Дістемелік нұсқаулар. Сынып жетекшісі – сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырушы

Сынып жетекшісі – сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырушы. Сынып жетекшісінің қызметі. Сынып жетекшісі қызметінің негізгі бөлімдері. Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: оқу құралы.-Алматы:Дарын, 2004 ж

2. Воспитание детей в школе: Новые подходы и технологий/под ред.Щурковой Н.Е.-М., 1998 г

3. Воспитательная работа проблемными учащимися. Планирование. Мониторинг развития учащихся. Разработки занятий с педагогами и родителями-М,изд:учитель, 2007 г

«Педагогика технологиясы», «тәрбие технологиясы» ұғымдары, ерекшеліктері. Тәрбие жұмысын жүзеге асырудың теориялық, әдістемелік және технологиялық деңгейлері. Тәрбие технологияларының өзіндік белгілері. Тәрбие технологиясы туралы түсінік.

«Педагогика технологиясы», «тәрбие технологиясы» ұғымдары, ерекшеліктері. Тәрбие жұмысын жүзеге асырудың теориялық, әдістемелік және технологиялық деңгейлері. Тәрбие технологияларының өзіндік белгілері. Халықаралық балалар ынтымақтастығын нығайту және дамыту бойынша жұмыстардағы инновациялық тәрбиелік технологиялар.

Теориялық білімнің дәйектілігі тәжірибеде анықталады. Бұған технология ұғымы бірге қарастырылады. “Технология” сөзі “техно және “логос”, яғни “өнер”, “шеберлік” және “ғылым” сөздерінен құралған. Бұл термин көбінесе өндірістік салада көп қолданылады. Өндірістік тұрғыдан алғанда, технология – түрлі ғылыми жетістіктерді енгізудің тәсілі мен нәтижесі. Кез-келген іс-әрект негізінде технология және өнерлік сипат болады. Өнер – интуицияны, технология – ғылымды арқау етеді.Технология жоқ жерде жеке шеберлік үстемдік етеді. Дегенмен”ұжымдық шеберліктің” жинақы көрінісі технологияға айналады.

Тәрбие ордасы мектеп пен өндіріс түсініктері бір-бірінен алыс емес. Екеуі де белгілі тапсырысты орындайды, сәйкес материалдық базасы болуы қажет. Тәрбие жүйесі қоғамдық мақсаттар жолында материалдық базаны іске қосып, оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуге, сондай-ақ педагогтар ұжымына арналған процестер бағдарын құрастырады. Ерекшеліктері:

ü Тәрбие процесін жеке операцияларға бөлуге болмайды, сондықтан ол – біртұтас.

ü Біртұтас болғандықтан тәрбие жалпы технологияға негізделгенімен жеке шеберлікпен ұштасады.

ü Тәрбие технологиясы барлық тәрбиешілерге ортақ.

Қазіргі кезде жеке интуитивті жасалған әдістерден гөрі, ғылыми негізделген жаңа технологиялар бойынша жұмыс істеу өз нәтижесін көрсетіп отыр. Тәрбие бойынша тұлғаның жеке-дара қасиеттерін қалыптастыруға көп көңіл бөлініп, тұлғаны жан-жақты, үйлесімді дамыту принципі кейінгі кезде бұзылды. Бұл олқылықты толықтыру бағытында тәрбие технологиялары мына талаптарды орындайды:

1. Тәрбиеленушілерге үш бағытта: санасына, сезіміне, қылықтарына әсер ету;

2. Тәрбие және өзіндік тәрбиенің бірігуі арқылы дұрыс нәтижеге қол жеткізу;

3. Тәрбиеге қатысты барлық формалардың бірлігі мен реттілігі – кезек күттірілмес шарттылығында;

4. Тәрбиеге комплексті қарау тәрбие процесінің және оны басқарудың жүйелілігін талап етеді. Бұнда тәрбиедегі сыртқы және ішкі факторлар, олардың өзара байланысы міндетті түрде ескерілуі қажет.

