Азақстан Республикасының аумағын функционалдық және жоспарлы аймақтарға бөлу

 

108. Аумақтардың негізгі қызметін атқару сапасын талдау олардың көрсетілген қызметтерді қажет шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында іске асады.

Берілген талдаудың әдістемелік базасына Қазақстан Республикасының аумағын функциоландық және жоспарлы аймақтарға бөлу болып табылады.

Аумақты функционалдық аймақтарға бөлу объектіні үлгілеудің ерекше әдісі болып табылады, нәтижесінде оның барлық аумағы оларға бекітілген артықшылықты түрлерімен және шаруашылық пайдалану тәртіптерімен жеке аудандарға (аймақтарға) бөлінеді.

109. Функционалдық аймақтарға бөлу мақсаты аумақтың жекелеген бөліктерін тиімді пайдалану, қала құрылысы регламенттерін сақтау және түрлі шаруашылық түрлері өзара бірге орналасқан бөлікте шектеулерді жоспарлау, құнды табиғи ресурстарды қайта қалпына келтіру болып табылады

Берілген мақсатқа жету үшін қажет:

Аумақта орналастыруға жататын қызметтік аймақтардың құрамы мен түрін анықтау;

Шекараны бекіту;

Аймақтарды нақты аумақ бөлімшелеріне бекіту және функционалдық аймақтарға бөлу схемасын құрастыру;

Әр қызметтік аймаққа қала құрылысы регламенттерін орналастыру.

110. Қызметтік аймақтардың негізгі түрлеріне жатады:

Интенсивті қала құрылысын игеру аймағы және ортаның жасанды түрленуіне максималды рұқсат ететін аймақ;

Қоршаған ортаға антропогенді әсер ететін қала құрылысы рұқсат етілген экстенсивті аймақ;

Табиғатты максималды сақтауға және қала құрылысы және шаруашылық игеру шектелген аймақ.

111. Бұрын жасалған қала құрылысы туралы құжатнама нақты аумақтарды аймақтар бойынша қызметке бөлу үшін негіз ретінде қолданылады. Болашақта жоспарлау құрылымын жасау барысында мұндай топтастыру нақты аумақты функционалдық пайдалану дұрыстығын анықтайтын сыртқы шарттарды бағалау мүмкіндігін береді.

Аумақты көп функционалдық пайдалану барысында басты қызметті анықтау маңызды міндет болып табылады, буферлік және байланыс аймақтарында қала құрылысын орнату.

Аумақты функционалдық аймақтарға бөлу нәтижесі болып аумақтың белгіленген қала құрылысы тәртібі көмегімен оған артылған қызметті қамтамасыз етуді орындауды есептік бекітілуі жатады (аумақты пайдалану артықшылығы және оны шектеу)

 

Азақстан Республикасының аумағын экономикалық маманданым түрлері және оларды басым пайдалану бойынша жіктеу әдістемесін пайдалану тәртібі

 

Берілген әдістемеге сай мамандану және аймақтың мемлекет экономикасында алатын орны анықталып, аймақ шеңберінде экономикалық мамандану типі анықталады, сонымен қатар, оның мәселелері анықталады.

113. Қазақстан Республикасы бойынша аумақтарды жіктеу келесі бес топ бойынша анықталады:

1) даму қарқыны төмен;

2) орташа деңгейлі даму қарқыны бар;

3) орташа даму қарқыны бар.

4) жоғары даму қарқыны бар;

5) көшбасшылар.

114. Басты мамандануға байланысты республика аумағы алты топқа бөлінген:

1) моно-шикізаттық, аз қоныстанған аумағы бар мұнай-газ аудандары;

2) астық бағытындағы аграрлық секторлы және халқы біркелкі орналаспаған мұнай-газға маманданған аудандар;

3) астыққа маманданған аграрлық аудандар;

4) индустриалды-аграрлық немесе аграрлық-индустриалды маманданған жартылай функционалдық аудандар;

5) халық тығыз орналасқан, баяу урбанизацияланған, аграрлық аудандар;

6) ірі қалалар және олармен байланысты агломерациялар, заманған сай экономикасы бар және қызмет көрсету саласы дамыған.

Берілген әдістеме Қазақстан Республикасында бірінші рет апробацияланатындықтан, Бас схеманың жобалық шешімдерін жақсарту үшін аудандардың экономикалық мамандану типлогиясында қосымшалар болуы мүмкін.

