудың алдын алу тәрізді жолдармен жүзеге асырылады.
Генетикалық өзгерген организмдердің пайдаланылуына және таралуына бақылау жасау, сондай-ақ карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің әкелінуін немесе өз бетімен енуін болдырмау. Қазақстан Республикасында генетикалық өзгерген организмдердің пайдаланылуына бақылау жасауды ұйымдастыру, сондай-ақ карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің әкелінуі мен таралуын болдырмау, оған бақылау жасау жөніндегі шаралардың қабылдануы мынадай жолмен жүзеге асырылатын болады:
· өсімдіктер карантині жөніндегі қызметтің тиімді жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкес қамтамасыз ету;
· карантиндік және бөтен текті зиянды организмдердің ел аумағына енуін болдырмау, олардың таралу ошақтарын анықтау, тұйықтау және жою жөніндегі іс-шаралар жүйесін әзірлеу және іске асыру;
· ел ішінде жерсіндіру жұмыстарының жүргізілуін бақылау;
· генетикалық өзгерген организмдерді және олардың көмегімен алынған өнімдерді бақылаусыз әкелудің алдын алу жөніндегі іс-шаралардың жүйесін әзірлеу және іске асыру.
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдары:
· қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды республикалық және жергілікті бюджеттердің, табиғатты пайдаланушылардың қаражаты есебінен, халықаралық несиелер, гранттар және өзге де қаржылық көздерден мамандандырылған қорлар құру мүмкіндігімен қаржыландыру;
· қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жөніндегі жобалардың конкурсын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен мүмкіндігінше одан әрі қаржыландыра отырып ұйымдастыру;
· табиғатты пайдаланушының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға және ықтимал экологиялық залалға өтемақы төлеуге жауапты болатындығын, немесе жүзеге асырылатын қызметтен бас тартуға тиіс екендігін білдіретін «ластаушы төлейді» қағидасын енгізіп іске асыру;
· келешекте экологиялық стандарттарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті бір мезгілде күшейте отырып, қоршаған ортаға берілетін эмиссия үшін ақы төлеуден бас тартумен қоршаған ортаға шығатын эмиссия үшін және Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдар төлеудің ынталандырушы сипатын арттыру;
· қоршаған ортаға келетін залалды экологиялық сақтандыру, сондай-ақ таратылу сатысында өз қаражатынан қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін кәсіпорындар жанынан қорлар ұйымдастыру;
· экономикалық көрсеткіштерге табиғи нысандардың орта құру функциясын ескере отырып олардың толық құнын, сондай-ақ табиғатты экологиялық тұрғыда қорғау қызметтерінің құнын қосу;
· қоршаған орта эмиссияларына квоталармен сауда жасау жүйесін енгізу;
· табиғатты қорғаудың нарықтық, оның ішінде өнеркәсіп тауарларын қайта пайдалану және қайталама өңдеуді ынталандыратын тетіктерін енгізу;
· халықаралық конвенциялар және келісімдерде көзделген, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық қаржы-экономикалық тетіктерді қолдану сияқты жолдармен жүзеге асатын болады.
Қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету елдің орнықты даму жолдарын белгілеу жөніндегі мемлекет қызметінің тиімділігін арттырудағы маңызды элементтердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеу мынадай негізгі бағыттарда дамуға тиіс:
· орнықты даму теориясын жасау және осы салада ғылыми зерттеулер жүргізу;
· қоршаған ортаны қорғауды басқарудың ғылыми негіздерін әзірлеу;
· қоршаған ортаның жай-күйін көрсететін индикаторлар жүйесін қалыптастыру;
· экологиялық аудандастыру;
· жергілікті жерлердегі экологиялық проблемаларды шешу жолдарын әзірлеу;
· ресурс үнемдеуші, қалдығы аз, экологиялық тиімді жаңа технологияларды жасау;
· жаңартыла алатын биологиялық ресурстардың (орман, су, аңшылық-кәсіпшілік, дәрілік және басқалары) орнықты өсіп-өнуін қамтамасыз етіп пайдаланудың ғылыми қағидаларын және технологияларын әзірлеу;
· биологиялық әртүрлілікті сақтаудың тиімді әдістерін әзірлеу;
· тірі организмдердің бөтен текті және генетикалық өзгерген түрлерінің таралуын талдау және осы процестерді бақылау мен келеңсіз салдарын азайтудың тиісті әдістерін әзірлеу;
· экологиялық-экономикалық бағалаудың тәсілдері мен әдістерін әзірлеу, оның ішінде табиғи объектілердің орта құру функциясын ескере отырып құнын анықтау;
· ластанудың алдын алу және жою, қоршаған ортаны оңалту және қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату құралдары мен әдістерін әзірлеу;
· адам аурулары мен қоршаған орта сапасының өзгерістері арасындағы байланысты зерделеу;
· экологиялық мониторингтің қазіргі заманғы әдістерін, сондай-ақ табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқару мақсатында ақпараттық технологияларды әзірлеу және дамыту.