Тәрбие технологиясын жүзеге асыру, бірнеше кезеңдер арқылы жүргізіледі және олар кез-келген тәрбие істерінде қолданылады:

І. Мақсатты анықтау.

ІІ. Жоспарлау.

ІІІ. Дайындық және ұйымдастыру.

ІҮ. Жұмыстың міндетті түрде іске асырылуы немесе барысы.

Ү. Нәтижелерді талдау.

Жасөспірімдердің білімі қалыпты болса да тәрбиесі жеткіліксіз болуының қоғамға тигізер кесірі мол. Қоғам өркендеп, заман көркейгенмен жаны азған, тілден, діннен безген, арбау мен алдау, кісі өлтіру мен ұрлық, әділетсіздік пен қайырымсыздық сияқты келеңсіз жағдайлардың кездесуі - ата-ана, мектеп, жұртшылық тарапынан тәрбиенің кеміс түсіп жатқанының айғағы. Сондықтан қазіргі таңда мектептің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі - білім берумен қатар тәрбие жүйесін жетілдіру. Жалпы білімді ізгілендіре отырып, тәрбие беру жолдары қандай? Тәрбие беру жолдарын қалай жетілдіруге болады? Міне, педагог қауымды ойландырып отырған осындай мәселелер Ш.Жексенбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасында төмендегідей жолдармен шешімін табуда.Мектептегі тәрбие жүйесі Қазақстан Республикәсындағы білім беру мекемелерінің 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасына негізделіп құрылған.Тәрбие мәртебесін көтеруді көздейтін бағдарлама мектептің алдына жүктейтін міндеттерді, мақсатын, ұстанымдарды өзінің айқындығымен, нақтылығымен жандандыра түседі.Тәрбиенің негізгі мақсаты - жеке тұлғаны дамытудағы толыққанды, парасатты, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер азаматтың бейнесін қалыптастыру. Мектепте осы негізде тәрбие жұмысын жүзеге асыратын диагностикалық талдау жасалынып, жоспар жасалды және оны жүзеге асыратын тәрбие орталықтары құрылды. Осы тәрбие орталықтары арқылы тәрбие беру бағытында жүргізілетін жұмыстар жолға қойылған.Бұл орайда ата-аналар комитетінің ролі айрықша. Мектеп жанынан құрылған ата-аналар комитеті бала тәрбиесіне ықпал етуде көптеген игі істердің бастамасы болуда.Орта мектеп пен жанұяның тәрбие берудегі біріккен іс-әрекеттерінде әртүрлі әдістер қолданылады. Оны екі топқа бөлуге болады: бірінші әдістерге оқушыларға ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру арқылы әсер ету жатса, екіншісіне - тікелей әсер ету жатады. Бірінші топқа ата-аналар жиналысын жатқызуға болады. Ата-аналардың жалпы жиналысында тәрбие беру шараларын өткізудің маңыздылығына тоқталып, балаларға тәрбие берудің жолдары айтылады. Ақпарат мазмұнында мектеп оқушыларының мінез-құлқына қысқаша талдау жасау сипатында болады. Сыныптағы ата-аналар жиналысында балаларға тәрбие берудің жас ерекшеліктеріне тоқталуға, сыныпта осы бағытта жүргізіліл жатқан жұмыстармен, кейбір заң актілерімен таныстыруға болады. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің басқа түрі тәрбие мәселелері бойынша дәрістер оқу, әңгімелесу, педагогикалық өзіндік білімін көтеруге арналған нұсқаулар, балаларға адамгершілік-құқықтық тәрбие беру жөнінде нақты тапсырмалар беру, адамгершілік-құқықтық тақырыптардағы әдебиеттерді ата-аналармен бірлесіп талқылау болып табылады. Ата-аналар мен мұғалімдердің жеке кездесулерінің пайдасы көп. Кезбе-кез кездескенде ең жан ауыртатын, құпия, басқа адамдардың көзінше айта алмайтын сырларын бөлісе алады Осындай әңгімелесуде жасөспірімдердің тәрбиесіне жағымды әсер ететін әдісті табу оңай болады.Ата-аналарға балалардың жас ерекшелігіне сай білімін, педагогикалық мәдениетін көтеруде лекторийлар, тақырыптық оқулар ұйымдастырылған. Жанұялық жарыстар "Шаңырақ", "Әкем және мен", "Жарасымды отбасылар" сайысын өткізу дәстүрге айналды. Мұндай жарыстар ата-аналарды мектеппен жақындастырып, оқушыларға жан-жақты тәрбие беруде қолайлы әлеуметтік орта қалыптастырады. "Сіз қандай ата-анасыз?" деген анкета, "Бала тәрбиесі баршаға ортақ", "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі", т.б тақырыптағы дөңгелек стол, кездесу кештері бала тәрбиесіне үлкен ықпал етеді. Сабақтан себепсіз қалған оқушылармен, олардың ата-аналарымен жекелей жұмыс, "Ашық есік күнін" өткізу өз нәтижесін берері хақ.

