Г) Өз ойларын сенімді етіп жеткізу.
А) Өз тілегінің ашық жариялануы
Б) Қарым – қатынастағы жылы қабылдаушылық.
В) Талқыланып жатқан сұрақта белсенділікті көрсете білу.
Г) Өз ойларын сенімді етіп жеткізу.
Кей жағдайларда сөйлеуші өз ниетін жасырады да, өзгені шалғытатын маневрлерді пайдаланады. Қарым – қатынастағы сенімділік субъективті шындықпен қатысты болады және сұқбаттасына деген сенім мен оның сөздеріне илануға дайын болуға негізделеді. Егер бір мәліметті жеткізуде бірнеше әдістерді қолданатын болса түсінбеушілік азаяды. Қарым – қатынастың нәтижелілігі егер ойлар дәл және түсінікті құрылса, арта түседі. Сонымен қоса, қарым – қатынас нәтижелілігінің тағы бір себебі біздің өз айтқандарымызға деген жауаптылықтан да болады.
Ендеше біз қарым – қатынастың нәтижелілігін қатынастың бір критерийі ретінде айттық. Критерийдің басқа түрін де атауға болады. Бұл – өз сезімдерін жеткізудегі сұранысты қанағаттандыру деңгейі. Көбінесе мынадай кеңестерді естіп жүреміз: «Көңіліңді түсірме!» «Қапаланба!» және т.б. Егер осындай кеңестерді бағалайтын болсақ, олар бір ғана нәрсеге шақырады: «Қазір сезініп жатқаныңды сезінбе!» Мұндай тілектер эмоционалды экспрессияның бұрмалануына себеп болады.
Бір – бірімен қарым – қатынас барысында адамдар әр түрлі көңіл – күйін бастан кешіреді. Оның үстіне эмоцияны жеткізу және көрсету жеке тұлғалар қарым – қатынасын жақсартатын бірден – бір фактор. Егер қарым – қатынас кезінде адамдар арасында әр түрлі мәселелер болса, ол адамдардың әр түрлі күй кешкендігінен емес, көбіне оны дұрыс шығара алмауынан болып табылады.
Ең көп тараған көзқарастың бірі сезім мен эмоция адамдар арасындағы қарым – қатынаста мәселелерді шешуге кедергі жасайды. Адамдар өз сезімдерін ойлы және рационалды іс жасау үшін іркіп қалып отырады. Шын мәнісінде шынайы сезімнен кету адамдардың бір – бірімен қарым – қатынасында өзін құрылымды ұстауға алып келеді. Сезімнің бұрмалануының көп тараған формасы адамдардың қатынас процесінде басқалардан түсетін мәліметтердің таңдалуында.
Адамдардың өз сезімдерін толық көрсете алатын көптеген жолдар бар. Алайда олар көбіне анық емес формада жеткізіледі.
Сезімдар жайлы аралықтағы хабарламаның бір тәсілі «риторикалық сұрақтар». Әдетте олар адамдарда тітіркенуді білдіреді. Сонымен бірге олардың көмегімен сұқбаттасының назарын өз қызығушылығына аударады және әріптесінің жауапты реакциясын пайда қылады. Мұндай тектегі сөзге мынау жатады: «Сіз қашан болсын өзіңізді өз деңгейінде ұстайсыз ба? Соны айту керек» Риторикалық сұрақтардың қолданылуы шынында адамдар қатынасында ештеңені өзгертпейді.
Қатынас процесінде сезімнің аралық берілуі сонымен бірге бұйрық және тыйым формасында да болуы мүмкін. Мысалы: «Сіз қазір – ақ менен кешірім сұрауыңыз керек!»Бұйрық және тыйымның көмегімен өзгелердің іс - әрекетін бақылай отырып, оларды шектеуге тырысады.
Сезімді көрсетудің басқа формасы – ұрсу мен балағаттау. Оны қолдану ашу және ызадан арылтады. Экспрессияның бұл формасы әдетте қарсылық пен келіспеушілікті көптеп тудырады. Бұл форма деструктивті характерге ие және адамдар қатынасына кері ықпал жасайды, көбінесе шиленіске алып келеді. Сезімді көрсетудің бұл формасының шынайы мәні өзгелерден кейбір сезімдерді жасыру болып табылады.
Тіксіну, көңіл толмаушылық, аяушылықты көрсету тұлға аралық қатынаста сөгіс пен қарсы талап үшін қолданылады. Әдетте қарсы талапта дұрыстықтын алыс жалпылық орын алады және «ешқашан», «әрқашан», «тағы да» және т.б. сөздермен беріледі. Әдеттте қарсы талапқа соған сәйкес жауап беріледі, бұл әріптестер қарым – қатынасын жақсартпайды.
Қажеттілікті көрсетуде эмоционалды экспрессияда сөгіс пен қарсы талап аз қоданылмайды.(негізінен көңіл толмаушылықты, тітіркенуді, аяушылықты және т.б) Әдетте бұл әріптес тарапынан қарым – қатынаста қарсылықты тудырады. Сөгіс пен қарсы талаптың қолдаылуы қарым – қатынас субъектісіне бұрын жиналып қалған өз сезімі мен эмоциясын шығарумен қатысты. Алайда бұл қарым – қатынаста өзара қанағаттанушылыққа апармайды.
Кей жағдайда сұқбаттас адам басқа адамда оның қандай да себептермен жағымсыз эмоциясы үшін ыңғайсыздық жхәне ұят сезімін шақыруға тырысады.
Сондықтан қарым – қатынаста ирониялық, сарказмдік нұсқау қолданылады. Иоронияны қолдануда сөйлеуші өз әріптесінің «алыстауын» ғана қалап қана қоймайды, сонымен бірге өзіндегі көңіл – күйді де көрсетуді көздейді.
Ирониялық ескертулер шынайы сезімдерді бүркемелейді, реалды көңіл – күйді тежеп тастайды. Адамның өзіне деген де ирония да болады, ол өз көңіл - күйінің көрінісін төмендетеді.
Адамдар арасындағы қарым – қатынас процесінде өте кең қолданылатын нәрсе – мақтау мен көтермелеу болып табылады. Әдетте онда өзге адамдарға қатысты кейбір бақылаушылық жинақталады, сонымен бір сәтте ол эмоционалды экспрессияның бір формасы болып табылады.
Қарым – қатынастағы өз сезімдерін атау да жиі қолданылады. Бұл әдісті дұрыс қолдану үшін сіздің әріптесіңіз қарым – қатынас кезінде осы әдістің қолданылуында өзін қолайлы сезінетінін білу керек.
Қарым – қатынас процесінде адамдар кім болғанына қарамастан, басқарушы немесе бағынушы немесе жай іскер және басқа әріптес болсын, ең маңызды мән бір – бірін тану және қабылдау болып табылады. Мұның негізінде адамдар аралық қатынастың белгілі бір түрінде адамдардың белсенді іс - әрекеті жатады.
Дата добавления: 2015-11-18; просмотров: 965;