АЛҒЫСӨЗ
Қазақстандық қоғамның дамуының қазіргі кезеңі ізгілендіру, орталықтандыру және субьектілік идеяларына негізделген тұлғаның тәрбиесіне жоғары назар аудару бағытымен сипатталады. Жан-жақты дамыған тұлғаға, оның қабілеттіліктері мен дарындылығына, тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу мен жетілдіруге қамқорлық мемелкет дамуының міндетті шарты болып табылады. Осы басымдылықтар отандық білім беру жүйесінде өзекті болып табылады және базалық педагогикалық пәндер бағдарламасының мазмұныныа беріледі.
«Тәрбие жұмысының теорисяы мен әдістемесі» курсы бойынша «Білім» тобындағы мамандықтардың мемелкеттік жалпыға міндетті білім стандартарына сәйкес және 12-жылдық мектептің мұғалімдерін даярлауға бағдарланып жасалған.
Лекциялық курс білім саласындағы мемлекет саясатының Қазақстан Республикасының азаматы ретінде білімалушылар тәрбиесінің тұтастығына және оның конститутциялық құқығын қамтамасыз етуге бағыттылығын ашып көрсетеді.
Лекциядағы материалдарға нормативті негізін болатын білім беру саласындағы жетекші құжаттар ҚР «Білім» туралы Заңы (2007ж.), Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011 – 2020ж.ж. арналған Мемлекеттік бағдарламасы, ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасы, ҚР білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің 2006-2011ж.ж. арналған кешенді бағдарламасы, Қазақстанда білім беру деңгейінің әлемдік стандартқа сәйкестігін, тәрбиелік үрдістің көпқырлылығы мен интерактивтілігін қамтамасыз ететін халықаралық мәндегі және отандық дәстүрлі әрі қазіргі әлемдік тәжірибе негізінде тәрбиенің мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағдарлағнағ құжаттар құрайды.
Ресми құжаттарда өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудің міндеттері білім беру мекемелерінде тәрбиелік жүйенің жаңа моделін дайындаудан және стратегиялық басымдылықтарын аняқтаудан, жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасаудан; баланың ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтауынан, тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құқытарын іске асырудан көрінеді.
Осыған байланысты болашақ мұғалімнің маңызды міндеті – рухани және дені сау, әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру үшін кепілдік жағдай құру, тәрбие технологиясын, тәрбие жұмысының әр түрлі бағыттарын ұйымдастырудың әдістері мен формаларын меңгеру. Қазіргі білім беру кеңістігінің стратегиялық мақстатын шешу мұғалімнің іс-әрекеттегі құзіреттілігіне байланысты болады.
«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» лекциялық курсының құрылымы мен мазмұнында ізгілендіру идеясының негіздеу ескерілген, теориялық және әдістемелік кешенде құрылған және тәрбие үрдісінде жалпы адамзаттық ізгілік құндылықтар басымдылығында, тұлғалық-бағдарлық, тұлғалық-іс-әрекеттік, аксиологиялық тұрғылар жүйесінде жүзеге асырылған.
«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» лекциялық курсының мақсаты – тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру технологиясын, тәрбие үрдісінің негіздерін танып білуде болашақ мұғалімдердің кәсіби-педогоикалық құзіреттілігін қалыптастыру болып табылады.
Лекция курсының міндеттері:
-студенттерге оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының әдістемесі мен технологиясы саласында кәсіби – педагогикалық құзыреттілікті меңгеруді мақсат етіп ұстануды дамыту;
-тәрбие теориясы бойынша білімдерін кеңейту және тереңдету;
-студенттерге жалпыпедагогикалық және арнайы құзыреттіліктерді: мақсаттылық, жобалаушылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтілік, диагностикалық, аналитикалық және т.б. қалыптастыру;
-студенттерді оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында үздіксіз креативтілігін дамытуға ынталандыру.
«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсын оқыту барысында студент төмендегідей:
-тәрбие жұмыстарының мәні, мақсаты мен міндеттері;
-мектеп пен социумның тәрбиелік жүйесі;
-сынып жетекшісі іс-әрекетінің жүйесі мен бағыттары;
-педагогикалық ынтымақтастық әдістері;
-балалар ұжымы;
-тәрбие жұмысының формалары, әдістері, құралдары;
-тәрбие технологиялары;
-тәрбие жұмысының және ұжымдық шығармашылық іс технологиялары;
-оқушылардың тәрбиелілік деңгейлерінің және тәрбие жұмысының диагностикасы туралы білімдерді меңгеруі тиіс.
«Тәрбие жұмысының теорисы мен әдістемесі» лекция курсын оқыту барысында студенттерге келесі біліктіліктер мен дағдылар қалыптасуы керек:
-сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау;
-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;
-балалар ұжымын қалыптастыру және оның жағдайын диагностикалау;
-балалар мен тәрбие жұмысында ҰШ-ті ұйымдастыру және тәрбиенің инновациялық технологияларын пайдалану;
-қиын балалармен жұмыс және оның диагностикасы;
Ата-аналармен және қосымша білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттестік;
-оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру;
-ата-аналар жиналысын дайыгндау және өткізу;
-дарынды балалармен жұмыс;
-мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстары.
Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 3525;