Тәрбиелік қарым-қатынаста оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін ғылыми тұрғыда үйымдастырудың маңызы зор. Осы мақсатта ортақ іс-әрекет арқылы мұғалімдер ұжымы мен оқушылар үйымының бірігуі нәтижесінде баланың бос уақытын тиімді пайдаланудың ұтымды нәтижелері жасалады. Оқушылар кеңесі оқушылардың өзін-өзі басқару мектеп өмірін демократияландыру, мектеп істеріне қатысу, түрлі танымдық кештер, іскерлік ойындар, көгалдандыру, бірігіп танымдық жорықтарға шығу оқушылардың белсенділігін, еркін, ұжымдық іс-әрекетін дамытуда үлкен роль атқарады. Айына бір рет кеңес отырысын өткізіп, алдағы атқарар істерін оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып шешеді.

Мектептің тәрбие жүйесі тек қана педагогикалық фактор есебінде емес, ауыл жұртшылығы, жастар бірлестігі, ақсақалдар кеңесі, кәсіпкерлер, мәдениет қызметкерлері, құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Осындай қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, тақырыптык, кештер, қайырымдық көмектер, мерекелік концерттер, мамандармен кеңес, конференциялар өткізіліп отырылады. Сонымен қатар оқушыларға ұлттық тәрбие беру бағытында ауыл ақсақалдары мен аналармен кездесу кештері болып тұрады.

Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізуде көркемөнерпаздар (хор, домбыра), "Ісмерлер", "Шеберқолдар", "Шұғыла" би үйірмесі, футбол, баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, күрес, қазақтың ұлттық ойындары секциялары жүргізіледі. Оқушылардың 80 пайызы осы үйірмелерге қатысады.

Сынып жетекшісі - тәрбие жұмысының негізгі ұйтқысы. Сынып жетекшісінің әдістемелік шеберлігін нығайтуда әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарын жасамас бұрын сынып жетекшілерінің диагностикалық картасы жасалады. Осыған сүйене отырып бірлестік жоспары құрылады. Бұл сынып жетекшілерінің қажеттілігін қанағаттандыруға оң ықпал етіп, тәрбие жұмысының белсенді әдіс-тәсілдерін меңгеруге, өз білімдерін жетілдіруге қол жеткізді. Сонымен қатар мектепте тәрбиелік шараларды еткізудің интерактивті түрлері қолданылады.

Халықаралық балалар ынтымақтастығын нығайту және дамыту бойынша жұмыстардағы инновациялық тәрбиелік технологиялар.

Нег.ұғ: педагогикалық технологиялар, тәрбие технологиясы, теориялық, әдістемелік және технологиялық деңгейлер, жоспарлау, ойын, ұжымдық шығармашылық іс.

 

 








Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 4927;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.