115. Мамандануды дәлелдейтін критерийлер негізінде, аудандардың экономика салаларын болашақта дамытудың негізгі бағыттары жасалады

 

  Критерийлер Шығарушы сала Өңдеуші сала Ауыл-шаруашылық өндірісі Демалыс және туризм
Минералды-шикізат ресурстарының әлеуеті: +      
1.1 қара металлургияның +      
1.2 энергетикалық және химиялық өнеркәсіптің +      
1.3 құрылыс материалдары өнеркәсібінің +      
Қайта өңдеуге арналған ресурстардың әлеуеті   +    
Инженерлік инфрақұрылым + + +  
3.1 Көліктік + + +  
  Халықаралық көлік қатынас жолдары, км + + +  
  ұлттық көлік қатынас жолдары, км + + + +
  аймақтық көлік қатынас жолдары, км + + + +
  автомобиль жолдары, км + + + +
  магистраль темір жолдары, км + + + +
  құбыр желісі көлігі, км + + + +
  су көлігі, км + + + +
  ауа көлігі, км + + + +
3.2 Сумен жабдықтау көздерінің болуы + + + +
3.3 Электрмен жабдықтау көздерінің болуы + + + +
3.4 Жылумен жабдықтау көздерінің болуы + + + +
3.5 Газбен жабдықтау көздерінің болуы + + + +
4. Еңбек ресурстарының болуы + + + +
4.1 Білікті мамандардың болуы + + + +
5. Болжамды инвестициялар + + + +
6. Болжамды жобалар + + + +
7. Болжамды инновациялық жобалар + + + +
8. Жер ресурстары     +  
8.1 Ауыл-шаруашылық маңызды жерлер     +  
  Қолданыстағы ауыл-шаруашылық пайдалы жерлер:     +  
  - егіндіктер, кв.км     +  
  - егіндік бонитетінің орташа баллы, кв.км     +  
  - кен, кв.км     +  
  - көпжылдық отырғызулары бар жерлер, кв.км     +  
  - табиғи шабындықтар, кв.км     +  
  - табиғи жайылымдар, кв.км     +  
  - босатылған жайылымдар, кв.км     +  
  - ірі қара мал басына шаққандағы жайылымдар/кв.км     +  
  - суармалы ауыл-шаруашылық пайдалы жерлер, кв.км     +  
  - жайылма суару жерлері, кв.км     +  
  - суармалы инженерлік даярланған жерлер, кв.км     +  
  - суармалы емес ауыл-шаруашылық пайдалы жерлер, кв.км     +  
  қолдануға болатын ауыл-шаруашылық емес жерлер     +  
8.2 Елді-мекен жерлері + + + +
  ауыл-шаруашылық маңызды емес, өнеркәсіптік, көліктік, байланыстық, қорғаныстық және басқаларға арналған жерлер +      
  жерді қолданудың ерекше шарттары бар аймақтар + + + +
  ерекше қорғалатын аумақтардағы жерлер + + + +
  сауықтыруға арналған жерлер       +
  рекреациялық маңызды жерлер       +
  тарихи-мәдени маңызды жерлер       +
  орман қорының жерлері       +
  су қорының жерлері       +
  Қордағы жерлері + + + +

Ескертпе: + - экономика салалары үшін қолданылатын критерийлер.

 

Бұл әдістеме Қазақстан Республикасында алғаш рет сынақтан өтетіндіктен, мамандануды дәлелдейтін критерийлерге Бас схеманың жобалық шешімдерін жетілдіру үшін қосымша толықтырулар енгізу мүмкін.

 

Осымша

 

Ескертпе: бұл қосымша ақпараттық-анықтамалық сипатта беріліп, Қазақстан Республикасы аумағында бұдан бұрын болған микроаудандастырудың көрінісі ретінде келтіріледі.

Қоныстандыру және аудандық жоспарлау мақсаты үшін КСРО аумағын аудандастыру жөніндегі Ұсынымдарға сәйкес Қазақстандық экономикалық ауданның экономикалық микроаудандарын жіктеу. Қала құрылысының ОГЗЖИ. 1988 ж.

Қазақстан Республикасының Қазақстандық экономикалық ауданының құрамында мынадай экономикалық микроаудандар бөлініп көрсетілген (Әкімшілік-аумақтық бөліністер түзетілген).








Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 2197;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.