Өңірлердің орнықты дамысы:
Қазақстан Республикасы өңірлерінің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін даму субъектісі ретінде тек әкімшілік бірліктерді ғана емес, сондай-ақ тиісті экологиялық жүйелерді де қарастыратын экожүйелік (алаптық) қағиданы енгізу қажет.
Қазақстан Республикасының аумақтық деңгейдегі орнықты дамысы Қазақстан жағдайында табиғат, оның ресурстары мен экожүйелері анық трансөңірлік сипатқа ие болғандықтан, оны тек әкімшілік-аумақтық бөлініс субъектілері аясында ғана жүзеге асыруға болады.
Осыған байланысты алаптық қағида бойынша орнықты экожүйелік дамудың мынадай сегіз аймағына арналған орнықты дамуға көшу жөніндегі іс-шаралардың өңірлік жоспарларын әзірлеу көзделеді: Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есіл, Жайық-Атырау, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай, Шу-Талас.
Экожүйелік қағидаға сәйкес және трансөңірлік негізде орнықты өңірлік даму бағдарламаларын жасау шарасы:
· тұтас экологиялық жүйелерге жататын аумақтарды басқаруға деген бірыңғай көзқарасты негізге ала отырып, табиғатты тиімді пайдалануға және табиғи ресурстарды сақтауды қамтамасыз етуге;
· табиғи ресурстар менежментінің қолданыстағы жүйесінің тиімсіздігін, ведомстволық бытыраңқылықты және функциялардың қосарлануын еңсеруге;
· Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын нығайтуға және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы жіктелушілікті азайтуға;
· халықаралық қатынастарда экожүйелік көзқарасты дамытуға жағдай жасауға, трансұлттық экологиялық жүйелерді сақтау жөніндегі бірлескен қызмет аясында көрші елдермен ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік береді.
Бұнда алаптық қағида елдің әкімшілік бөлінісі, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, экономикалық кластерлер құру секілді аумақтық ұйымдардың өзге түрлерін алмастырмайды. Сонымен бірге орнықты даму аймақтары аясында қоршаған ортаны қорғау мүдделерін сақтау негізінде ықпалдасу процестері белсенді түрде жүзеге асатын болады. Қазақстан Республикасының үлгісінде экожүйелік деңгейде аумақтық орнықты дамысқа түбегейлі жаңа көзқарас қалыптасуы мүмкін.
Орнықты дамысты институционалдық қамтамасыз ету:
Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуін институционалдық қамтамасыз етуді Орнықты даму жөніндегі кеңес, орнықты даму саласындағы уәкілетті орган, даму институттары, ғылыми ұйымдар, үйлестіру орталықтары және азаматтық қоғамның басқа да институттары жүзеге асыратын болады.
Орнықты дамысқа көшу саласындағы мемлекеттің міндетін іске асыруды қамтамасыз ететін негізгі орган орнықты даму қағидаларын мемлекет және қоғам өмірінің барлық салаларына енгізуге жәрдемдесуге тиіс Орнықты даму жөніндегі кеңес (ОДК) болып табылады.
Орнықты даму, экологиялық орнықтылықты қамтамасыз ету, ғылыми негізделген демографиялық саясатты әзірлеу мен жүргізу мәселелерінде барлық мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру функцияларын іске асыру үшін орнықты дамыс саласындағы уәкілетті органды белгілеу туралы мәселе қарастырылуы тиіс. Даму институттарының қызметі бірыңғай мақсатты көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізу жөніндегі инновациялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға арналған орнықты даму басымдықтарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Орнықты даму саласындағы ғылыми-зерттеу және білім беру қызметін үйлестіру үшін орнықты даму мәселелері жөніндегі орталық құрылғаны жөн.
Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 5233;